Тәрбие ісіндегі қажеттіліктің мәні
Тәрбие теориясындағы келесі назар аударатын еңбектің бірі В.П.Созоновтың “Педагогикалық жүйе адамның қажеттілік негізінде” деген еңбегі (1998). Бүл жаңа гуманистік жүйенің ерекшелігі — адамның өмірлік қажеттілігіне құрылған.
Адамның қажеттілігін қанағаттандыру үшін тәрбиеші қандай рөл атқарады?
Тәрбиешінің оқушыға “педагогикалық жағдай жасауы” — баланың “ішкі жағдайын”, оның ішкі еркіндігін, өзін-өзі көрсете білуін, дамуын, өз ойын іске асыруын, өзін жетілдіруге қабілетті екенін ескеру. Ал “педагогикалық жағдай жасауға” кедергілер — баланың өзіне сенімсіздігі, қорқыныш, кінәлі болу сезімі, психологиялық қысьш көрсету және түрлі комплекстер.
Сонымен, сыртқы орта мен оқушыға “педагогикалық жағдай жасау” сәйкестігі оқушының ішкі саулығын құрайды.
“Баланың ішкі жағдайы” дегеніміз не? Ішкі еркіндік қалай пайда болады? Оның ішкі өмірінің сапасы неге байланысты?
Адамның қажеттілігі. Адамда арнайы және әлеуметтік-психологиялық қажеттілік болады. Оны қанағаттандыру немесе қанағаттандырмаудан оның көңіл-күйі, өзіне және өзгеге қарым-қатынасынан тұлғалық түрткісі, тәртібі, іс-қимылы, өмірлік стартегиясы қаланады. Қажеттілік адам дамуына ықпал етеді.
Әлемдегі ғалымдар түрлі кезеңдерде адамның басты қажеттіліктерін іздеді (З.Фрейд, Ф.Ницше, А.Маслоу, Р.Морено, В.Франкл, т.б.).
Баланың қажеттілігін іздеген педагогтар — Ш.Амонашвили (баланы сүю, махаббат қажеттілігі), И.С.Кон (үлкенді құрметтеу қажеттілігі), А.В.Петровский (түлға болып қалыптасу), А.В.Мудрик (өз мүмкіндігін іске асыру қажеттілігі).
Қажеттілікті қанағаттандыру жағдайын жасау туралы А.С.Макаренко, В.А.Сухомлинский (Макаренко колониясы, Павлыш орта мектебі “қуаныш мектебі”) зерттеу еңбектерін жазып, бұл мектептерді өзін-өзі тану, өзін-өзі қалыптастыру мектептері — деп атады.
Адамның Адам болуға лайықты және өмір сүре білуіне керекті басты қажеттіліктері:
1. Денсаулық қажеттілігі.
2. Өзін қорғай алу және қауіпсіздік қажеттілігі.
3. Ұжымда өзгелердің құрметіне ие болу және әлеуметтік ортада болу қажеттілігі.
4. Өмірдің мәнін түсіну қажеттілігі.
5. Өз мүмкіндігін іске асыра білу және өзіндік келбеті болу қажеттілігі.
6. Даму үшін шығармашылық іс-әрекет қажеттілігі.
7. Атқарған ісінен қанағат сезімін алу, ішкі талпынысын іске асыру, көңіл-күйін көтеріңкі ұстау қажеттілігі.
Жоғарыда аталған қажеттіліктер адам белсенділігінің қозғаушы күші, солардың әсерінен адам түрлі бағыттарда (тәндік, психологиялық, әлеуметтік) дамиды. Қажеттіліктен туған түрткілер адамды субъект ретінде танытып, оның бойында руханилықты (мінез-құлықты, адамгершілікті, парасаттылықты) қалыптастырады. Жағымды қажеттіліктен пайда болған түрткілер баланың жүріс-тұрыс тәртібіне, мінез-құлқына оң ықпал етеді. Теріс қажеттіліктер жағымсыз түрткілер тудырады, мысалы, өкпелеу, қорқу, кінәлі болу, өшігу. Осыдан өзін-өзі дұрыс бағалай алмай, өз мүмкіндігіне сенімсіздік білдіріл, ортаны түсінбестік пайда болады. Ол оның мінезінде, іс-әрекетінде бой көрсетеді.
