Бактериялардың қозғалуы

Бактериялардың қозғалуы. Қозғалу қабілеті негізінен бактерия-лар дүниесіне тән қүбылыс емес. Бұлардық кейбір өкілдері ғана өздігінен қозғалуға бейімді келеді.

Бактериялар протоплазмалык талшыктары арқылы козғалады. Бұл талшықтар кәдімгі микроскоппен қарағанда керінбейді де электрондық микроскоппен қарағанда өте жақсы көрінеді. Жалпы алғанда бактерия талшықтарынын. ұзындығы клетканың денесінен аспайды, тек кейбір бактерияларда ғана ол клеткадан бірнеше есе асып түседі.
Бактерия клеткаларындағы талшықтардың саны түрліше болады. Егер бактерияның бір ғана талшығы болса — монотрихты, бірнеше талшығы болса — лофотрихты, талшық бактерия денесін түгел.
Талшықтанудың соңғы турі бакте-риялардың басым көпшілігінде кездеседі (5-сурет).
Бактерия клеткасы талшығының жиырылуынан қозғалады. Егер талшық клетканың бір ұшында орналасса бактерия тіке бағытта қозғалады да, де-несінде жаппай орналасса (перитрихты) — клетка тәртіп-сіз қозғалады.
Спора түзу барысында талшьқтар түсіп қалады. Бактериялардың қозғалысына темпе-ратураның жоғарылауы мен төмендеуінің түрліше әсері бар. Сонымен қатар ортада әр түрлі улы заттардың болуы талшық-тардың қимылдау қабілетін жояды.
Бактериялардың қозғалу жылдамдығы түрліше болады. Мәселен, пішен таяқшасы секундына 10 микрон, оба вибрионы — 30 микрон, ал қозғала алатын басқа түрлері осы уақытта шамамен 2—10 микрондай қашықтыққа қозғала алады.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *