ЖИНАҚТАУ ЖӘНЕ ДАРАЛАУ
Әдебиетте адам бейнесш жасаудың амалы алуан түрлі. Ол сөздегі суретпен ғана бітпейді, көркем бейне жасауға қажет өмірлік материалды жинақтаудан әдеби тұлғаны даралауға дейін барады.
Шындықты көркем жинақтау жайлы әр тарап пікірлер бар. Жинақтау дегеннің өзі — әдеби тип жасау әрекеті. Ал типтендіру турасындағы пікірлер тіпті қым-қиғаш. Әдебиет пен өнердегі типтілік дегенді кейбіреулердің жеке-дара проблема қып бөліп әкетіп, оның маңында жан түсшбес жаңылтпаш қисын қалыптастырмақ боп, қай-қайдағы қасаң қағидаларды тізеге сап иіп құ-растыруы әсіресе кісі қынжылар нәрсе болатын. Олар, -айталық, “типтілік дегенді белгілі бір әлеуметтік тарихи құбылыстардын, мәніне әкеліп соғатын, реалистік өнердегі партиялылықты көреетудін, негізгі сферасы деп бел-гілейтін, тштілік проблемасы дегеніміз — әрқашан да саяси проблема, сондықтан көркемдік образды саналы түрде әсірелеу ғана оның типтілігін неғұрлым толық ашып, айқындай түседі деген формуланы” ** қолдан жасап, әдөби жұртшылықты схоластикалық бытпылдыққа салды да жіберді.
* “Литературная газета”, 1962, № 118.
** Әдебиет пен өнердегі типтілік туралы мәселе жайында, “Қазак әдебиеті” газеті, 1956, № 3.
Дұрысында, осынша танаурап, қолдан “қисын” құрастырудың қажеті жоқ еді. Типтендіру деген суреткердің іс жүзінде өмір шындығын өз дүние танымы тұрғысынан белгілі бір уакыт пен кеңістікке, әлеуметтік орта мен дәуірге сай талғап-тануы, таңдап іріктеуі және жинақтауы, сол арқылы өзі жасап отырған көркем бейнені сомдауы, тұлғаландыруы, даралауы болып табылады. Мұның өзі, сайып келгенде, әдебиетшінщ әдеттегі әрекеті, яки творчестволық процесс. Мұны ешбір суреткер “типтілік” хақындағы “қисынға”, схемаға, “үлгіге” қарап жасамайды. Творчестволық процесс үстінде, тіпті, “өзім суреттеп отырған образ, портрет, характер дегендердің не екенін өзім жөндеп біле бермеймін;— дейді Гончаров,— менің көретінім — көз алдымда тұрған тірі кісі, осыған ғана қараймын, осының өзін дұрыс суреттеп отырмын ба, жоқ па деп абыржимын, оны өзгелермен қарым-қатынасқа көшіріп, тағы бір кезек соған үңілемін…”
Демек, типтендіру — мөлшерлі “сфераға” енетін, өлшеулі “формулаға” көнетін әрекет емес, ақиқат өмірдегі тірі кісілерден әдеби шығармадағы жанды бейнелер туғызудың аса қиын, күрделі және әрқашан тың, тынымсыз харекеті. Суреткер өзі жасаған көркем бейненің кұны мен қасиетін қасаң қағидаға қарап белгілемейді, оның өмірдегі жанды дерегіне қарап бағалайды. Жазушыға тип жасау әрекетінің үстінде керегі — типтілік туралы “қисын” емес, тірі мүсін — прототип.
Егер біз прототипке мән бермей, типтілік туралы жоғарыда мысал келтірілген схоластикаға иек артсақ, тағы да, сол мақалада атап көрсетілгендей, “тек әлеуметтік мәнді ғана ескеріп, көркем жинақтаудың табиғатын елемейтін болсак, онда нағыз сыншыл талдаудың орнына, сөзсіз, жалпы пайымдауларға” ұрынамыз. Бұлайша жалпылама пайымдасақ, “шынында да, Онегин мен Печориннің әлеуметтік-таптық “мәні” бір сияқты. Бірақ олардың әрқайсысын біз өзіне тән қүштарлықтары, өзіне тән тағдыры, тағысын тағылары бар айрықша адамдар ретінде қабылдаймыз” *’. Сондықтан болса керек, Пушкиннің замандастары оның Онегинін “белгілі бір әлеуметтік күштің мәнінін, жиынтығы” деп қараған жоқ,
* Әдебиет пен өнердегі типтілік туралы мәселе жайында, “Қазақ әдебиеті” газеті, 1956, № 3,
сол кездегідворян жастарынын, тірі өкілі іспетті типтік тұлға деп таныды. Онегиннің “өз басым,— деп жазды Бестужев Пушкинге,— өңімде мьщын көрдім”*.