Қажеттілік баланың қызығушылығынан пайда болады. Қызығушылық бала қабілетінің белгілі іс-әрекетпен түйісуінен эмоционалдық тартымдылық пайда болып қажеттілікті түгазады.
Қорыта келе, қажеттіліктерді баланың дамуын басқаратын бағдарлама деп санауға болады. Оқушы қажеттілікті қанағаттандыру арқылы өзінің “Меніне” қадам басады, алдына қойған мақсатына жетеді, яғни тұлға болып қалыптасады.
Осы өзін-өзі дамытып, қалыптастыратын бағдарламаны педагогикалық жүйенің методологиялық негізі “Адамның кажеттілгі негізіндеігі тәрбие жүйесі» — деп атауға болады.
Табиғат адамға өзін-өзі реттейтін механизм берген. Мәселен, дамудың мақсаты (өмірдің мәнін түсіну қажеттілігі, өмірдің бақыты, өзінің өмірдегі орнын таба білуі), даму құралы (іс-әрекет, тума белсенділік қажеттілігі), даму жағдайы (денсаулық қажеттілігі, қауіпсіздік қажеттілігі, құрметке ие болуы қажеттілігі),
ішкі қозғаушы күші (қажеттілікті қанағаттандыру, онан ләззат алу).
Адам жаратылысында өзін-өзі реттеуге бейім болғанымен қоғамның дамуы жетілмегендіктен, ол адам бойында түрлі қажеттіліктерді өрбітеді. Қажеттіліктер бір-бірінен өрбіп дамып, күрделеніп руханиланады. Аталған қажеттіліктер адам болмысын айқындап, баланың “ішкі дамуының” мақсатың жүзеге асыруына себепші болады, сөйтіп тұлғаны дамытады. Жоғарыда көрсетілген қажеттіліктер тәрбиенің мазмұнын, мақсатын, ұстанымдарын анықтайды.
Тәрбиешінің мақсаты оқушының өмірлік қажеттілігін түсінуге және шешуге көмектесу. Тәрбиешінің ұстанымы-оқушыға қамқор дос, ақылшы, кеңесші болу сенімін тұғызушы, рухани демеуші бола білу, Тәрбиенің методологиялық негізі — “педагогикалық ізденіс”. Онда тәрбиешінің тәрбиелік мақсаты мен оқушының өмірлік мақсаты шынайы бірлікте қарастырылуы керек.
Тәрбиеші мақсатының басты бағыттары. Бұрынғы тәрбие жүйесінде қалыптасқан тәрбиенің түрлері белгілі. Адам біртұтас тұлға болғандықтан, оның іс-әрекеті, дамуы тұтас бірлікте болады. Қажеттілікті іске асыру мақсаты педагогикалық, ұйымдастыру-шылық, профессионалдық-технологиялық тұрғыдан әр сыныпта қарастырылады.
Тәрбиешінің оқушы бойында қажеттілікті туғызудағы іс-әрекеті қандай болуы керек?
— оқушьшардың жеке шығармашьшық, қоғамдық маңызды іс-әрекеттерін болашақ өмірдің үлгісі ретінде ұйымдастырып, оқушының дамуын, әлеуметтенуін қамтамасыз ету (шығармашылық қажеттілік);
— оқушылардың өз денсаулығын сақтап, оны нығайту қажеттілігін олардың санасына сіңіру;
— ұжымда мейірімді, бірін-бірі сыйлаушылық, адамгершілік жағдай жасау, әр ұжым мүшесін психологиялық қысымнан қорғау, оның қорғана алу қажеттілігін іске асыру;
— ортада қоғамдық тәртіп түрлерінің орнығуына жағдай жасау, өз құрбыларының арасында әлеуметтік құрметке ие бола білу қажеттілігін қамтамасыз ету;
— өмірдің құндылығын түсінуге, оның мәнін іздеуге жағдай жасау (өмірдің мәнін түсіну қажеттілігі);
— оқушыларды педагогикалық және психологиялық жағынан сауаттандыру, олардың тандау қабілетін дамыту,
өзін-өзі бақылау, басқару, тәрбиелеу, әлеуметтендіру жағдайын есейгенде де дамыту (өз қажеттілігін іске асыру);
— оқушылардың сезімін тәрбиелеу. Өмірді сүю, өмірдің әр сәтін дұрыс өткізу, мектепті “қуаныш мектебіне” айналдыру (қанағаттану, қуана білу қажеттілігі);
Міне, мектептегі тәрбие мақсаттары осындай. Сонымен тәрбие дегеніміз не?
Тәрбие — оқушының басты, психологиялық және әлеуметтік қажеттілігін іске асыратын “педагогикалық жағдай жасаушың” тәрбиешінің қызметі.
Тәрбие технологиясы. Қажеттілік идеясын жүзеге асыру технологиялық жағынан қолайлы. Қажеттіліктен туындаған мақсаттар тәрбиенің түрлі бағыттарына даңғыл жол ашады. Сынып, мектеп ауқымында қажеттіліктерден туындаған іс-әрекеттерді ұйымдастырып, басқаратын әдіс керек. Мысалы, оқушының өзін қорғай алу және қауіпсіздігін сақтау қажеттілігін қарастырайық. Осы қажеттілікті іске асыру үшін сынып пен мектепте мына жағдайларды ескеру көзделеді:
— тәрбиеші оқушыға ерекше сабырлылықпен қарап, оның ісін профессионал маман ретінде түсінеді;
— оқыту үрдісінде оқушының танымдық мүмкіндігін ескереді;
— әр түрлі іс-шараны ұйымдастырғанда тәрбиелік жағдай тудыру қарастырьшады;
— мектепте “оқушы ережесі” мен қатар “мұғалімдер ережесі” де пайдаланылады;
— “Баланың құқы жайлы конвенция” тұрғысынан оқушының сауаттылығы қамтамасыз етіледі;
оқушьшардың өзін-өзі басқару органдарында оқушы мен тәрбиеші құқығы бірдей қамтамасыз етіледі;
— мектепте құқық ұйымдарының, инспекторлардың жұмысы жүргізіледі;
— мектепте психологиялық қызмет, сенім телефоны, консультация бөлімі қызмет етеді;
— оқушымен жеке өңгімелесу, оқушының рухын көтеру ескеріледі.
Қорыта келе, қазіргі кезендегі педагогиканың артықшылығы — оқушыны түрлі қысым көрсетуден қорғау.
Тәрбиеленушілердің іс-әрекетін ұйымдастыру.
Педагогиканың іргелі мәселесі іс-әрекет. Бала іс-әрекет арқылы танымын жетілдіріп, тәжірибе мен адамгершілік
құндылыққа ие болады. Тәрбиеленушінің мынадай іс-әрекеттерін ұйымдастыруға болады:
— өмірлік мақсатты көздей білу;
— адамдық қадыр-қасиетін сақтау;
— қоғамнан өз орнын таба білу;
— сезімін дамыту, біреудің жағдайын түсіне білу, қуана
білу.
Мұндай көзқарас бала табиғатымен сәйкеседі. Денсаулығы зор оқушы өмірді сүйеді, оның іс-әрекетке, ізденіске күш-қуаты мол, онда даму қажеттілігі бар. Сондықтан түрлі іс-әрекет, шығармашылық және эмоционалды іс-әрекеттерді ұйымдастыру маңызды. Л.С.Выготский “Педагог — бала іс—әрекетін ұйымдастырушы” — деп текке айтпаса керек.
Мектептегі іс-әрекеттер: оқу әрекеті, сыныптық және мектептік іс-шаралар, сыныптан тыс әрекеттер (үйірме, клуб, секция).
Бұрынғы тәрбиеде мектептегі іс-әрекет идеологияға бағындырылып, адам табиғатының даму зандылықтары ескерілмеді.
Іс-әрекет тұрғысынан жақсы мектеп қандай болуы керек? Қажеттіліктен туған іс-әрекет идеясы нені түсіндіреді? Адамның іс-әрекетін психофизиологиялық және қабілеті жағынан қалай ажыратуға болады?
