Цитоплазма
Цитоплазма. Химиялық қүрамы өте күрделі қоймалжың келген мөлдір зат. Оның қүрамында белок, май, су, түрлі минерал заттар және ферменттер болады.
Цитоплазма. Химиялық қүрамы өте күрделі қоймалжың келген мөлдір зат. Оның қүрамында белок, май, су, түрлі минерал заттар және ферменттер болады.
Вирусология — өсімдіктерде, жануарларда, адамдарда және бактерияларда вирустардың даму заңдылықтарын зерттейді, вирустык ауруларды табудың әдістері мен жолдарын белгілейді және емдеу, алдын-ала сақтандыру жағдайларын қарастырады.
Мал дәрігерлік микробиология — малдарда болатын жүқпалы ауруларды қоздырушы микроорганизмдерді зерттейді, олармен күресудің шараларын анықтайды.
Эпидемиология — адам мен жануарларда кездесетін әр түрлі жұқпалы аурулардың жаппай таралу жолдарын және олардың шығу себептерін анықтайды және олармен күресу шараларын белгілейді.
Медициналық микробиология — адамда ауру қоздыратын мик-роорганизмдерді, олардьщ организммен қарым-қатынаеын зерттейді, жұқпалы ауруларды емдеу мен олардан алдынала сақтандырудың лабораториялық диагностикасы және арнаулы әдістерін жасауды карастырады.
Санитариялық микробиология — су, ауа және топырақтағы мик-роорганизмдердің таралуын, ауру қоздырғыштық қасиеттерін және олардың көмегімен аурудьщ таралу жолдарын зерттеп, ақыр аяғында/табйғаттағы адам пайдаланатын объектілерді зиянды микроорганизмдерден тазартудың әдісі мен жолдарын белгілейді.
Геологиялық микробиология — немесе геоморфология жер қабатындағы микроорганизмдерді зерттейді.
Ауыл шаруашылық микробиологиясы — өсімдіктердің қоректенуі мен топырақ түзілуіндегі микроорганизмдердің ролін зерттейді.
Тағам микробиологиясы — әр түрлі микроорганизмдердің көмегімен тағамдық өнімдерді алудың әдістерін зерттейді және осы өнімдердін, микробтар әсерінен бүзылуын болдырмаудың шараларын белгілейді.
Техникалық немесе өнеркәсіптік микробиология — микробтар-дың тіршілігі нәтижесіндегі түзілетін өнімдердід адам баласына ең қажеттілерін іс жүзінде өндірудің ғылыми негіздерін жасайды, оларды көптеп өндіруді қарастырады.