Орыс тілі арқылы енген фразеологизмдердің қолданылуы
Фразеологизмдер — тарихи категория: бұл оған дәуірлік сипат береді. Тұрақты сөз тіркестері жеке сөздер сияқты тілдік единица ретінде жұмсалады да үнемі дамуда болады. Бірақ бұл құбылыс лексикаға карағанда, фразеологизмдерде өте баяу. Оны әр кезде қалыптасқан тұрақты сөз тіркесінен айқын көреміз.
Фразеологизмдердің дамуының негізгі екі түрі бар: Бірінші, тұ-рақты сөз тіркестері, ең алдымен, сол тілдің иесі болып табылатын халықтың ұлттық ерекшелігіне қарай жасалып, қалыптасады. Бұләр тілдің өзінің ішкі даму процесімен байланысты болады. Екіншісі — тұрақты сөз тіркестері дамуының сыртқы процесі. Халықтар арасындағы қарым-қатынас бір тілден екінші бір тілге фразеоло-гизмдердің ауысып отыруына мүмкіндік туғызады. Фразеологизм-дер бір тілден екінші тілге сөйлеу тілі және жазба нұсқалар (пуб-лицистика, көркем әдебиет т. б.) арқылы ауысады. Мәселен: көк базар, көз бояу, өмір сабағы, эрбір істің басталуы Қиын, ештен кеш жақсы, жылтырағанның бэрі алтын емес, бейбітшілік көгершіні т. б. тіркестер біздін, тілімізде орыс тілінің ықпалымен қалыптасып, фразеологиялық қорымызды байыта түсуде.
Сондай-ақ, Келдім, көрдім, жеңдім (Юлий Цезарь). Уақыт біздің пайдамызға қызмет етеді (Гладстон). Бэрі де ағады, бэрі де өзгереді (Гераклит). Стиль — ол адам (Бюффон) т. б. сияқты әр түрлі халықтың афоризмдері де бізге орыс тілі арқылы енгені белгілі.
Сөйтіп, ‘қай тілдің болмасьш фразеологиясы халықтардың өз
ара қарым-қатынаста болуының нәтижесінде бірін-бірі толықтырып отырады. Ал бұл мәселе, бір жағынан, фразеологизмдердің сәтті аударылуына да байланысты. Яғни бір тілдегі фразеологизмдердің екінші бір тілге аударылғанда олардың жымдасып, жатық болып жұмсалуында. Оған В. И. Ленин шығармаларынан мысалдар келтіруге болады: қай жер жақсы болса, отан сол жерде (где хорошо, там отечества) 3-том, 340-бет; Жақсы аяқталған істің бэрі жақсы (все хорошо, что хорошо кончается) 33-том, 242-бет; Әрбір жемістің өз уақыты бар (всякому овощу свое время) 13-том, 295-бет; Жақсы даудан жаман бітім артық, (худой мир лучше доброй ссоры) 5-том, 382-бет; Ештен кеш жақсы (лучше поздно, чем никогда) 6-том, 270-бет; Әрбір істің басталуы қиын (всякое начало трудно) 8-том, 102-бет; Жылтырағанның бәрі алтын емес (не все то золото, что блестит) 20-том, 340-бет. Мұнда фразеологизмдердің жігі білінбей жымдасып, көңілге қонымды болып, соншалықты жатық аударылған. Бұлардың “кірме” екені бізге ешбір сезілмейді. Бірақ, кейде аудармашылар әріп қуалаймыз деп тұрақты сөз тіркесінің өңін айналдырып, түсініксіз етіп жібереді.
В, И. Ленин шығармаларында кейбір фразеологизмдердің қазақша аудармасы қазақ оқушыларымызға түсініксіз болып шыққан:
1. Орыстың ескі сөз қолдануы бойынша, бұл жердегі қоғам деліп отырғаны — өздерін жердің тұзымыз деп санайтын, өздерін тә-каппарлықпен “интеллигенциямыз” деп атайтын “көпшілік пікір” тудыратын т. б. жэне көксейтін либералдьқ чиновниктердің, бур-жуазиялық интеллигенттердің, еріккен рантелердің жэне өр көкірек өзіне мэз қолы бос жұрттың бір тобы болып табылады (12-том, 373-бет)._______
1 В И. Ленин шығармаларын аудару принциптері жөнінде М Жан-ғалин өзінщ “Об основных принципах перевода с русского на казахской язык” деген тақырыпта жасаған баяндамасында тоқталған (Доклады от Казатстана на междуреспубликанском совещании по вопросам перевода литературы с русского на языки народов Средней Азии, Казахстана и Азербайжана. Алма-Ата, 1958 г)
2. Өзін жердің кіндігі деп есептеуге дағдыланған ескі буржуа-зиялық және империалистік Европа бірінші империалистік қыр-ғында сасық бітеу жарадай, шіріп барып жарылды (33-том, 346-бет).
