Білім беру мазмұның ұғым тұрғысында айқындау
Білім беру мазмұның ұғым тұрғысында айқындау. Педагогикада білім негіздерінен бастау алған білім беру мазмұны күрделі көп аспектілі ұғым. Білім берудің жалпы анықтамасы -тұлғаның өмір жолында өзін-өзі дамытуға, мүмкіншілігін жете білуге бағытталған кең таңдау процессі (А.Г. Асмолов).
Демек білім беру адамның дүниені тану процессін қалыптастыру арқылы жүйелі біліммен іс-әрекет тәсілдерін игеру, дағды, іскерлік, сезім және ақылын дамыту жеке тұлғаны қалыптастыру нәтижесі.
Білімді адам деп — қабілеті өте жоғары дамыған көп жағдайларды түсінетін кей кезде оқығанын қолдана білетін білімді дұрыс ойлай алатын жоғарғы қасиетті адам. Көріп отырғанымыздай білім беру ұғымы тек қана оқытудың нәтижесі білім, іскерлік және дағды ғана емес, сын көзбен қарап ойлай білетін айналадағы құбылыстарды адамгершілік тұрғысынан бағалай білетін адамның өзіне деген қарым-қатынас іс-әрекетін шексіз өрістету.
Бұған адамды іс-әрекеттің маңызды түріне кірістіру жолымен қол жеткізуге болады. Осыдан барып білім беру ұғымының астары ұйымдастырылған нормаланған процесс (және оның нәтижесі). Өткен ұрпақтың әлеуметтік мәнді тәжірибесін келесі ұрпаққа ұнемі беріп отыру және жеке тұлғаны әлеуметтендіру және генетикалық бағдарламаға сәйкес тұлғаның қалыптасуы.Сонымен білім беру мазмұны жеке тұлғаны дамыту және базалық мәдениетін қалыптастыруда негізгі құрал болып табылады. Дәстүрлі педагогикада көбінесе мектептің білім беру қызметін бағдарлы жүзеге асырумен білім беру мазмұнын анықтау, білім беруді жүйелеу, іскерлік, дағды, көзін жеткізу.
Сондай-ақ танымдық күшін дамыту және тәжірибеге дайындау, оқу-тәрбие жұмысының нәтижесінің жеткен жетістігі. Бұл бағдарлы білім беру тұрғысы мазмұнның мәнін анықтайды. Мұндай жағдайда білім — тарихи тәжірибені іздестіру процесінде жинақталған адамзаттың рухани байлығының көрінісі жеке тұлғаны әлеуметтендіруге мүмкіншілік туғызу адамның социуиға енуі.
Ғалымдардың айтуынша білім бағдарлы тұрғысы білім беру мазмұны үшін құнды болып табылады. Бағдарлы білім беру мазмұны тәртіп белгілеу, идеологияландыру білімнің ғылыми ядросын академизмдеуге алып келеді. Білім берудің мазмұны мен мәнін ашуда соңғы он жылдықта білім беруді ізгілендіру идеясын жүзеге асыру барысында тұлғалық бағдар бірінші орынға қойылды. Білім мазмұны туралы И.Я. Лернер, М.Н. Скаткин, В.С. Леднева, Б.М. Бим-Бад, А.В. Петровский еңбектерінде баяндалған. Жеке тұлғаның жан-жақты дамуы мен қалыптасуын И.Я. Лернер мен М.Н. Скаткин білім мазмұнының теориялы тұрғыда білім, іскерлік, дағды жүйесін түсіндіруде шығармашылық іс-әрекетпен ерікті сезім тәжірибесін меңгеруді және қоғамның мәдени-рухани материалдық байлығын дамытып және оны сақтауды ұсынды. Бірқатар елдің педагогтары (АҚШ, Англия, Франция т.б.) жеке тұлғаға «жалпы адамзаттық тәрбие» беруде, табиғи құбылыстарды және қоғам өміріндегі жағдайларды олардың өзара байланысын түсіндіруде оқушылардың жұмысын ұйымдастыруда оқу пәндерін кіріктіруді негізге алып отыр
Бұл кіріктіру идеясы басқа әртүрлі елдерде жүзеге асырылған. Совет мектебі ұзақ уақыт бойына оқушылардың жалпы білім беретін дайындығын көтеру міндетін шешуде оң жетістіктерге жеткен.
Ғылым мен техниканың мәдениеттің даму деңгейіне сәйкес білім мазмұнын анықтауда жастарға жалпыға бірдей орта білім беруге көшуді қамтамасыз ету оқу жоспарын, оқу бағдарламасын және оқулықтардың жетілдіруі жүргізіледі.
Білім беру мазмұнында жаңаруы мектептің күрделі міндетімен байланысты, негізгі кемшілігі сол білім мазмұнының жиі өзгеруі эмпирикалық деңгейде қайта құру теориялық негізсіз, ешбір болжаусыз жүзеге асылуы. Жалпыға бірдей орта білім беру мазмұны қазіргі теориялық тұжырымдама тұрғысынан қоғам талабы, адам нені білу керек, қандай сапалық қасиеттерді меңгеруі тиіс екендігі айтылған. Нақты тарихи, қоғамдық-экономикалық жағдайда жасөспірімдерді дайындауға қойылатын әлеуметтік талап анықталады.
Қазіргі жағдайда қоғамның әлеуметтік тапсырысы, оның жалпылама түрде халықтың көпшілігі ғылым жетістіктерімен, мәдени құндьшықтармен, сапалы жоғары білімді адамдардың акыл-ой дене еңбегі жағынан қоғам өміріне белсене араласатын жеке тұлғаны жан-жақты қалыптастыру. Білім беру мазмұнын оқыту арқылы игерілген тәжірибені әріқарай дамытып әлеуметтік мәдени мазмұны ересек ұрпақтың тәжірибесін келесі ұрпаққа беруді қамтамасыз ету. Ю.К. Бабанский ғылым мазмұны негіздерін совет педагогикасында төмендегі өлшемдер бойынша таңдады:
1) Ғылым туралы толық мағлұмат беру үшін білім мазмұнының негізгі теориялары, заңдары және ұғымдарын тұтас түсіндіру, өлшемі.
2) Білім беру мазмұны материалының жоғары ғылыми және тәжірибелік мәнін мектептегі оқылатын, өздігінен білімін көтеретін материалдарды әрбір пәнге және оқу пәндер жүйесін енгізу.
3) Білім мазмұнының күрделігі оқушылардың жас ерекшелігімен оқу мүмкіншілігіне сай болуын қарастыру өлшемі.
4) Әрбір пәнді оқытуға берілген мерзімі білім мазмұнының көлемімен сәйкес болуы.
5) Жалпыға бірдей орта білім беру мазмұнын құруда дүниежүзілік тәжірибені ескеру.
6) Қазіргі кездегі мектептің оқу-әдістемелік және материалдық базасымен білім мазмұнының сәйкес болуы.