Микролиттер
Микролиттер – тас тілігінен не жаңқасынан дайындалған шағын еңбек құралдары; шағын тас бұйымдары. өз. 2 – 1 см сегмент (кесік), трапеция (қостабан), үшбұрыш секілді геометриялық қыстырма қалақшалар мезолит заманында пайда болып, қола дәуіріне дейін сақталған. Бұл кезеңдерде пышақ, қанжар, т.б. заттар сүйектен не ағаштан жасалды. Оларға ұзынша келген қиық саңылаулар түсіріліп, бұл жерлерге бірнеше Микролиттер шайыр не қара майлы затпен бекітілді. Осындай тәсілмен алғашқы қауым адамдары өздеріне күнделікті тұрмыста қажетті бірқатар бұйымдарды (қырғыш, сүргі, түйреуіш, біз, кескіш, жебе, сабын өңдеуге арналған қырғы, т.б.) дайындады. Олар жебе ұшы ретінде де көп қолданылды. Микролиттерді дайындау техникасының дүниеге келуі адамзат тарихындағы ірі жетістіктердің бірі ретінде бағаланды