Бюджеттен тыс қорлар

Бюджеттен тыс қорлар, олардың мағынасы

Бюджеттен тыс қорлар дегеніміз мемлекеттік органдардың қол астындағы және мақсатты түрде қолданылатын ақшалай ресурстардың жиынтығы.

Бұл қорлардың дұрыс құрылуы мен пайдаланылуы қарастырылған құқықпен реттеледі. Бюджеттен тыс қорлар мақсатты қолданылуына байланысты экономикалық және әлеуметтік, ал басқару деңгейіне байланысты мемлекеттік және аймақтық болып бөлінеді.

Экономикалық, қорларға экономикалық даму мәселелерін шешуге арналған қорлар жатады.

Әлеуметтік қорларға коғамның әлеуметтік мәселелерін шешуге арналған қорлар жатады.

Мемлекеттік қорларға мемлекеттік деңгейде құрылған қорлар, ал аймақтық қорларға аймақтық деңгейде құрылған қорлар жатады.

Бюджеттен тыс қорлардың көздері бірқалыпты және уақытша болуы мүмкін.

Бюджеттен тыс қорлардың ақшалай қаражаттары мынадай негізгі бағыттарға жұмсалады:

— жарғылық қызметі;

— артық ақшаның белгілі бір үлесінің қаржылық активтерге инвестициялануы;

— коммерциялық қызметі.

Бюджеттен тыс қорлар мемлекеттік қаржылардың бір буыны болып табылады. Бюджеттен тыс қорлар өзінің, мәні бойынша мемлекеттің кейбір қоғамдық қажеттіліктерді қар жыландыру үшін тартатын және жедел түрде кешенді жұмса латын каржылық ресурстарды пайдалану және қайта бөлу нысаны болып табылады.

Тағайындау — қаражаттардың аударымдары есебінен мақ­сатты шаралардың каржыландырылуы:

а) арнайы мақсатты салықтар есебінен;

б) зайымдар мен ақшалай-заттай лотереялар есебінен;

в) бюджеттен алынған субсидия есебінен;

г) қосымша табылған кірістер мен үнемделген қаржылық ресурстардың есебінен;

д) заңды және жеке тұлғалардың ерікті жарналарынан.

Бюджеттен тыс қорлардың көмегімен мыналар асырылады:

— отандық кәсіпорындарды қаржыландыру, несиелеу арқылы өндірістік процеске әсер ету;

— қоршаған ортаны ластағаны үшін алынған айыппұл мен арнайы белгіленген көздер есебінен табиғатты қорғау шараларын жүргізу;

— әлеуметтік инфрақұрылымды қаржыландыру, субсидиялау, зейнетақы, жәрдемақы төлеу арқылы халыққа әлеуметтік қызмет көрсету;

— зайымдар беру.

Бюджеттен тыс қорлардың кызмет етуі орталық, реслубликалық және жергілікті мемлекеттік билік органдарының басшылығымен ұйымдастырылады.

Бюджеттен тыс қорлар белгілі бір жеңілдіктерге ие бола алады:

а) салық төлеуден босатылуы;

б) кеден баждарын төлеуден босатылуы (коммерциялық кызметтегі жеңілдіктерден басқа).

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *