ФРАЗЕОЛОГИЯЛЫҚ ВАРИАНТТАР
Фразеологизмнің мағына бірлігінде ешқандай өзгешелігі жоқ, құрылым-құрылысы жағынан ұқсас (үйлес) келген қүрылымдарды фразеологиялық варианттар деп атайды. Фразеологиялық варианттар екі түрлі болады: а) фонетикалық вариант, ә) лексиқалық вариант. Фонетикалық вариантқа тұрақты сөз тіркесінің >. кұрамына енген кейбір сөздердін бірде жуан, бірде жіңішке, кейде толык, кейде қыскарып айтылуы жатады. Мәселен, ай дейтін ажа жоқ, қой дейтін қожа жоқ, дегенді ай дейтін эже жоқ, кой дейтін қожа жоқ деп те айта береді. Мұндағы ай мен әй, ажа мен әже бір-біріне фонетикалық вариант болып есептеледі.
Бұлардын, екі түрлі болып өзгеріп отыруынан түракты тіркестін мағына бірлігіне тигізер ешбір зиян жоқ. Сол сияқты адыра (адыраш) қал, әдіре (эдірем) қал деп те айтыла береді. Мұнда бірде жуан, бірде жіңішке, кейде толык (адырам — әдірем), кейде ықшамдалып, қысқарып айтылып түрғанымен, тұ-рақты тіркестің мағынасын өзгертуге ешкандай себеп бола алмайды. Стильдік жағынан да пәлендей тигізер ықпалы жоқ.
Сондықтан да бұлар жеке-жеке фразеологизм емес, бір тұракты тір. кестің екі түрлі түрленіп айтылуы деп есептеледі. Фонетикалық варианттар бір сөздің өз ішінде де түрлі-түрлі болып өзгеріп отыруы мүмкін. Мәселен, ұнжырғасы түсті деген фразеологизм ұнжорга, ұнжорга, енжорга, өнжорға болып та ауызекі тілде айтыла береді. Бірақ бұдан тұрақты тіркестің мағынасы ойсырамайды. Сондайак, пешенеден белгілі дегенді бешенеден, бес ене-ден белгілі деп те айта береді. Осындай параллель түрлердің мынасы дұрыс, анасы қате деп үзілді-кесілді тұжырым жасаудың өзі кейде қатеге ұрындырады. Қашанда өте жиі айтылатын, халық аузындағы форма дұрыс деп есептеледі. Лексикалық варианттар фразеологизмдердің арасынан өте жиі ұшырасады. Мысалы: ағама жеңгем сай — апама жездем сай, аға өлсе, іні мұра — аға өлсе, жеңге мұра, адыра қалды — қаран калды, ажар білдірді — қабақ білдірді, азуы алты карыс — азуы^кере карыс, ай дала — жапан дала, айтып-айтпай вемене — айтып-айтпай не керек, айт-үйт жоқ — ай-шай жоқ — ай жоқ, шай жоқ, ақылы ауысты — есі ауысты, ала кеуім — ала көлеңке. алақанын жайды — қолын жайды, албасты басты — әбілет басты — қара басты, алдына кара салмады — алдына жан салма ды, амал жоқ — амал нешік, ант атқан — ант ұрған, артына түсті — соңынан түсті, аспанмен таласкан — аспанмен тілдес кен, атарға оғы жоқ — атарға оғы болмады, ат кекілін кесті ат құйрығын үзді, аузы-мұрнынан келді — аузы-мұрнынан шық ты, ауыздыға сөз, аттыға жол бермеді, аяғынан тік қойды — аяғынан тік тұрғызды, аяқ астынан — табан астынан, даңғы жол — сара жол, егде тартты — мосқал тартты, екі дай бол ды — екі жар болды — екі жақ болды, жас өспірім — жас ұлан — жас түлек т. б. Кей жағдайда фразеологизмнің құра мындагы әрбір сөзден әр түрлі варианттар өрбиді. Мысалы Көңілге қуат (медет, медеу) қылды (түтты, етті),Көңілден кір (дак, дық, кірбің, қаяу, қылау) арылды, ашылды, кетті, көңи ауды (бөлінді, кетті, құлады). Көңіл көншіді (жайланды, тынды, орнықты, демдеді), көңілін жыртты (жықты, қайтарды, қал дырды), көңілі өсті (сергіді, тасыды, шалқыды), кірерге же\. (тесік, көр) таппады, Қабағы салыңқы (жабыңқы, түйіліңкі, ка тулы, қатыңқы, салық), Маңдайыныц соры бес батпан (бес елі, кере қарс), Мұрттай (калпақтай, жұлындай) түсті (ұшты) т. б. Лексикалық варианттардың бір-бірінен сәл болса да ерекелігі байкалады. Сондықтан бұларды фразеологизмдердің синонимдік тәсілімен түрленуі деп те атауға болады. Варианттарда (фонетикалык, лексикалык) қалайда ең кемі бір сыңары ортақтаса қолданылса, синонимдес фразеологизмдерде ешбір компонент қайталанбайды. Қайталанған күнде кұрылым-құрылысы-мен қатар мағынасын да сәл өзгертіп, стильдік мән алады. Мә-селен, аза бойы қаза болды — аза бойы тік тұрды, ала ауыз — алты бақан ала ауыз дегендердің мән-мағыналары нақ бірдей деуге болмайды. Соңғыларының айтарлықтай семантикалык алшақтығы болмағанымен, стильдік мәні алғашқыдан гөрі күш-тірек, әдемділеу сезіледі.