Нақ осы шақ
Нақ осы шақ
Нақ осы шақ қимылдың, іс-әрекеттің сөйлеп тұрған сәтте істеліп, болып жатқанын білдіреді. Нақ осы шақ етістіктің құрамына қарай жалаң және күрделі болып екіге бөлінеді.
а) Нақ осы шақтың жалаң түрі отыр, тұр, жатыр, жур деген етістіктердің жіктелуі арқылы жасалады. Бұл төрт етістік қалып етістіктері деп аталады. Қалып етістіктеріне жіктік жалғауы тікелей жалғанып, есімдерше жіктеледі.
Қалып етістіктерінің жіктелу үлгісі.
Жақ | отыр | тұрмын | жүр | жатыр |
I.
II.
III. |
отырмын отырсың отырсыз отыр — | тұрмын тұрсың тұрсыз
тұр — |
жүрмін жүрсің жүрсіз
жүр — |
жатырмын жатырсың жатырсыз жатыр — |
I.
II.
III. |
отырмыз отырсыңдар отырсыздар отыр | тұрмыз тұрсыңдар тұрсыздар тұр | жүрміз жүрсіңдер жүрсіздер жүр | жатырмыз жатырсыңдар жатырсыздар жатыр |
Отыр, тұр, жүр, жатыр деген қалып етістіктері III жақта жіктік жалғауынсыз жұмсалады. Бұнда да есімдер (мысалы, зат есім, сын есім, сан есім) сияқты III жақта жіктік жалғауы болмайды. Қалып етістіктерінің үшеуі (отыр, тұр, жүр) екі түрлі мағынада жұмсалады: 1) 2-жақ жіктеу есімдігімен (сен) тіркесіп, II жақ бұйрық мағынасын білдіреді: сен отыр, сен тұр, сен жүр: 2) 3-жақ жіктеу есімдігімен тіркесіп, III жақта жұмсалып, осы шақ мағынасын білдіреді: ол отыр, ол тұр, ол жүр. Ал жатыр етістікті II жақ бұйрық рай мағынасында жат (сен жат) түрінде 3-жақта жіктелгенде, жатыр (ол жатыр) түрінде қолданылады.
ә) Нақ осы шақтың күрделі етістіктің -ып, -іп, -п және -а, -е, -й тұлғалы көсемше түрі мен отыр, тұр, жүр, жатыр деген қалып етістіктерінің көмекші етістік мәнінде тіркесінен жасалады.
Бұл нақ осы шақ күрделі етістіктен жасалатындықтан да оның күрделі түрі деп танылады. Күрделі етістіктің құрамындағы көмекші етістіктердің (отыр, тұр, жүр, жатыр) жіктелуі арқылы шақтық мағына беріледі. Мысалы: Мен оқып отырмын. Сен ойнап жүрсің. Оқушы кітап оқып тұр.
Күрделі нақ осы шақтың жіктелу үлгісі.
Жақ | жекеше | көпше |
1.
2.
3. |
оқып отырмын оқып отырсың оқып отырсыз оқып отыр- | оқып отырмыз
оқып отырсыңдар оқып отырсыздар оқып отыр |