Фьючесттер
Фьючесттер. Фьючерс — тұрақты табысты бағалы қағаздарды тұрақты бағада алдағы уақытта жабдықтау контрактісін айтады.
Еркін нарықта нақты сатушылар мен сатып алушылар арасында контрактілер жасауға ешкім тыйым салмаса да, фьчерстік мәмілелер негізінен биржада жасалады. Ұйымдастыру қатынасындағы жүйе опционға ұқсас: клиент брокерлік кеңсе арқылы бұйрығын береді, ол бұйрық залдағы тұрақты жұмыс жасайтын өкілге жетеді, кейінгі оның орындалуы немесе орындалмауы нарықтағы нақты жағдайға байланысты анықталады. Негізгілері ретінде мынадай бұйрықтар қолданылады: нарықтық, тоқта, шектеулі.
Сауда «еркін айқай» тәсілімен жүзеге асады. Опциондық мәмілерден басты айырмашылыгы, мұнда арнайы бекітілген дилер жоқ. Олардың орнында «еденде сауда жасаушылар» деп аталатындар жұмыс жасайды. Олар фьючерсті өз аттарынан сатып алып және сатқанымен опциомдық сауда-дагыдай міндеттемелерді орымдамайды. Саудагерлердің кей-біреуі бір жолғы операцияларды жүзеге асыру мақсатында залда бір күндік қызметке құқық алады. Екінші топты брокерлер құрайды, олар қарапайым делдалдық қызмет атқарады.
Фьючерстермен мәмілені жүзеге асырушы клиенттер екі категорияға бөлінеді: алыпсатарлар және сақтанушылар. Бірінші категория — бұл фьючерсті кейіннен қайта сатып алу мақсатында сатып алушылар, яғни алыпсатарды контракт заты қызықтырмайды. Сақтанушылар керісінше, өз қызметінің түріне байланыеты берілетін тауарлармен контракты бойынша тікелей байланысты.
Мұндағы сатушы жақ бағалы қағаздардың эмитентін білдірсе, ал сатып алушы жақ инвестор болып саналады. Екі жақта өздерінің тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін тырысады. Опционға қарағанда фьючерстік мәміленің айырмашылығы, екі жақты да маржалайды, бірақ сыйақы берілмейді.
Тұрақты табысты бағалы қағаздар фьючерсі — фьючерс-тердің біршама жауапты түріне жатады. Оның заты кепіл-денген тұрақты табысты қағаздармен алдағы кезеңде жаб-дықтау болып табылады. Бұл ілгері уақыттағы мемлекеттің бағалы қагаздары. Фьючерсті сатушы контрактіде саны және бағасы көрсетілген белгілі бір бағалы қағаздарды сатып алуға өзіне міндеттеме алады. Сатып алушы контрактіде қарастырылған күнге сәйкес жән контрактінің шарттарын сақтай отырып, беруге міндетті.
Басқа да қаржылық құралдар арасында бұл міәмілелердің мәні, кепілденген тұрақты табысты бағалы қағаздардың алып жатқан жағдайынам туындайды. Бұл бағалы қағазадардың атының өзі, инвестордың оларды сатып алуға қаражат салуда ешқандай тәуекелге бармайтынын түсіндіреді. Алайда, оның позицияссынын бір кемшілігі бар, мұнда инвестор ондай жұмсалымдардан жоғары табыс ала алмайды. Дегенмен де инвестор мынадай артықшылық-тарға ие болады:
• жалпыға ортақ дағдарыс және құлдырау тұсында да
оған тұрақты табыс кепілденеді;
— біршама белсенді, бірақ та тұрақты емес нарықта ин-вестор күтпеген зияндардан сақтандырылады;
• оған қор нарығындағы жағдайға және инвестициялық
портфельдің қалыптасуына тұрақты бақылау жасауға уақыт және күш жұмсаудың қажеті жоқ.
Артықшылқтар мен кемшіліктерді салыстыра отырып, әрбір инвестор нарықтағы ағымды есепке алып, өзінің меншікті жоспарын жасайды, ал соның сомасында тұрақты табыстың бағалы қағаздарға деген сұранысы мен ұсынысы қалыптасады.
Әрбір бағалы қағаздың өзіндік номиналдық құны болады және соған сәйкес қайтару мерзімі өткенде оны өтейды. Фьючерстік контрактілер: қысқа, орта және ұзақ мерзімді бағалы қағаздарға пайдаланылады. Облигация үшін фьючерстік баға номиналдық құнынан төмен және жоғары болуы да мүмкін.
Бағалы қағаздар фьючерсін іске асыру уақытында сату-шыдан сатып алушыға биржалық опциондық мәмілелер си-рек беріледі. Көбіне мәміле екінші жақтың есебінен бірінші жақтың айырмасына сәйкес төлемдерді төлеумен өтеледі.
Көрсеткішті (индекс) мәмілелер — бұл фьючерс және опционға негізделетін қаржы операцияларының жаңа облысы.
Көрсеткішті мәмілелер технологиясы көрсеткіш шамасының теріс өзгерісінің ақша коэффициентіне көбейтілуінен тұрады. Шыққан сома қатынасушы жақтың біреуіне төленеді. Көрсеткішті фьючерстер мен опциондар қандай да бір бағалы қағаздармен қамтамасыз етілуін қаламайды, мәміле тек қана көрсеткіштің жоғары немесе төмен қозғалуынан түзілетін айырма есебінде төленеді. Мұндай жағдайда фьючерстерде бұл нарықтық белгілер көмегімен жүргізіледі.