Ақыл-ой, оқу іс-әрекеті, дене іс-әрекеті, эмоция-ерік іс-әрекеті, топ бастаушы, ұйымдастырушы іс-әрекеті, қарым-қатынас іс-әрекеті. Іс-әрекеттің алуан түрлілігі мектеп өмірінің қызықтылығын, тұлғаны қалыптастырудың сан қырлылығын көрсетеді.
Жақсы мектеп болу үшін іс-әрекеттің басты үш турін скеру.қажет.
1 Мектепте оқудан тыс оқушының тандауына сәйкес келетін іс-әрекетгер ұйымдастырылуы тиіс. Барлық оқушы мектепте жоғары оқу көрсеткішіне жете бермейтіндіктен, олардың қабілетін ашу мүмкіндігін ескеру, соған орай спорт, дене еңбегі, қолөнер, көркеменер, техникалық шығармашылық іс-әрекеттерін ұйымдастыру, еркін қарым-қатынасқа баулу жұмыстары жүргізіледі. Әр оқушы кез келген үйірмеге, секцияға, клубқа келгенде өзін жақсы қарсы алатынына сеніммен келуі керек.
2. Оқушыға өзі қалаған үйірмеге еркін келуіне, өзінің ішкі қажеттілігіне қарай, өз қабілетін дамытуға мүмкіндік жасау.
3. Оқушылармен жұмыс атқаратын бірлестіктерді маман басқаруы тиіс. Оған оқушылар уақытын бос өткізу ушін емес, қабілетін анықтап, оны жетілдіру үшін келуі қажет.
Оқу — ең маңызды іс-әрекет. Мектепте оқушы оқу арқылы өзінің “Мен” бейнесін, оның айналамен қарым-қатынасын анықтайды. Оқу үлгерімі жақсы оқушы өа құрбы-құрдастарының алдында беделді екенін біледі. Оның әрқашан достары көп, көңіл-күйі көтеріңкі, айналамен еркін қатынас жасайды. Ал нашар оқушының-жағдайы күрделі, ол үнемі өзін кем сезінеді, қорқьшышта жүреді, өзін кінәлі санайды. Оның айналаға өкпесі үлкен, ішінде өзгеге деген қайшылық сезімі бар. Егер түрткі болса, оны сыртқа шығаруға әзір тұрады. Сөйтіп, оқушының оқу үлгерімі оның өміріне әсер етеді. Олай болса, оқу үлгеріміне үлкен мән беріп оның денсаулығына зиян тигізген дұрыс па?
Психологтардың анықтауынша қазіргі оқушылардың 15—25% ғана оқута қабілеті бар, яғни осыларға оқыту технологиясының жетістіктерін пайдалану арқылы жақсы үлгерім беруге болады. Ал қалған 75—85% қазіргі оқу жүктемесіндегі талаптарды игере алмайды. Сондықтан білім стандарты төменгі деңгейді ескеріп, оқу сапасын төмендеуден сақтауы керек. Оқу жүктемесінің ауырлығынан балалардың денсаулығы төмендеп, өзіне деген сенімі азайып, мектеп пен мұғалімді жек көріп, оған кінә таққыш болады. Осыған орай, оқу үрдісін қайта қарап, өр оқушының оқу мүмкіндігін ескерген жөн. Ол үшін гуманистік технологияны қолданып, оқушы табиғатының даму заңдылықтарын ескеріп, білім мазмұнын саралап, оқушының белсенділігін арттыратьш әдістерді қолданып, мектептегі білімді бағалау жүйесін өзгертуді көздеу шарт. “Үштік” бағаға оқитын баланың қабілетін анықтау мүғалімнің міндеті.
Мектептегі іс-шаралар мен істер. Мектептегі іс-шаралардың маңызы ерекше. Мектепте ұйымдастырьшатын іс-шаралардың мақсаты оқушылардың дүниетанымын дамытып, қалыптастыру, өмір жайлы түсінігін жетілдіру. Мектептегі іс-шаралар оқушылардың көңіл-күйін көтеріп, мектепке деген жағымды эмоция қалыптастыруы тиіс. Мектептік іс-шаралар дарынды, жігерлі, батыл оқушылардың өзін-өзі көрсетуіне, өз орнын түсінуге, ерік-жігерін шындауға бағытталуы керек.