Әр жазушыньщ творчестволық лабораториясын зерттеген адам онын. өмір шындығын көркем жинақтау, яки әдеби бейнелерді типтендіру әрекеті, көбіне, әр типке прототип табудан басталғанын байқар еді. М. Әуезов эпопеясынын, әр типінің өмірде моделі — прототипі болған. С. Мұқановтың Амантайының түп төркіні Аманкелдіде жатса, Балуан Шолағы — Балуал Шолақтан, Шо-қаны—Шоқаннан, Сәкені—Сәкеннен туды. Ғ. Мүсіреповтің Ақаны мен Қайрошы да солай. Ал X. Есенжанов трилогиясындағы типтер ше? Бәрінің негізінде прототип жатыр. Задында, прототип реалистік шығармалардағы көркем бейнелерді нанымды етудің, шындықты шынайылаудьщ құралы секілді
Дәл осы себептен болуға тиіс, қыл қалам шеберлері мен сөз зергерлерінін бірқатары өздері өнерде жасамақ болған типтерге өмірден әдейі прототиптер іздеген. Мәселен, Леонардо да Винчи Иуданың прототипін іздеп, Флоренцияньщ түкпір-түкпірін түгел тінтіп шыққан. Федотовтын, “Майор құдалығына”, Репиннің “Бурлактарына” прототиптер іздеуі де осыған ұқсас. Ибсен прототип суретшіге қандай керек болса, драматургке де сондай керек екенін айтқан. Лесков көркем шығарма жазбас бұрын өзінің әрқашан “жан дүниесімен көз тартып, көңіл ұйытар тірі кісілер” іздеп жүретінін мойындаған.
Мұндай әрекет реализмге дейін шынында да сирек ұшырасады: классицизм мен романтизм өкілдері прототипті көп пайдалана қоймаған Типтің түп нұсқасын прототиптен табу — шыншыл суреткерлерге тән мінез. Бұл ретте, Грибоедовтық “Ақылдан қайғысындағы” шыншылдық сыры тіпті қызық: комедиядағы типтер галереясынан Моокваньщ әр ақсүйегі өзін тауып ала берген. Чеховтьщ “Желіккен жеңгейіндегі” прототипке негізделген типтін, нанымдылығы мен шынайылығы авторды әжептәуір дауға қалдырулы: “Сіз мынадай қызық көрдіңіз бе,— деп жазды Чехов 1892 жылы Авшюваға,— мен білетін бір 42 жастағы әйел “Желіккен жеңгейдегі” жиырма жасар келіншектен өзін танып, бүкіл Москва
* А А. Бестужев-Мардинский, Екі томдық жинақ, М, 1958, 2 т. 627-бет.
мені жалақор деп жазғырып жатыр. Басты дәлел — сыртқы ұқсастық: бұл әйел де бояуға бейім, мұның да күйеуі — дәрігер, тамыры — суретші” *.
