Кітаби сипаттағы фразеологизмдер
Қай стиль болмасын оның өзінің ерекшелігі болады. Ол ерек-шелік стильдерді бір-бірімен салыстыруда байқалады.Сөйлеу тілінің фразеологиясы күнделікті тұрмыста ауызекі сөйлеуде қол-данылып, оның экспрессивті стильдік бояуы еркелету, әзіл-сықақ, тұрпайы, қарапайымдылық мәнде болса. кітаби тіл фразеологизм-дері көбіне жазба тілге тән. Қөркем шығармада поэтикалық сипат, публицистикалық шығармада салтанаттылық басым болса, ғылыми шығармалар логикалық дәлдікті тілейді т. б.
Ал жазба тіл фразеологиясы поэтикалық, публицистикалық және терминдік сипатта болып келеді. Бұл топтағы фразеологизмдерге жазба тілінің негізінде қалыптасқан тұрақты сөз тіркестері түгел-енеді.
Жазба тілдің негізінде қалыптасқан фразеологизмдер құрамы жағынан әр алуан.Бұл топта қанатты сөзге айналып кеткен саяси қайраткерлер мен жазушылардың әр кезде айтқан сөздері мен күрделі терминдер, саяси ұрандар бар. Қанатты сөздерге жататын тіркестер: “Аз да болса, жақсы болсын, қуып жету және басып озу. Совет өкіметі және оған қоса бүкіл елді электрлендіру” (В. И. Ленин). “Өлі жандар” (Гоголь). “Дворян үясы” (И. С. Тургенев).“Құндақтағы адам” (А. П. Чехов). “Адам деген — ардақты ат, Егер жау берілмесе, оны құртар болар” (М. Горький). “Өмір де жақсы, өмір сүру де жақсы”(В. Маяковский). “Адамдар, мен сіздерді сүйген едім. Қырағы болыңдар!” (Юлиус Фучик) т. б.
Бұл сөз орамдары орыс тілінен публицистикалық және көркем шығармалар арқылы еніп-, қазақ тілі фразеологиясын байыта түсті. Сондай-ақ қазақ ақын-жазушыларының қаламына тән қанатты сөздер аз емес. Мысалы, “Әкесінің баласы адамның дүшпаны, адамның баласы бауырың. Адам баласына адам баласының бәрі дос. Адамның адамшылығы істі бастағанынан білінеді” (Абай). “Өнер-білім бәрі де оқуменен табылған” (Ыбырай). “Ереуіл атқа ер салмай”(Махамбет). “Аянбаған жауды алар” (Жамбыл). “Ар жазасы — бар жазадан ауыр жаза. Жалған намыс қасиет емес, ар сақтаған қасиет (Мұхтар). Жасық болудан жігер артық. “Адамға өткен дәуір бэрі сабақ” (Сәбит).
_Жазба тілінің негізінде қалыптасқан фразеологизмдердің бір түрі терминдер. Терминдердін, фразеологизмдерге ұқсас болатын жерлері бар. Алдымен күрделі терминдер сөз тіркесі күйінде жұмсалып, зат және құбылыстың атын білдіреді. (Темір жол, үн-дестік заңы, квадрат теңеу, өзіндік құн, сюжеттік линия, тап жауы, абсолютті ақиқат т. б.) Заттың, құбылыстың аты — тұрақты кате-гория. Солай болғандықтан күрделі терминдер де тұрақты сөз тір-кестері ретінде қолданылады. Қейбір күрделі терминдер бейнелі сөз тіркестерінің үлгісінде келеді (су қараңғы, соқыр ішек, асқазан, көз эйнек, сегіз көз, ақ олимпиада, Қызыл алаң, Жетіқарақшы, көгілдір тың, көгілдір отын т. б.)
Күрделі терминдердіқ бұл белгілері оны тұрақты сөз тіркестері ретінде қарауға болатындығын көрсетеді.
Күрделі терминдер заттық және кұбылыстың аты болғандықтан өмірдін, әр түрлі салаларын қамтиды (ғылым, техника, спорт, ша-руашылық т. б.).
Ғылыми терминдердің өзі дәл ғылымдық, техникалық терминдер (айнымалы айналыс, шексіз бөлшек, квадрат, теңдеу, соқыр ішек, фрезерлі станок т. б.) және гуманитарлық ғылымдар мен саяси-әлеуметтік терминдер (социалистік реализм, сюжеттік линия, жағымды образ, ақ өлең, музыкалық эуен, сахна шеберлігі, қыл қалам, өзіндік қун, ұлт-азаттық бостандығы, жеке адамға табыну, тап тартысы, тап жауы, социалистік өмір, коммунистік болашақ т. б.) болып бөлінеді.
Әкімшілік және шаруашылық терминдерге өндірістік күш, өн-діргіш күш, өндіріс озаты, Социалистік Еңбек Ері, Құрмет тақтасы, коммунистік еңбек бригадасы, ауыр өндіріс, үлкен химия, тың игеру, екінші тың, көгілдір тың т. б. тіркестер енсе, спорт терминдерінің қатарына футбол алаңы, жасыл алаң, еркін стиль, жеңіл атлетика, ауыр салмақты, ақ олимпиада т. б. осылар сияқты тіркестер жатады.
Саяси ұрандар: Бейбітшілік жасасын! Халықтар достығы жа-сасын! Коммунистік партияның даңқы арта берсіні т. б. Сондай-ақ публицистикалық шығармалардың негізінде қалыптасқан комму-низм құрушыларының моральдық кодексі, қырғи қабақ соғыс, со-ғыс өртін тұтандырушы, Бостандық аралы(Қуба), бейбіт қатар өмір сүру сияқты сөйлемшелер мен патриоттық өлеңдерде айтылатын: кең-байтақ, менің туған елім, партия қайда болса, жеңіс сонда, кэріге құрмет, жасқа жол, әрқашан. күн сөнбесін тәрізді күрделі тіркестерді де фразеологизмдердің құрамында қарастырған жөн.