Оқушыларға жалықпай еңбектенсе, оның нәтижелі болатынына сенім қалатын осындай іс-шаралар арқылы олардың көзін жеткізуге болады. Мектеп оқушыларының үлгілі-өнегелі болуы немесе тәртіп бұзуы тәрбие жұмысының сапасына байланысты.
Мектегі оқу-тәрбие істерінде іс-әрекеттің барлық гүрлері кешенді түрде іске асырылады. Әр оқушы өз таңдауымен, қалауымен, еркімен атқаратын қоғамдық істерді таңдайды. Мұғалім әр оқушының ішкі қажеттілігін ескереді.
Мектептегі тәрбие іс-шаралары мен кешенді істер үлгісі
Сыныптық іс-шаралар.Ең бастысы сыныптық іс-шараларды жүргізу кезінде оқушының қажеттілігін ескеру керек. Жоғары сыныптардағы оқушьшарды өмірлік құндылықтар жайлы әңгімелер қызықтырады. Мәселен, болашақ жайлы, мамандық, достық, отбасы, т.б. мәселелер. Оларды өмір мен өлім құпиясы, адамның ерік-жігерлі болуы, батылдығы, адам өмірінің мәні, өмірдегі орны ерекше толғандырады. Сонымен қатар түрлі елдерге саяхат, экскурсия қызықтырады, нағыз махаббат, таңқаралық нәрселер еліктіреді. Егер де мұғалімдер осы тақырыптар тәңірегінде олармен пікірлесе алса, онда олар өздерінің ізденісін, танымын танытар еді.
Тәрбиеші мектептік іс-шараларды ұйымдастыруда тек дарынды, өжет оқушыларға арқа сүйемей, ұжым мүшелерінің барлығына да тән мүмкіндік жасауға міндетті. Тәрбиелік іс-шараларындағы ең маңызды құрылым-тәрбиелік сәт, онда қарым-қатынас құра білуге үйрету кезделеді. Мектептік іс-шаралар өткізіліп болған соң, оқушылар өз құрбы-құрдастарының жақсы жақтарын көріп,’ оны қабылдай білуі тиіс. Сөйтіп, мектептік іс-шаралар арқылы ұжымның ұйымдық іс-әрекеттері қалыптасып, олардың ортақ іс-әрекеттерінің мәдениеті артады. Әр оқушы өз бойынан табыла бермейтін өзгелердің бойындағы жақсы қасиетгерді үнатады.
Тәрбиеші мен тәрбиеленуші арасындағы қарым-қатынас іс-әрекеттің қозғаушы күші. Мектептегі іс-
шаралар әрине мұғалімнің қатысуымен, оның басшылығымен, кеңесімен іске асады. Мұндағы басты көніл бөлетін мәселе тәрбиешінің тәрбиеленушімен қарым-қатынасында. Оқушыға ең керектісі мұғалімнің өмірлік ұстанымы, оның тәжірибесі, көңіл-күй жетістігі. Өйткені оқушы жетістігі мол адамға қарап еліктейді. Мұғалімнің өмірлік ұстанымы оқушыға жағымды ықпалын тигізіп қана қоймай, оған еліктеуге, оның іс-әрекетінен үлгі-өнеге алуға жұмылдырады.
Кеңестік кезендегі тәрбие баланың ақыл-ойына негізделіп, оқушы белгілі талаптарды бойына сіңірсе, сол жеткілікті болып есептеліп келді.
Ал шындығына келсек, бала, тіпті ересек адам да ең бірінші ішкі сезіміндегіні ескеріп барып, соған лайықты іс-әрекет, өмірлік қорытынды қабылдайды. Кез келген жағдайда өзін-өзі ұстай білу қабілеті адамды тұрақты қарым-қатынасқа бейімдейді. Өзін-өзі ұстай білуі “Өзіндік мені мен Жеке мен” тұжырымы, өзіндік санасы өзара үйлесімділікке келуі қажет, Өзіндік сана тұлғаның ядросы, өзін-өзі ұстай білу қарым-қатынастың өзегі. Тәрбиешілер баланың бір-бірімен қарым-қатынасын, тұлғаның өзіне қатынасын зерттейді. Айналамен қарым-қатынастың тірегі-өзіндік ұстанымы.
Өзіндік үстаным оқушының өзін-өзі ұстай алуына қалай қызмет етуіне байланысты. Бұл сұрақтарға жауап ретінде Д.Узнадзе /психолог/, Ш.М.Орлов, А.С.Белкин В.И.Слуцкий, т.б. педагогтар мынадай зандылықтарды анықтаған: егер де оқушы “Мен жақсы оқушымын” деген өмірлік ұстанымды игерсе, онда ол өз бейнесін сол ұстанымға сәйкестендіруге әрекет етеді. Сол тәрізді ересек адам да “Мен жақсы әкемін”, “Мен қайырымды адаммын деген өмірлік ұстанымы болса, соған сай болуға ұмтылады
Сонымен, әр субъектіге өзіндік ұстаным қымбат, ол оның өмір сүрудегі басты қағидасы. Бала тәрбиелеудс оның санасында “өзіндік ұстаным бейнесін” қалыптастыру керек. Ол қалай іске асуы тиіс? Оның технологиясы қандай?
“Өзіндік үстаным” ортаның ықпалынан туады. Оның басты жүйелері:
1. Өзіндік өмірлік тәжірибе, өзіндік рефлексия;
2. Жолдастарының бағасы;
3. Ұстаздардың талқысы.
Оқушы ұстазынан үнемі жақсы баға алып отырса, оның өз мүмкіндігіне деген сенімі жоғары болады. Егер дс
керсінше, оқушы үнемі теріс баға алса, онда оның өзіне деген сенімі біртіндеп жойылады. Сондықтан, ұстаз оқушыны адал, еңбекқор, жауапты етіп тәрбиелеу үшін, оның өмірлік ұстанымын: “Мен мейірімді, еңбекқор, жауапты адаммын” деп қалыптастыруы қажет. Осы ұстанымды сыныптағы оқушылар да сеніммен қабылдауы тиіс
Педагогикалық қарым-қатынас мәдениетінің басты ережелері:
I Ұстаз оқушыны табиғи қалпында, яғни бойындағы
барлық артықшылығымен қатар кемшілігін де тегіс қабылдауы тиіс. Оқушының бойындағы кемшілікгерді оның мінез құлқы ретінде қабылдап, сонымен бірге әр баланы қабілетті, дарынды деп қабылдап “барлық бала жақсы болғысы келеді” (Л.Н.Толстой) деген ұстанымды педагог басшылыққа алуы қажет.
2.Оқушының бойынан үнемі тәрбие нәтижесін алдын ала көре білу керек. Ол үшін ұтаз оқушы мүмкіндігін әдейі көтеріп “сенің қолыңнан бәрі келеді”, “бәрі әлсіздерге қамқоршы екенінді біледі”, т.с.с. міндеттерді белгілеп. Әр оқушының өзіне деген сенімін арттыруды басты нысанаға алуы керек.
3. Кейбір оқушьшар ұстаздың айтқанына илана қоймауы да мүмкін. Сондықтан оқушыға бірнеше тәрбиелік жағдайды жасап, солардың ішінен өз ұстанымына лайықты дегеніне таңдау жасай алуын көздеуге болады. Оқушы өз таңдауы арқылы өзіндік ұстанымынан қанағат сезіміне бөленіп, басқалардың да ықыласына бөленуге ұмтылуышарт.
Тәрбиелік іс-шараларды ұйымдастыруда тәрбиелік жағдай жасау қарастырылады. Сол арқылы тәрбиеленушіні өзіне деген сенімі артып, қуаныш сезіміне бөленіп, адамгершілік істерден қанағат алады. Осы аталған ережелерді сақтау кейде қиынға түседі, өйткені ол тек шебер педагоггың ғана қолынан келеді.
Тәрбиелік үрдісті бағалау өлшемі. Тәрбиені жаңаша құру, оның өлшемдерін қайта саралауды қажет етеді.
Тәрбие үрдісін қандай өлшем арқылы өлшеуге болады? Тәрбие жайлы сөз еткенде оның өлшемдерін “тәрбие деңгейі”, “даму сатысы”, “шығармашылық даярлығы” деген түсініктерге сыйдырамыз.
1. Алғашқы мақсат — оқушының өзіндік дамуына, өзін-өзі тәрбиелеуге “педагогикалық жағдай жасау” керек, яғни оқушының басты қажеттілігін қанағаттандыруға жағдай жасау. Осыған орай, біз тәрбиеші жұмысын бағалауға тиіспіз.
Негізгі өлшемдср:
— ұжымның психологаялық климаты, сынып, мектептегі рухани орта, әр оқушының психологиялық қауіпсіздігі;
~ мұғалім мен оқушы, оқушы мен пән мұғалімдері, оқушылар арасындағы қарым-қатынас (сенімі, сыйластығы, өзара көмегі);
— әр оқушыньщ ұжымдағы өзіидік бейнесі, өзіндік орны, өзіндік іе-әрекеті;
— оқушының психологаялық көңіл-куйі, ұжымдағы орны, өзіндік бағасы, ұжыммен үйлесімділігі, денсаулығы, “Мендік” бейнесі, “Мен тұжырымдамасы”;
— сыныптан тыс іс-әрекеттегі, қарым-қатынастағы, көркемдіктегі, әлеуметтік шығармашылықтағы жетістіктері.
Оқушының Адам болып қалыптасуына жағдай жасау. Мектептегі ортаның ізгілігі оқушыньщ қадыр-қасиетіи арттырады. Қайырымдылық, жақсылық қағидаларына сену. Бұл өлшемдер тест, анкета арқылы анықталады. Оқушының әлеуметтік сапасын да өлшеуге болады (ұжымдық, тұлга аралық қарым-қатынас, ортаға бейімделуі, бейімсіздігі).
2. Тұлғаның ішкі өзіндік ұстанымын — субъектінің ішкі сана-сезіміндегі механизмін анықтауға болады. Оқушының ішкі өзіндік үстанымы өзіне түсініксіз, оны бақылау қиын болғанымен, ол шынайы көрсеткіш — оқушының жүріс-тұрыс тәртібіне ықпал етеді.
А.Маслоу тұлғаның кейбір сапасын өзін-өзі дамытушы, өзін-өзі актуальдаушы дап атайды. Оған жоғарыда айтылган “өзіндік өмірлік ұстаным” жатады. Сонымен денсаулықты арттыратын, өзін-өзі дамытатын, өзін-өзі ерекшелендіретін қасиеттер:
— өзін-өзі қабылдау (өзінің жауапкершілігін, өз болмысын анықтау) ішкі “Мен” бейнесінің үйлесімділігі;
— рефлексия қабілеті, өз сезімін, іс-әрекетін, жүріс-тұрысын басқара білу;
— өзін танып білу, психофизиологиялық мүмкіндігін ескеру: іс-әрекетін, қызметін, ұмтыл ысын, қабілетін, темпераментін, мінез-қүлық ерекшелігін білу;
— әлеуметтік ортадағы адамдарды қабыддап, оларға оң көзқарас білдіру;
— өзін-өзі құрметгеу, өз қадыр-қасиетін бағалай білу;
— белсенді, жаңа қарым-қатынастар құруға бейім білу, өмірлік мәселені шешу, қиындықтарға қарсы тұра білу алға қойған мақсатқа жету;
— өмірлік мақсатын іздеуге даяр тұру, жоғары тұлғалық құндьшықтарды іздеп, өмірдің мәнін түсінуге ізденіс жасау;
— көңіл-күй және ақыл-ой дербестігін, өмір жольн өздігінен таңдай білу;
— өмірді бағалап, бақытты бола білу.
Тұлғаның өзіндік өмірлік ұстанымы, “ішкі саулығы” жоғарыда көрсетілгендей болса, онда тұлғаның әлеуметгк және адамгершілік саулығы қамтамасыз етіледі. Бұл сапалар адамды жетілдіреді, оның өзіне сенімін арттырьш, эмоционалды дербестігін қамтамасыз етіп, оны үрей-қорқыныштан сақтайды. Тұлғаның шынайы құндылығы ~ оның ішкі бостандығы, еркі, өзін қадірлеуі, арлы болуы, жарқын болашаққа сенуі, өзінің жағымсыз ісіне ұяла білуі-
Тэрбие жүйесінің принциптері. Біз тәрбие жүйесінің басты буындарын, адам табиғатын қамтитын негізгі әлеуметтік-психологиялық қажеттіліктерін, яғни негізгі заңдылықтарын анықтадық. Педагогикалық жүйенің мақсаты, әдісі, іс-әрекеттер мазмұны, оқушылармеи жұмыс жасау, диагностика жүргізу қарастырылады.