С. Мұқанов жазушы лабораториясы жайлы өткізген_ кеңестерінің бірінде
Ғ. Мүсіреповтің “Талпак танауындағы” шошқа бағатын Есен^қарттың прототипі, дәл осы әңгімеде суреттелгендей, бір кездегі “Жаңа жол” кол-хозында тұратын Есен деген ақсақал шебер суреткердің шымыр, шымшыма юморына шыдай алмай, Қызылжар маңынан Омбыға қарай қашып көшіп кеткенін айтып, тыңдаушы жұртты қыран-топан күлкіге қарық қылғаны бар
Дей тұрғанмен, бұл айтылғандарға қарап, әр жазушының шыншыл өнерінен туған әр типтің өмірде әрқашан да нақты прототипі болуға тиіс және оның өзі көзбен көріп, қолмен ұстарлық біреу ғана болуға тиіс десек, қателесеміз Суреткер бір ғана модельмен қанағаттанбайды, бір типті бірнеше прототиптен жинақтап жасайды. “Бакыт” романының бас кейіпкері Воропаевтың бейнесін “гүлден бал терген арадай әр түрлі адамдардағы әр алуан өзгешеліктерден жинап” тұтастырған Павленко секілді, әр жазушының әр кейіпкерінің сыртқы түрі мен ішкі сыры да бір кісі емес, бірнеше адамдардың болмыс-бітімдерінен жинақталмақ. Және осының өзі — творчество адамына тән табиғи процесс. Мұны И. С Тургенев былай түсіндіреді: “Мөн, мысалы, өмірде қайдағы бір Фекла Андреевна, қайдағы бір Петр, қайдағы бір Иван дегендерге кездесем де, кенет осынау Фекла Андреевнадан, анау Петрден, мынау Иваннан бұрын-соңды көзім көріп, құлағым естімегөн ерекше қасиеттер табамын, сырлар ұғамын, таңданамын. Қейін Фекла да, Петр де, Иван да жөн-жөніне кетеді, бірақ олардан менің алған әсерім өзімде қалады, пісш, ширай түседі. Мен әлгілерді бөгде біреулермен салыстырамын, бөтен бір әрекеттерге ойша араластырып байқаймын, ақыр аяғында менің көз алдымда өзгеше бір өмір пайда болады.. Енді бірде күтпеген жерден, тіпті ойда жоқ жерден осы дүниені суреттегім келеді де, бар ықыласыммен рақаттана отырып, іске кірісемін”**.
* А П. Чехов, Шығармалар, М, 1956, 11 т, 570-бет
** Орыс жазушылары әдеби еңбек туралы Л, 1955, 2 том, 755-бет
Типтік тұлғаны жинақтау, көркем бейнені даралау процесі, міне, осылай басталады.
Жинақтау үшін суреткерге, бәрінен бұрын, талғампаздық керек. Әдебиеттегі адамның психологиясы мен іс-әрекетінің әр алуан бұралаң-иірімдерін ғана емес, сол көркем бейнені жасауға керек өмірлік материалдың өзін жазушы сұрыптап, саралап пайдаланады. Бұл ретте, мәселен, Хемингуэй әдеби творчествоны айсбергке балайды. Айсбергтің су бетінде көрініп тұрған бөлегі — су астында жатқан бөлегінің тек жетіден бірі ғана болады екен. Сол секілді қаламгердің белгілі бір көркем шығармада жазып көрсеткен жайларынан көрсетпеген жайттары әлдеқайда артық, көп болғаны жақсы. Шығармаға қажеті шамалы, “альш тастауға болатын нәрсенің бәрін алып тастай берген жөн,— дейді Хемингуэй,— олар су астына кетеді де, біздің айсбергімізді орнықтырып, нык бекіте түседі”.*
Бұл, әрине, шартты айтылған пікір, бірақ талғампаздық тұрғысынан өте дұрыс қойылған талап. 1957 жылы “Абай жолы” эпопеясын талқылаудың қор^ытындысында М. Әуезов те көркем жинақтау жайлы, жинақтауға қажет талғамтіаздық туралы, әдебиеттегі адам бейнесін жасауға қажет, дәуірлік шындықты суреттеуге қажет материалды сұрыптап пайдалану жөнінде айта келіп: “Төрт том “Абай жолы” үшін жинап, жинақтап және сұрыптап пайдаланған материалымнан әлі де дәл осындай төрт кітапқа жететін материал пайдаланылмай, артық қалды”,— деп еді. Бұған илануға әбден болады. Мұндай талғампаздық жоқ жерде жинақтау жоқ, демек, типтендіру де жоқ.
Сонымен, әдебиеттегі шындықты, яки адам образын жасауға қажет өмірлік материалды жинақтау (обобщение) тек типтендіру тәсілімен ғана жүзеге асады. Мұның өзі типтілік проблемасы — әдебиеттін, жалпы мәні мен маңызына жағалай теліне ‘беретін жадағай, жалаң уағыз емес, жаппай жапсырыла беретін жамау емес, терең творчестволық сипаттағы орасан күрделі мәселе екенін аңғартады. Бұл туралы жоғарыда аталған мақалада “типтілік пен партиялылықты теңдестіру, типтілікті реалистік өнердегі партиялылықтьщ көрінетін негізгі
* Эрнест Хемингуэй өз жұмысы жайлы. “Вопросы литературы” журналы, 1960, № 1.
