Лекало дайындау
Лекало дайындау.
Негізгі сызбаны пішімдерге бөліп, қиып алуға болмайды. Өйткені пішу барысында қателіктер кетсе, оны түзету үшін міндетті түрде негізгі сызба қажет болады.
Сондықтан оның көшірмесін түсіріп алу керек.
Пішкенде матаны екі қабаттап жаятын болсақ, бұйымның жартысына ғана лекало керек. Егер барлық немесе кейбір бөлшектерді бір қабат етіп жайылған матада пішу керек болса (денебітім немесе модель асимметриялы болса, мата ірі өрнекті болса, түк қиғаш орналасса), лекалоның түгел жиынтығы қажет.
Бұйым сызбасы көшіріліп түсірілген «жұмысшы» қағаздағы барлық сызықтардың үстінен лекалоларға қиып пішпестен бұрын қаламмен сызып шығып, белгілер салады. Бойлық жіптің бағытын (Бж), бөлшек аттарын, қиықтарды, бақылау сызықтарын, бөлшек санын, өң, терістеме жағын көрсетіп жазып шығады. әрбір қиыққа тігіс қосымшасын, бақылау нүктелерінің орнын, бүкпесіндердің басын, аяғын көрсетеді. Қалтаның, бүкпесіннің бұрыштарын кесінді үшбұрыштармен белгілейді (бүкпесінің өзін қимайды). Қатпардың, бүрменің, жия үтіктейтін бөлігін, сызылған тұсын көрсетеді. Мойындық, жең түбі, қолтық ойындысы, жең аузының қабатталған сызықтарын тексере отырып, лекалоларды қияды. Лекалоны жайып шығардың алдында тағы бір рет бөлшектердің тізімін, санын тексеріп алады.