3. Иттің көмілген жері осы. Бұлтарыстардың, софизмдердің, ала аяқтық бұрмалаулардық барлығы Каутскийге күш жұмсау революциясынан жалтару үшін, өзінің одан безуін, өзініц либерал-дық жұмысшы саясаты жағына, яғни буржуазия жағына шығуын бүркеу үшін керек болып отыр. Иттің көмілген жері осы (28-том, 235—236-беттер).
4. Петроград көтерілісін болдырмауға Қаменев пен Зиновоевтің істеген эрекеттері жөнінде көтермекші болған “дауыл” стақандағы судың бұрқылы болып шықты (26-том, 297-бет).
Бұл мысалдардағы тұрақты тіркестерді түсіну қиын. Мұнда дәлме-дәл аударылып, әріп қуалаушылықтың салдарынан түп нұс-қадағы тұрақты тіркестердің мағынасы түсініксіз болып шыққан, образдылық сипаты сақталмаған.
Фразеологизмдерді бір тілден екінші бір тілге аударуда әр ха-лықтың өзінің тілді қолдану дәстүрін мұқият ескеру қажет. Со-нымен бірге ол фразеологизмдердің ең алғаш қай тілге тән екенін және оның қалай қалыптасқанын білу керек. Мысалы, жоғарыда келтірілген “Вот где зарыта собака (иттің көмілген жері осы) мен “Буря в стакане воды” (стакандағы судың бұрқылы) деген сөй-лемшелер — орыс тілінде басқа тілдердің әсерінен туган аудар-малар.
“Иттің көмілген жері — осы” деген сөйлемше ең алғаш неміс тілінде қолданылып қалыптасады. Мұның қалыптасу тарихы былай болған: XVI ғасырда өмір сүрген бір неміс жауынгерінің иті болады. Ол ит бір кезде иесін өлімнен алып қалса керек. Иттің бұл жақсылығын бағалаған иесі оған өлгеннен кейін айрықша көз тартарлық әсем ескерткіш орнатады. Ескерткішті көруге жер-жер-ден адамдар келетін болған. Олар келген бетте жергілікті тұрғын-дардан: “Әйгілі ит қайда көмілген” (Где зарыта знаменитая собака?) деп сұрайды екен. Осылайша айтыла-айтыла, ол ақыры қанатты сөзге айналып кеткен.
“Буря в стакане воды”— стақандағы судың бұрқылы сөз тірке-сінің де осындай қалыптасу тарихы бар. Сөйлемше ауыс мағынада, елеусіз көңіл бөлуге тұрмайтын нәрсеге бола жанжал шығару, босқа қынжылу дегенді білдіреді. Мұны тұңғыш колданған — француз философы Монтескье (1755—1889). Бірақ Монтескьеге дейін де оның \<буря в горшке”, “буря в разливательной ложке” деген-сияқты варианттары болған екен.
Тұрақты сөз тіркесінің мағынасын түсінбей аударуды көркей шығармадан және газет беттерінен де кездестіруге болады.
Чехов шығармаларының аудармасында: мүмкін бұл адам суға кетіп өзі өлген шығар немесе Мұның төркінінен Сибирьдің иісі аң-қып тұруға да мүмкін (Чехов. Әңгімелер жинағы 9-бет). Мұның
Бұл мысал А. С Макаренконың “Мұнарадағы жалаулар” повесінен алынды орысшасы: Может этот утоплый покойный сам утоп, а может тут дело сибирью пахнет.
Немесе, Ванда удивленно оглядела мальчиков и подвинулась на край скамейки. Облака перестали ее занимать, она занялась более прозаическим пейзажем привлекательной площади.
Қазақшасы: Ванда балаларға таңырқап қарады да, орындықтың шетіне қарай жылжып отырды. Мұның назарын бұлт енді өзіне аудара алмады. Ол вокзал алаңының неғұрлым прозалық су-реттеріне әуестенумен шұғылданды1 (осы мысалдарда асты сызыл-ған сөз тіркестерінің аударылуына көңіл бөліңіз).
Орыс тілінің фразеологизмдерінін, қазақша тексте қолданы-луына мысалдар:
1. — Қарағым-ау, жаңа келіп тұрсың ба? Шай қояйын ба?. Түу, құлыным-ай, қиналып жүрсің-ау,.. Шыда… Шыда… Орақ та аяқ-талар…
— Жоқ, апа, мен ұйықтайын…
Ол шамды да жақпады. Сипалап келіп, төргі бөлмеге енді. Бибігүл көзін ашып алды.
— Сенбісің, Сақан! Кешіктің ғой…
«— Иә, кешіктім. Мені ертерек оятарсың. Жұмыстан кеш қалып, жүрмейін,— деді.
— Сақан-ау, сақал-мұртың өсіп кетіпті ғой,— деді Бибігүл. Анау үнсіз. Төсекке басы тисімен қор ете түсті.
Бал айы осылайша мазасыз…
Осындағы “бал айы” — орыс тіліндегі (медовой месяц)1 деген бейнелі сөз тіркесінің аудармасы, бірақ мұнда, ол дұрыс ауда-рылмаған.
2. Жұрт айтқандай кейбіреулерінің түгін қарсы қайыра сипауға тура келер.
3. Қала жастарының қаймақтары бұлар.
4. Колхозшылар кешкі мектеп қабырғасынан аттестат алып шықты.
Соңғы келтірілген сөйлемдерде де орыс тілінің сөз орамдары қазақ ұғымына сай пайдаланылмағаны бірден аңғарылады. Мұндай сөйлемдер газеттерде аз кездеспейді.
Аударма фразеологизмдерді бұлай қолдану тіл мәдениетін тө-мендетеді. Сондықтан фразеологизмдердің дұрыс аударылып, дұ-рыс қолданылуы мұқият ескерілгені жөн. Ол үшін ең алдымен фразеологизмдердің аударылу заңдылығын жақсы білу кажет.
Жалпы фразеологизмдерді аударудың үш түрлі тәсілі бар;
1. Фразеологизмдерді аударуда оның жалпы мағынасы беріледі. Мысалы:
Вариться в собственному соку — Өзімен-өзі болу.
Козел отпущения — кінэлі ету.
Лезть вон из кожи — тыраштану.
Подложить свинью — қастық, істеу.
1 В И. Ленин шығармаларында бұл “ләззат айы” және “алғашқы ай” (5-том, 385-бет, 25-том, 406-бет болып аударылған).
Принимать за чистую монету — шынға балау.
Яблоко раздора — егестің басы.
Водить за нос — әуреге салу.
Бұл тәсіл фразеологизмдерді еркін сөз тіркесіне жақындатады.
2. Фразеологизмдерді аударуда олардың өз ара мәндес келе-тіндігі ескеріледі. Мысалы:
Беречь как зеницу ока — көздің қарашығындай сақтау.
В пух и в прах — күлін көкке ұшыру.
В прятки играть — жасырынбақ ойнау.
Он пятки показал — ол өкшесін бір-ақ көрсетті.
Зубы точить — тісін қайрау.
Хоть глаза выколи — көзге түртсе көргісіз.
Волосы встали дыбом — төбе шашы тік тұру.
Как в воду канул — жер жұтқандай
За три девять земель — Жеті қабат жер астында.
Седьмым небе — төбесі көкке жету. т. б.
Тіл-тілдегі фразеологизмдердің бұлайша өз ара мәндес келуі аударма тілінің жатық, түсінікті болуына септігін тигізіп, жалпы аудару жұмысын жеңілдетеді.
3. Қөптеген тұрақты сөз тіркестері бір тілден екінші бір тілге, сөзбе-сөз аударылады. Бұған идиомнан гөрі әсіресе макал-мәтел мен қанатты сөздер бейім келеді. Мысалы:
Ни рыба, ни мясо — ет те емес, балық та емес.
Как две капли воды — екі тамшы судай.
Рыбак рыбака видит издалека — балықшы балықшыны алыстан көреді.
Лучше поздно, чем никогда — ештен кеш жақсы.
Правда — хорошо, а счастье — лучше —- шындык, жақсы, ал ба-қыт одан да жақсы т. б.
Фразеологизмдерді орыс тілінен аударған кезде ерекше көңіл бөлетін тағы бір мәселе — ол тұрақты сөз тіркестерінің арғы шық-қан тегі. Мысалы, қазіргі орыс тілінде қолданылып жүрген фра-зеологизмдердің ішінде басқа тілдерден енгендері бар. Олар: “луч-ше поздно, чем никогда”, “убит время” (француз тілінен);“холод-ная война”, “железный уровень” (ағылшын тілінен); “невзирая на лица”, “Вот где собака зарыта”1 (неміс тілінен). Сонымен қатар орыс тілінде көне грек мифологиясына байланысты’ сөз образдары да көп кездеседі: “танталовы муки”, “авгиевы конюшни”, “троян-ский конь”, “яблоко раздора”, “Ахилесова пята”, “Дамоклов меч” т. б.
Осылар сияқты сөз орамдарының ең алғаш қай тілде, қандай мағынада қолданылып, қалыптасқанын жақсы білмейінше, оларды бірден аудара салуға болмайды. Қазақшаға мұндай сөз образдарын аударғанда сілтемеде олардың мағыналары ашылып, түсініктеме беріліп отырса дұрыс болады2.
1 М Шанский. Фразеология современного русского языка Москва 1973, 93-бет
Ондай түсініктемелер орыс тілінің фразеологиялық сөздіктерінде беріледі.