сферасы, ол тек қана саясилыққа саяды деп қарау — әдебиет пен өнердегі кұбылыстарды тарихқа қарсы тұрғыдан бағалауға итермелейтіні; суреткердің жасаған заманы мен жағдайларын ескермей, оның дүниеге көзқарасының, сипатын терең талдамай, типтілік атаулынық бәрінен партиялық позицияның көрінісін «»табуға тырысу — әдебиет пен өнердің партиялық принципіндегі нақтылы-тарихи мазмұнды көмескілейтіні” дәл және әділ айтылған. Творчествоның психологиясы — тым табиғи нәрсе, ол жасандылыққа көнбейді, жаттампаздық жетегіне ермейді.
Шындық кұбылыстарды типтендіре жгінақтау арқылы суреткер болашақ образдың немесе типтің жалпы бітімін, тұлғасын қалыптастырумен қатар оның ішкі ерекшелігін ашып, мінезін даралайды. Әрбір әдеби тұлғаны өз ортасынан адам ретінде бөлек, оқшау танытып тұратын, оның тек өзіне ғана тән, өзгелерде жоқ және қайталанбайтын психикалық ерекшеліктері болуы Шарт. Суреткердің өмір шындығын жинақтау әрекеті әрқашан оның адам мінезін даралау әрекетімен ұласып, ұштасып жату себебі де сондықтан деп білу керек.
Мінез деген не?
М і н е з — а д а м н ы ң і ш кі б о л м ы с ы, б е л гі л і қ о ғ а м д ы қ
ж а ғ д а й қ а л ы п т а с т ы р ғ а н қ о ғ а м д ы қ қ ұ л қ ы, б а р л ы қ
п с и х о л о г и я л ы қ е р е к ш е л і к т е р і н і ң ж и ы н т ы ғ ы.
Мінез жоқ жерде, Л. И. Тимофеевше айтсақ, ақиқатты “адамдандыру” мүмкін емес. Ал біз әдебиетте ақиқат шындықты тек адамдар арқылы ғана танитынымыз белгілі. Сондықтан өз шығармасында “өндірістік процестерді суреттеудің тасасынан болар-болмас бұлдырап көрінетін кері ауызданған мәнекендер” * емес, толық қанды көркем образдар жасағысы келген суреткер бар шеберлігін өмір шындығын жинақтаумен қатар адам мінезін даралауға жұмсайды.
Суреткер үшін керемет қиын нәрсе “адамның жаны мен жүрегіндегі көзге ілінбес көп иірімдерді” (Гоголь) табу, тану және жазу. Сезімнің тілі — бір түрлі, тілсіз тіл. Сол тілсіз сезімге тіл бітіргендей, қағаз бетін адамның ішкі күйінің суретіне, құбылысына, қимылына ай-
* Әдебиет пен өнердеп типтілік туралы мәселе жайында, “Қазақ әдебиеті” газеті, 1956, № 3.
налдыру — суреткерден қаншалық нәзіктікті, шеберлікті қажет ететіні түсінікті болуға тиіс.
А. Г. Цейтлиннін, зерттеуіне қарағанда, адамнын, мінезін — сезім “иірімдерін” суреттеу — Жорж Сандтың қолынан келмеген нәрсе де, Писемскийдің ең осал жері. Пушкин Вольтерді “алпыс жыл жазса да адамында жібі түзу мінез жоқ, оңды-солды лепірген құр сөз ғана бар” деп әжуалаған. Бұл да тегін емес. Ал Лев Толстой үшін “ең басты нәрсе — адамның жан тіршілігі”. Сондықтан ол “Соғыс пен бейбітшілікті” жазу үстінде эпопея қаһар-мандарыньщ әрқайсысына алдын ала жан-жақты “мі-нездеме” жазып, әр алуан “чісихологиялық паспорт” толтырып отырған. Қызық жері — әр кейіпкердің мінез-құлқындағы алты түрлі (дәулет, қоғамдық, махаббат, ақындық, парасат және семьялық) ерекшелікке айрықша назар аударған.
