Агавалар тұқымдасы

Агавалар тұқымдасы
Бұл тұқымдасқа 10 туыс, 400-дей түр жатады. Талшықты жөне сәңдік ағаштар, барлығының тамырсабағы болады. БОР-да негізінен ылғалды субтропикаларда өсіреді кіндіктамырлы немесе тамырсабақты өсімдіктер; біреулерінің діңі қысқа, ал екіншілерінікі жақсы жетілген жөне жуаңдап өсуге қабілетті болып келеді. Сабағы қысқа болып келетін түрлерінің жапырақтары жиналып жертаған түзеді, жіңішке, көп жағдайда жуан, етжеңді болып келеді.

Гүлдері үлкен гүлшоғырына — масақтарға жөне сыпырғыларға жиналады; қосжынысты (сиректеу даражынысты), актиноморфты немесе аздап зигоморфты, гүлсерігі күлте жапырақшалардан түрады. Біреулерінің күлте жапырақшалары бос орналасады, ал екіншілерінікі біріккен болып келеді. Аталықтары екі шеңбер түзеді жөне олар жапырақшаларымен бірігіп кетеді. Гүлтүйіні жоғарғы немесе төменгі, әдетге 3 ұялы, жатынның түзілуі (плацентация) орталық бұрыштамалы, тұқым бүршігі көп немесе біреу болып келеді. Жемістері қауашақтар жөне жидектер. Гүлінің формуласы.
Агава . Үлкен суккулентті көпжылдық өсімдік, жапырақтары етженді, үлкен (ұзындығы 80—170 см, ені 10— 15 см болатын), шеттеріңде сиректеу орналасқан тікенектері болады, жоғарғы ұшы жіңішкеріп, агаштанған қоңыр тікенмен аяқталады. Өмірінде бірақ рет гүлдейді (6—15 ж.).Гүл беретін атпа сабағы (цветочная стрелка) үлкен болады (8 м-ге дейін барады), оның басында аса үлкен, көп гүлді сыпырғы тәрізді гүлшоғыры түзіледі. Гүлдеп болғаннан соң, гүлсағақтарының қолтығыңда пиязшықтар («лукавички») түзіледі, олар келешегіңде үзіліп, топыраққа түседі де тамыр береді. Өсімдік монокарпик болып табылады, өйткені гүлдегеннен кейін оның жер беті бөлігінің барлығы өледі, ал тамырсабағынан өркен түзіледі. Бұл үлкен туыстың көптеген түрлері (275 түр) Мексикада, Солтүстік жөне Оңтүстік Американың оған жақьін орналасқан облыстарында өседі. БОР-да агавалар (сизал мен хенекеннен басқалары) ылғалды субтропикаларда сөндік өсімдіктер ретінде өсіріледі. Агавалардың (А§ауе) экономикалық жағынан маңызы үлкен. Көптеген агавалардың жапырақтарынан, тіптен басқа жылы елдерде өсірілетін түрлерінен (А. зізаіапа, Агоигсгоусіек, А. сапіаіа, А.атегісапа), талшық алынады (сизальпенка, генекен және т.б.), олар арқан (канат), шпагат, төсеуіш және қалың маталар тоқуға жұмсалады. Кейбір агавалардың қантты шырынынан Мексикада ішімдік (алкагольные напитки «пульке») ашытады.
Юкка туысы (Үисса). Діңі қысқарған ағаш төрізді өсімдік. Жапырақтары бұтақтарының жоғарғы жағыңда топтасып орналасады. Гүлшоқтары шашақ тәрізді өте үлкен, гүлдері салбырап тұрады. Шыққан жерінде күйесімен тозаңданады; бүл өсімдік пен насекомдардың арасыңдағы таң қаларлық қарым-қатынасты көрсетеді. Жапырақтары тоқыма өнеркәсібіңде және щеткалар жасауға пайдаланылады. Бұл өсімдіктің көптеген түрлері және т.б. жақсы талшықтар береді. Оларды Грузияда, Азербайжанда және Қырымда сөңдік өсімдіктер ретіңде отырғызады.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *