Сөздерді фонетикалық жағынан талдаудың тәртібі
Сөздерді фонетикалық жағынан талдаудың тәртібі — оның (сөздің) құрамындағы дыбыстарды ажыратып, ерекшеліктерін көрсету, дыбыстардың дауыс (үн) қатысына карай, жасалу жолы мен орнына қарай түрлерін айқындау, сондай-ақ кейде сөз құрамында болып отыратын бір дыбыстың әсерінен екінші дыбыстың өзгеруін көрсету.
Оны дауысты дыбыстар мен дауссыз дыбыстардың жіктелу кестесін және үндестік заңындағы ережелерді негізге ала отырып талдау қажет. Мысалы, кітабым, әсемпаз сияқты сөздерді талдап көрейік:
к — дауыссыз, үн қатысына қарай қатаң, жасалу орнына қарай тіл ортасы, айтылуына қарай шұғыл дыбыс.
і — дауысты, жіңішке, қысаң, езулік дыбыс.
т — дауыссыз, қатаң, тіс, шұгыл дыбыс.
а — дауысты, жуан, ашық, езулік дыбыс.
б — дауыссыз, ұяң, ерін, шұғыл дыбыс.
ы — дауысты, жуан, қысаң, езулік дыбыс.
м — дауыссыз, үнді (сонор), мұрын жолды дыбыс.
Кітап сөзінің соңғы п дыбысы қосымшаның (жіктік жалғауының 3-жағы) алғашқы ы дауысты дыбысының әсерінен ұяңданып, б дыбысына өзгерген. Әсемпаз: ә — дауысты, жіңішке, ашық, езулік дыбыс.
С — дауыссыз, катаң, тіс, ызың дыбыс.
е — дауысты, жіңішке, ашық, езулік дыбыс.
м — дауыссыз, үнді (сонор) ,мұрын жолды дыбыс.
п — дауыссыз, қатаң, ерін, шұғыл дыбыс.
а — дауысты, жуан, ашық, езулік дыбыс.
з — дауыссыз, ұяң, тіс, ызың дыбыс.
спасибо
рахмет тартибин билип алдым
спасибо большое вы мне очень помогли
я понял)) но по чуть-чуть
Отстой
Мы ваще по другому делаем
мен буны баягыдан билем
не очем
мына фонетикалык талдауды умытып калыппын.бирак мына сайт маган комектести.мына сайтты кушти корем.
көп рахмет