Беріліс қорабындағы өзгерістер

Шағын тежеуіш. Беріліс қорабының жетек (негізгі) білігіне орнатылған шағын шығару тежеуішінің тиімділігін арттыру үшін фрикциялы бастырмасы бар лента қолданылады. Бұрынғы конструкцияның шарын тежеуіші жетек білікті 2—3,5 секундта, ал соңғы конструкция тежеуіші 1,2 секундта тоқтатады.

Сигнализатор. Беріліс қорабына сигиализатор енгізілген (175-сурет), ол қо-

175-сурет. Беріліс қорабының сигнализаторы:

1 — блокировкалауыш білікшенің кішкене рычагы; 2 — тірек рычаг; 3 — кнопкалы қосқыш; 4 — қосқыштың өткізгіш сымы; 5—“массаның” өткізгіш сымы; 6 — блокировка білікшесі.

рап қоршауының білікшесінің кішкене рычагына 1 орнатылған. Сигнализатор жұлдызшалардың іске толық қосылуын бақылауға арналған. Егер жұлдызшалардың біреуі толық қосылмай қалса, кнопкалы қосқыш іске қосылады да, дыбыстық сигнал беріледі. Сигнализатор сым арқылы прибор қалқаншасының сигнал беру релесінің К клеммасына жалғастырылған. Дыбыс сигналын естіген комбайншы рычаг 4(144-суретті қараңыз) арқылы жұлдызшаны толық қосуға тиіс. Жұлдызшалар толық қосылған кезде дыбыс

сигналы ажырайды.

Іліністі эксплуатациялық реттеу. 106-суретте берілген тартпа штоктан және реттеуіш ашадан тұрады. Егер болттың 7 көмегімен берілісті дыбыссыз қосуға (ілініс “қосады”) қол жеткізу мүмкін болмаса, онда ашаның гидроцилиндр штогындағы қалпын қысады; ашаны рычагтан ажыратады; ашаны штокқа сәйкес бұра отырып, шток поршенінің гидроцилиндр түбіне келіп түсу кезінде аша мен рычаг тесіктері беттесетін қалыпқа келтіреді; аша мен рычагты жалғастырады. Егер бұл реттеу де нәтиже бермесе, онда қондырма реттеу колданылады.

1977 жылдың аяғынан бері реттеу механизмінің конструкциясына мынадай өзгерістер енгізілді: а) тартпаның ашасы (106-суретті қараңыз) реттелмейтіндей етіп жасалды, осыған орай поршеннің атқарушы гидроцилиндр ішіндегі жүрісі реттелмейді; б) беріліс қорабын реттеуіш тірек болты 1 (176-сурет) бар кронштейн пісіріп дәнекерленген. Болт 1 іске қосылған рычагтың жүрісін шектейді. Эксплуатациялық реттеуді орындаған соң тірек болт 1 (176-сурет) пен рычагтың З арасындары қащықтықты тексереді. Ол 162 миллиметрге тең болуға тиіс. Қажет болған жағдайда мұндай ара қашықтықты болтты 1 бұрай отырып жасауға болады. 62-миллиметрлік ара қашықтық іліністі толық ажыратуды қамтамасыз етеді.

Дұрыс реттелген шағын тежеуіштің саңылауы 176-суретте көрсетілгендей, 4—5 (ілініс қосулы кезде) болуға тиіс.

  

 

176- сурет. Жүріс бөлігі мен тежеуіш ілінісін реттеуге арналған құрылғы.

1-ілініс ажыратылған ,ә-ілініс қосылған,1-тірек болт,2 және 5-тіректер,3 және 6-рычагтар 4-қарсы гайкалы гайка.

Читайте также: