XVI-XIX ғасырларда Қазақстан аумағын физикалық-географиялық тұрғыдан зерттеу
XVI-XIX ғасырларда Қазақстан аумағын физикалық-географиялық тұрғыдан зерттеу. XVI ғасырдан бастап Қазакстан туралы географиялық мәліметтер орыс мемлекетінің ресми орындарында жинактала бастады.
Ресей мен Қазакстан арасында дипломатиялық, экономикалық байланыстардың орнауына байланысты патша үкіметі қазақ жері туралы деректерді арнайы жіберілген елшіліктер арқылы да, саудагерлер мен саяхатшылар арқылы да жинады. Осылардың нәтижесінде Қазақстан табиғаты, халқы, мемлекеттік шекаралары жайында деректер толыға түсті. Сол мәліметтерге сүйеніп, Борис Годунов патшаның өтініші бойынша Қадыргали Қосынцлы Жалаири (XVI ғ. аяғы — XVII ғ. басы) («Жами ат-тауарих») «Жылнамалар жинағы» атты қазақ халқы мен оның жері туралы өте қызықты кітап дүниеге келді. Онда қазақ хандығы құрылуы жайлы тарихымен қоса, Қазақстан қалалары, өзендері мен таулары, шекаралары жөнінде кең мәлімет беріледі. XVII ғасырда Қазақстан аумағы С. Ремезов жасаған «Сібірдің сызба кітабы» атты картаға кіреді.
XVIII ғасырда орыс патшасы I Петр Қазақстанмен қарым-қатынасты күшейтуге ерекше көңіл бөлді. Қазақстан жерін Шығыс елдеріне шығатын «қақпа әрі кілт» санады. Оны Ресейге бағындырудың жоспарларын жасады. Осыган орай ол Қазақстанға әскери экспедициялар жасақтап, Каспий теңізі мен Сібірмен шекаралас өлкелерді зерттеуге тапсырма берді. 1734 жылы Орынбор экспедициясы ұйымдастырылды. 1768 жылы екінші академиялық экспедиция жасакталды. Бұлардың жұмысына П.С.Паллас, И. П. Фальк, И. П. Рычков сияқты ғалымдар қатысты. И. Муравин мен А. И. Бутаков Арал теңізі мен Сырдария бойында, Г. С. Карелин Каспий жағалауларында зерттеулер жүргізді. Қазақ жерін жалпы географиялық тұрғыда зерттеген бұл ғалымдардың еңбектерінде, жаңа деректермен қоса табиғаттың қалыптасу заңдылықтарын түсіндіруге де алғашқы талаптар жасалды. Осы және басқа материалдарды жинақтау негізінде А. И. Левшин 1832 жылы «Қырғыз-Қазақ немесе Қырғыз-Қайсақ ордалары мен далаларының сипаттамасы» атты еңбегін жазды. Мүнда Қазақстан жеріне тұңғыш рет салыстырмалы түрде толығырақ географиялық сипаттама берілді.
Қазакстан табиғатын шын мағынасында ғылыми-географиялық тұрғыда зерттеу XIX ғасырдың екінші жартысынан басталады. Бұл тұрғыда П.П.Семенов-Тян-Шанскийдің, Н.А.Северцовтің, Ш.Ш.Уәлихановтың, И.В.Мушкетовтың, А.Н.Красновтың, Л.С.Бергтің сіңірген еңбектері айрыкша.
Мазмұны
1 П.П.Семенов-Тян-Шанский
2 Н.А.Северцовтің
3 И.В.Мушкетов
4 А.Н.Краснов
5 Л.С.Берг
6 Пайдаланған әдебиет
П.П.Семенов-Тян-Шанский
П.П.Семенов-Тян-Шанский(1827-1914) — еуропалық ғалымдардың ішінде Тянь-Шань тауын зерттеген алғашқылардың бірі. 1856-1857 жылдары ол Ортальщ жәнә Солтүстік Тянь-Шаньға бірнеше экспедиция жасап, Хантәңірі шыңының бөктеріне дейін жеткен. Соның нәтижесінде ол биік таудағы қар белдеуінің биіктігін, ондағы мұздықтарды анықтап, бүл тау жүйесінде жанартау құбылыстарының жоқтығын дәлелдеді. Сол кезде Еуропа ғылымында қалыптасқан Тянь-Шань жанартау әрекеті нәтижесінде пайда болған деген ұғымды теріске шығарады. Ол Тянь-Шань тауларының бітімі мен геологиясына қатысты бакылаулар жасады. Осы саладағы ұлы еңбегі үшін ғалым СеменовТян-Шанский деген атақка ие болды.
Н.А.Северцовтің
Н.А.Северцовтің(1827-1885) Қазақстанды зерттеу Жұмыстары П.П.Семеновтың Тянь-Шаньды зерттеуімен тұстас келеді. Ол әуелде Арал теңізі мен Сырдарияның төменгі сағасына сапар шекті. Одан соң Тянь-Шаньда, Жетісу, Қызылқұм, Қаратау өңірлерінде зерттеу-бақылау жұмыстарын жүргізді, Үстірт пен Мұғалжарды зерттеді. Осы зерттеулер нәтижесінде Н.А.Северцов Қазақстан жерінде жануарлардың таралуы жайында ғылыми ой-пікірлерді кеңейтті. Жануарлардың өсіп-өнуі мен таралуына физикалық-географиялық жағдайлардың әсер ететінін дәлелдеді. Таулы өлкелердің геологиясы мен қалыптасу тарихына назар аударды. Ғалымның табиғат компоненттерінің өзара байланысы жәнө сабақтастығы туралы идеясы географиядағы экологиялық бағыттың дамуына жол ашты.
И.В.Мушкетов
И.В.Мушкетов(1850-1902) тамаша геолог болуымен қатар, физикалық география саласындағы ірі маман еді. Оның геологиялық зерттеулері физикалық географияның көп мәселелерін шешуге, табиғат құбылыстарының пайда болуы мен заңдылығын анықтауға көмектесті.
1875-1876 жылдары И.В.Мушкетов Тянь-Шаньның солтүстігі мен Жетісу (Жоңғар) Алатауына үлкен саяхат жасап, Әулиеата (қазіргі Тараз) қаласының маңын, Александр жотасын, Сусамыр өзенінің алқабын, Боаш шаткалын, Ыстықкөлді зерттейді. Сонымен қатар Ілені, Күнгей және Теріскей Алатауды бірнеше жерден басып өткен.
И.В.Мушкетов Орта Азияның физикалық географиясы мен геологиясына арналған «Түркістан» (1886-1906) еңбегін жазды. «Түркістан немесе Түркістан бассейні деген атпен, — деп жазады автор, — мен Азия материгінің батысында Мұғалжар таулары мен Үстірттен бастап, шығысында Жетісу Алатауында, Тянь-Шаньға және Памирге дейінгі, оңтүстігінде Көпетдагтан және Хорасан тауларынан бастап, солтүстігінде Шыңғыстау және Арал — Ертіс суайрығына дейінгі ұланғайыр кеңістікті алып жаткан байтақ өлкені түсінемін».
Мушкетовтың Түркістан монографиясының негізгі бөлігі Тянь-Шань тауларының жүйесін, оның мұз басуын, сондай-ақ тау етектеріндегі жазық жерлер мен жота аралық аңғарлар мен ойыстарда сары (лесс) топырақты және саздақ балшьщты жерлердің пайда болуындағы метеорологиялық жағдайын зерттейді. Сонымен бірге шекараларын анықтап, алғашқы геологиялық қартасын (1881) жасады. Ғалым А. Гумбольдтың Тянь-Шаньда вулкандық құбылыс бар деген көзқарасын теріске шығарып, өз деректерін келтіреді. Сонымен бірге 1887 жылы Верныйда (Алматы) болған жер сілкінудің себептері мен шөлді аудандардағы жел әрекеті туралы құнды деректер жинақтады.
А.Н.Краснов
А.Н.Краснов(1862-1914) негізінен Тянь-Шань тау жүйесі мен Балқаш көлі маңындағы шөлді аймактың өсімдіктер жамылғысын зерттеді. Ол топырақ пен өсімдік арасындағы байланысты анықтап, физикалық-географиялық жағдайлардың өсімдіктерге тигізетін әсерін, әсіресе, мұз баскан жерлердегі өсімдіктер бойындағы өзгерістерді анықтады. Тянь-Шань өсімдіктерін еуропалық түрлермен салыстырып, олардың қалыптасу тарихы мен дамуын сипаттап жазды.
Л.С.Берг
Л.С.Берг(1876-1950) еңбектері де табиғат құбылыстарын тұтас бірлікте алып қарауымен ерекшеленеді. Қазақстан жеріндегі зерттеу қызметін әуелде Солтүстік Қазақстанның тұзды көлдерін (Теке, Қызылқак, Сілетітеңіз) бақылаудан бастаған. Ол 1900-1903 жылдары Арал теңізін мүқият зерттеді. Аралға таяу Қызылқүмды, Арал маңы Қарақұмын, Үлкен және Кіші Борсық құмдарын аралап көрді. Оның «Арал теңізі» (1908 ж.) атты еңбегінде теңіз бен оның айналасындағы жерлердің жер бедері, геологиялык тарихы, гидрологиясы, жануарлар дүниесі мен өсімдіктері жанжақты сипатталды. Осы және басқа зерттеулердің нәтижелеріне сүйеніп, Л.С.Берг Қазақстан аумағын ландшафтылық аймақтарға және морфологиялык облыстарға бөлді. Батыс Сібір ойпаты, Торғай далалық өңірі, Түркістан ойпаты, Үстірт, Тянь-Шань жүйесі, Қазақтың қатпарлы өлкесі (Сарыарқа), Орал тау жүйесі, Алтай-Саян тау жүйесі сияқты географиялық облыстар Берг еңбектерінде дәлелденіп берілген.
XIX ғасырдың екінші жартысында басталған табиғатты физикалык-география тұрғысында тұтас зерттеу жұмысы XX ғасырдың бас кезінде де жалғасты. Бұл кезде Сібір темір жолының қазақстандык бөлігі бойында (Солтүстік Қазақстан) Қоныс аудару басқармасының ұйымдастыруымен Ақмола, Торғай, Жетісу облыстарында зерттеу жұмыстары жүргізілді. В.А.Обручев пен В.В.Сапожников Жетісу мен Тянь-Шаньды, Н.И.Андрусов Маңқыстау түбегін, С.С.Неуструев Жер қабатының қалыптасуындағы негізгі заңдылықтар және Оңтүстік Қазақстандағы топырақтардың негізгі типтерін сипаттауға үлес қосты. Осылардың еңбектері негізінде физикалық географияның аумақтық мәселелерімен қоса халық шаруашылығы үшін пайдалы қолданбалы міндеттерді шешуге де мүмкіндік туды.
Пайдаланған әдебиет
↑ Қазақстанньң физикалық географиясы, Алматы: Атамұра, 2008. ISBN 9965-34-809-Х