Бір өкпелі балықтар

Бір өкпелі балықтар
Nеосегаtоdіиs деп аталатын бір туысы және Сегаtойіdае деп аталатын бір тұқымдасы ғана белгілі. Өкілі неоцератод (N.fозtегі). Бұл ұзындығы 175 сантиметрге жететін осы кездегі қос тынысты балықтардың ең ірісі Солтүстік Шығыс Австралиядағы Квинсленда өзенінде тараған. Өкпесі айқын екі бөлімге бөлінбеген бір өкпе қапшығынан тұрады.

Желбезектері жақсы дамыған. Неоцератод бір мезгілде өкпесімен де желбезегімен де, немесе әрқайсысымен жеке тыныс ала алады. Сондықтан олар басқа балықтар тіршілік ете алмайтын, өсімдік өте қалын, өскен суларда да тіршілік ете алады. Жазда су тартылып, оның ішін-дегі өсімдіктер шіріп, судағы оттегі мейлінше азайған кезде, неоцератодтар тек қана өкпесімен тыныс алады. Ол кезде балық судан басын жиі шығарып, ауа қабылдайды. Күзде олардың мекендеген суларына жаңа сулар қосылған кезде өкпенін, қызметін желбезек атқарып, қанның тотығуы желбезек арқылы орындалады. Олар құрғап қалмайтын суларда тіршілік етеді де, ұйқыға жатпайды. Су түбіне жақын қабатта, көбінесе су тубінде кездеседі. Шаян тәрізділермен, моллюскалармен және құрттармен қоректенеді. Көбінесе сентябрь мен октябрь айларында көбейеді. Жұмыртқасын су өсімдіктерінің арасына сала-ды. Шабақтары ешбір өзгеріссіз дамиды, олардың сыртқы желбезектері болмайды.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *