Күрделі сандардың тірек компоненті
Сөзжасам процесіне қатысатын элементтердін, бәрінің қызметі бірдей деуге келмейді Сөз синтетикалық тэсіл арқылы жасалғанда, қосымша, яғни сөз тудырушы жұрнақтың қызметі өте күшті, ол арқылы белгілі мағыналы туынды сөз жасалады және ол талай туынды сөздін, жасалуына ұйытқы болады. Сол сияқты күрделі сездін, жасалуына негіз болатын, бірнеше күрделі сөздін жасалуына ұйытқы болатын сөздер де болады Мысалъг. белбеу, желбау, оттегі, сутегі, қара ала, көк ала, қызыл ала т. б. Осындағы белбеу, желбау сөздерінің жасалуына негіз болып тұрған компонент — бау деген сөз Оттегі, сутегі дегендерде тегі деген компонент олардың жасалуына тірек болып түр. Ал көк ала, қара ала, қызыл ала деген күрделі сөздердін, жасалуьша ала деген сөз ұйытқы больш түр. Осы сияқты бірнеше күрделі сөздін, жасалуына ұйытқы болатын сөздер күрделі сөздің тірек компоненті деп аталады.
Күрделі сандардын, жасалуында да тірек компонент негізгі қызмет атқарады. Күрделі сандардың тірек компоненті, бірнеше күрделі санның жасалуына негіз болып, олардын, бәрінін, құрамынан бір орын алып, бәрінде бір мағына береді. Ондай күрделі сөздердін, басқа компоненті ауысып, тірек компонентке түрлі мағына қосьш отырады. Ондық пен бірлік аралас күрделі санда жаңа-мағына ондық пен бірліктің қосындысынан шығады. Мысалы: он бір, он екі, он үш, он төрт, он бес, он алты, он жеті, он сегіз, он тоғыз. Мұнда он саны тоғыз бірлік-пен тіркесіп, тоғыз күрделі сан жасаған. Әр ондық та осылайша тоғыз бірлікпен тіркесіп, тоғыз-тоғыздан күрделі сан жасайды. Ондықтардың тірек компонент болуы арқылы барлығы тілде 81 күрделі сан жасалған. Бұлардың бәрінде тірек компонент болатын ондықтар үнемі бірінші орында, ауыспалы компоненттер екінші орында тұрады.
Бірлік пен ондық аралас күрделі сандардыд бәрінде тірек компоненттің мағынасы сақталып, олардың мағыналастығын туғызып отырады. Мысалға отыз бір, отыз екі, отыз үш, отыз төрт, отыз бес, отыз алты, отыз жеті, отыз сегіз, отыз тоғыз деген бір тірек компонент арқылы жасалған күрделі сандарда отыз санының мағынасы олардың бәрінің мағына ортақтығын, байланыстылығын туғызып тұр.
Тілде тірек компонент болатын сандар көп емес, олар: ондықтар, жүздіктер, мыңдықтар. Мысалға жүздіктердің тірек компонент болуын келтірейік. Жүз сөзі жүздіктердің жасалуына тірек компонент болады. Мысалы: бір жүз, екі жүз, үш жүз, төрт жүз, бес жүз, алты жүз, жеті жүз, сегіз жүз, тоғыз жүз. Жүз саны тоғыз бірлікпен тіркесіп, тоғыз түрлі жүздіктің атын жасаған, яғни бұл модельде жүздіктердің аты жасалған. Осы күрделі сан атауларының жасалуына жүз саны негіз болып, бұл күрделі сандардың жасалуына ұйыткы, тірек компонент бо-лып тұр.
Жүздіктердің атында тірек компонент екінші орында, ауыспалы компонент бірінші орында тұрады. Жүздіктердің мағынасы бірлік пен жүздіктің көбейтіндісінен шығады. Жасалған осы күрделі сандардың бәрінде жүз саны-
ның мағынасы бар, ол осы жүздіктердің мағына байланыстылығын туғызып, жаңа мағынаға өзек болып тұр. Осы жасалған әр жүздік бірліктермен де, ондықтармен де, ондық пен бірлікті бірден қосып алып та күрделі сан жасап, оның бәрінде тірек компонент болады. Мысалы: екі жүз бір, үш жүз он, бес жүз он алты т. б.
Сөйтіп, жүз саны жүздіктің түрлерін жасағанда да, жүздіктер мен ондық, бірліктер араласқан күрделі сандардын, жасалуына да тірек компонент ретінде қатысады. Жүз саны, ол арқылы жасалған жүздіктер тірек компонент ретінде қатысып, тілімізде өте көп күрделі сан атауын жасаған. Миллионға дейінгі күрделі сандардын, жасалуында тірек компонент қызметінде қолданылатын сандардың еқ өнімдісі — мыңдықтар, мыңдықтардың түрлері де мол. Олардың әрқайсысы талай күрделі сандардын, жасалуына негіз болады, анығырақ айтсақ, ондық пен жүздіктер арқылы жасалған күрделі сандарды шығарғанда, қалған күрделі сандардьвд бәрі мындық арқылы жасалады. Мысалға мың, саны тоғыз бірлікпен тіркесіп, тоғыз мыңдықтың атын жасайды: бір мың, екі мын,, үш мың, төрт мың, сегіз мың, тоғыз мың. Мъщдықтар бір-лікпен ғана жасалып қоймайды, ол ондықпен де, жүздікпен де, жүздік аралас күрделі сандармен де тіркесіп жасала береді. Мысалы: он мың, жүз мың, жүз елу мың, тоғыз жүз тоқсан тоғыз мың т. б. Бұлардын, барлығьшда тірек компонент — мьң саны. Ол соқғы орында түрады, ауыспалы компоненттер тірек компоненттін, алдында тұрады. Тірек компоненттін, мағынасы бұл күрделі сандардың бәріне ортақ, бәрінің мағына байланыстылығын туғызады.
Осы жасалған мьщдықтар өзіне түрлі сандарды қосып алып, тірек компонент ретінде миллионға дейінгі басқа да түрлі күрделі сандарды жасайды: жүз елу алты мың алты жүз жетпіс сегіз, жүз елу алты мық сегіз жүз тоқсан тоғыз т. б. Бұларда тірек компонент болып түрған сан жүз елу алты мың. Осы сияқты мындықтар күрделі сандардың жасалуына негіз болады. Мьщдықтардьщ атында мың саны тірек компонент болғанда, күрделі санның соңғы компоненті болады, ал мындықтардың үстіне қосылған миллионға апаратын күрделі сандарға тірек компонент болған мыңдықтар бірінші орьыда тұрып, ауыспалы компонент соңында тұрады.
Сөйтіп, күрделі сан есімде тірек компоненттін. орны екі түрлі, ол күрделі саннын, алғашқы компоненті де, соңғы компоненті де бола береді. Мысалға ондық пен бірлік аралас күрделі сандарда тірек компонент бірінші орында, ауыспалы компонент екінші орында тұрады. Мысалы: он бір, отыз екі, қырық бес т. б. Ал жүздіктер мен мыңдықтарда екі түрлі заңдылық бар. I. Жүздік, мыңдықтардың аттары жасалғанда, жүз, мың сандары тірек компонент қызметінде күрделі санньщ соңғы компоненті болады. Мысалы: тоғыз+асуз, сегіз+жуз, алты+мың, жүз +мьщ, екі жүз алпыс екі+мыц т. б. Ал жүздіктердегі мыңға, мыңдықтардан миллионға дейінгі, жүздіктердің, мыңдықтардың үстіне қосылатын сандардың бәрі ауыспалы компонент болып, күрделі сандардың соңында тұрады. Мүндай күрделі сандарда жүздіктер, мыңдықтар тірек компонент қызметінде күрделі санның алдында тұрады. Мысалы: алты жүз+елу бес, сегіз жүз+жетпіс үш т. б. Бұдан жүздіктер мен мыңдықтардьщ тірек компонент қызметінде күрделі сандарда бірінші орында да, екінші орында да тұра беретіні анықталды, олардың күрділі санда қай орында тұруы қандай сандарды жасауыыа байланысты. Біз миллионға дейінгі күрделі сандармен шектелгендіктен, одан жоғарғы сандардың тірек компо-ненті мұнда сөз етілмейді.
Күрделі сандардың жасалуына ұйытқы болатын тірск компоненттер туралы келесі бір мәселе олардыц құрамы туралы. Күрделі сандарға тірек компонент болатын сан-дар дара да; күрделі де бола береді. Мысалы: отыз+екі, алпыс+бес, екіХжүз, үшХжуз, бесХмыц, тоғызХмың, жузХмыц т. б. Мұнда келтірілген күрдслі сандар да тірек компонент арқылы жасалған. Ал жүз сексен жеті мың+-алты жуз алпыс екі, бес жүз+тоқсан бес деген сияқты күрделі сөздердің алғашқысында тірек компонент төрт сөзден тұрады, соңғысында екі сөзден тұрады. Күрделі сан жасаушы тірек компоненттің құрамы түрлі болатыны — заңды құбылыс, өйткені тілдегі сандардың құрамы түрліше. Олардың әрқайсысы сан жасауға қатысады, сондықтан да күрделі сандар жасаушы компоненттердің құрамы түрліше бола береді.