Біз принципті белгілі қалыпқа салып қарастырмаймыз.Біз принципті тәжірибеден туындаған негізгі ереже, ол теорияға (әдіске) әсер етеді деп қарастырамыз, яғни ұстаз белгілі кеңістікте оқушылармен түрлі тәсілдер арқылы жұмыс жасайтын технологияның жүйесін пайдаланады.Сол себепті төмендегідей принциптерді ұсынып отырмыз:
— баланың табиғи даму заңдылығына сүйену;
— даму үрдісінің біртұтастығын ескеру, тәрбиені дұрыс ұымдастыру;
— тәрбиелейтін іс-әрекет пен тәрбиеленушінің тәжірибесі;
— тұлғалық бағыт ұстану, баланың ішкі дүниесіне мен
беру;
— жас ерекшелігіне лайықты баланың қажеттілігіне саи іс-әрекет түрлері, олардың мазмұны, іс-әрекет түрлерін таңдау;
— педагогикалық ынтымақтастық, оқушы өмірінің мақсаты мен ұстаз мақсатының бірлігі;
— оқушыға қарым-қатынас арқылы құрмет білдіріп, рухани күш беріп үлгі-өнеге көрсету.
Тәрбие нәтижесін бағалау: Тәрбие нөтижесін бағалау өте күрделі іс, өйткені оқу мен тәрбие жігін ажырату өте қиын. Дегенмен де ұстаз еңбегін бағалау қажет. Осыған орай ұстаз еңбегі аттестациядан өткізіледі. Педагог еңбегін сапалық жағынан бағалау қажет.
Мектепте оқушыға “педагогикалық жағдай жасауды ұйым-дастырудың” сапасын қалай өлшеуге болады’ Оқушыға “педагогикалық жағдай жасау” мәселесі сынып жетекшісінің қызметтік міндетінде көрсетілуі тиіс. Ол мектеп Жарғысында белгіленеді. Бұл ұстаздың жауапкершілігін арттырып, оны мектеп басшысы тарапынан қысымнан сақтайды.
Сынып жетекшісінің қызметтік міндетінде тәрбие жұмысының мақсаты, міндеті, философиясы, тәрбиешінің құндылық ұстанымы, алғы шаралары, мәдениеті, мамандық деңгейі көресетіледі.
Ұстаз еңбегінің нәтижесін төмендегі нүсқаулар бойынша анықтауға болады:
— сынып жетекшісінің қызметтік міндетін алдын-ала пікірлесу арқылы анықтау;
— тәрбие жұмысының жоспарын тексеру, ондағы басты көрсетекіш “педагогикалық бақылау бөлімі” ұстаз шеберлігінің белгісі;
— анкета мен сұрау-тапсырмаларды пайдаланып, қарым-қатынасты (тәрбиеші мен тәрбиеленуші, тәрбиеші мен ата-ана ара қатынасын) анықтауға болады;
— оқушыны әлеуметтендіруге қажетті жұмыс түрлері (үйірме, секция, клуб, т.б.);
— дәстүрлі бақылау (сынып сағатын қорытындылау, оқушының жүріс-тұрыс тәртібін, тәрбиелік іс-шараларды,, сыныптағы ұжымдық істерді жьш бойы бақылау).
Тәрбиеші жұмысын тексеруде кез келген тексеру түрлерін кешенді пайдалану керек. Ұстаздармен пікірлесу сабырлы, өзара түсіністік, достық ортада жүргізіледі. Әр ұстазға өз жүмысының нәтижесін талдап, өзіне-өзі баға бере білуін қарастырудың пайдасы зор. Мектеп басшысы тарапынан жүргізілетін бақылау үстаз шеберлігін шындауға түрткі болды керек.