Әр тынысың «Отан» дейтін күн бүгін (Мұхтар Әуезов)
Әр тынысың «Отан» дейтін күн бүгін
Күн астыңда көк жайқын боп, тыныш теңіз тербеледі. Байтақ Балқаш бетінен кеш самалы келеді. Сол самал жел жылжытқан көкше, мөлдір көп толқын, бүгін Бертіс жағасынан, дағдыдан тыс күй көрді. Қою будақ түтіні бар, мұнарадай мұржалар емес таң қылған. Әсемдігіне Алматының өзі қызығарлық, өңшең бес қабат тас үйлі жаңа қалада емес бүгін бөлек көрінген. Теңізге таман төніп келген күдір белді бір тепсең бар еді. Соның барлық алаң-атырабын өзгеше қалың толқын басыпты. Салқын, сүйгіш теңіз толқыны емес. Ағылған адам толқыны. Қою, қалың, қайнар толқын. Нөсер әкеле жатқан бұлттай, бүктетіліп булыққан, кейде көсіліп шалқыған ерен қуат толқыны. Осы толқын үстінде қанатты ұран қалқып келеді… Қазіргі сағатта жүздер жүрегінен, мыңдар миынан атылып шыққан ұран. Ел тынысының атойы сияқты боп, ер қанының ңайнар ашуымен толқыған сияқты боп, айшықты ңызыл тулар желпініп келеді. Бұл келе жатқан еңбек елі. Осы сәтте «Отаным» деген жалғыз ұранды еске алған. Баяғының батырынша бекем басып, Арқаның ңоңыр салқын самалын төске алып, айдынды ашумен жиылып жатқан халық қолы…
Жиылған мыс заводының мойымас металшылары, байыту фабрикасының шыныңқан шеберлері. Жаңа да электрлі Балңаш, балықты Балқаш, жол транспорт халқы, партия, совет басшылығы, оқушы, қызметші жұртшылығы келеді. Аналы, балалы Балқаш, қарт қайраткер, жас жігер Балқашы — баршасы да толқыннан толқын молайтып, қалың жойқын шеп боп тоғысты. «Достарым менің» деп, аяулы отанын асыл ана халқына, халңының жігерлі жүрегіне жолдаған ардақты қамқор сәлемін, 15 мыңнан асқан айбынды жиын қыбыр етпей тыңдап шыкты.
Осы жиын жүзінің өзінен-ақ, бүгін осы сәтте барлық сан миллион одақтың жүрегі қалай соққанын, жігері қалай тасқанын, ашуы қалай алып-ұшып тұрғанын тану қиын емес. Алып тынысы аспан атады. Жан ашуы теңіз бетін шарпығандай. Тістенген жаңтарда, қадалған қайрат-көздерде болсын, бұлшық еті ойнаған балғадай берік білектерде болсын, бір-аң ңана жауап тұр. «Жойылады, жерге қағылады, аты өшеді жайын жынның» деген бір ғана бұйрық-байлау. Осындай өктем
өкім ұғасың тебіренген телегейден.
Бар металшы атынак: «Жауға жауап — артық іс. Майдан тілеген асыл мыс. Бар күшіміз батыр майдан жолына. Әрбір тірлік тынысымыз… Сүйікті Отан арына ғана арналды»,— деп завод үнін Шербак жолдас жеткізді.
«Аяну жоқ, әзірміз. Совет сұңқарлары жау аспанына біз жіберген ажал оғын жұмсасын. Еңбегіміз Отан керегіне жараса, тірлігіміз сонда гана жарасар»,— дейді, байыту фабрикасының тобынан берік сертін әкелген инженер Кәдіржанов жолдас.
Аясы кең көл бетін ел сертіне куә етіп, осы кеште, салмақты жақ-жақ үнменен ақын да асқақ жыр атты. Жаудың жүзін тілім-тілім етерлік қылыштай қатал кәр жұмсап еді бүгін ел…