Мәселен, Толстойдың қолжазбасында Пьер (әуелі Петр атанған) Безухов былай мінезделіпті:
Дэулеті. Әкесі ауқатты. Баласы қолына түскеннің бәрін шашып-төккен, екі рет қарыз төлеген, бас та тартқан. Қолы ашық, ойын құмар, кедейлік дегенді біледі және одан саспайды.
Қоғамдық құлқы. Қісі таниды, оп-оңай алдай біледі де, күледі. Қаласа, би ме, бейшара ма,— бәрі бола алады Өзгеге қарайлауды суханы сүймейді, бәрін өзі… Әдеттен тыс атақ құмар. Бетін, бар, жүзін. бар жоқ, әрқашан қарсыласа кетеді. Әдеп-тәртіп дегендер миына да кірмейді. Қаталдығы да шексіз, кайырымы да шетсіз.
Сүю сипаты. Шүрыл, өліп-өшіп сүйеді де, сүйгенінен со бойда жеріп шығады. Әйелдерді әзірейілдей кереді. Әйелдер жиналған жерге аттап басқысы келмейді — бәрі ақымақ. Жиренбейтіні… (аяқталмаған).
Ақындыққа қатысы. Музыкаға жаны қүмар, даусы әрі-сәрі. Ән салады. Ғашық болды ма, көздегеніне колы жеткенше есі кетеді, Россияны жан-тәнімен сүйеді, достыққа мықты.
Парасат жағы. Бәрін тез түсінеді. Барлық жағынан сұлу сөйлейді. Алысты болжайды. Өз пәлсапашылдығынан өзі шошиды. Өлмес өмір жайлы жиі айтады, бәрін білгісі кеп, басы қатады Наполеонды күндейді.
Семья халі. Әкесі — министр француз. Ағасы дипломат, оны жек көреді, Волконская — шеше жағынан немере. Анасы, (?) туған…
Наташа (әуелі Наталья атанған) Ростованың мінездемесі де қызық:
Мырзалығында шек жоқ.
Өзіне өзініқ сенімі мығым. Қылығы қым-куыт, бәрі жарасады, бәрінін, зықысын шығарады және мұны бәрі жақсы көреді. Мақтау сүйгіш.
Музыканы біледі, түсінеді әрі есі кеткенше сезінеді Кенет жабыркау, кенет ессіз жайдары. Куыршақтар.
Сүю сипаты. Күйеу керегіп жүр, екеу болса да тайынар түрі жоқ, өзіне бала да қажет, махаббат та, төсек те керек.
Ақылсыз, бірақ сүйкімді, оқымаған, түк білмейді, ал сыр бүгуге шебер-ақ.
Әрине, бұл “мінездемелер” эпопеяны жазу үстінде талай өзгеріске ұшырады, бірақ екеуініқ жан дүниесіне де негіз болғанында дау жоқ.
Жә, гәп мұнда да емес. Гәп ұлы жазушының адам мінезін даралауға асқан жауапкершілігінде жатыр: ол өз кейіпкерлерінің ішкі бітімін бүкіл творчестволық әрекетінің өн бойында бір сәт көзден таса қалдырмаған, әр адамның ақылын, ойын, сезімін, білімін, мәдениетін ашқан үстіне аша берген. Өзінің осы әрекетінің үстінде өз қаһармандары көркем шығармадағы образдан гөрі, ақиқат өмірдегі кәдімгі тірі кісілерге айналып, автордың еркінен тыс, бұл “мүлде қаламаған харекеттер жасай берген”. Мәселен, Анна Каренина, автордың әуелгі жоспары бойынша “адам түңілгендей бұзық әйел” болуға тиіс еді, шын тұлғасын, мінезін даралай келгенде, кесек, күрделі, тамаша, тартымды бейне боп шыққан. Өзі айтқандай, автордың еркіне бағынбай кеткен.
Мұндакг жағдай бір Л. Толстой емес, көрнекті қаламгерлердің бәрінің басында болған. Мәселен, Гаршиннін, “ақылды қып көрсеткісі келген кісісі алаңғасар бірдеңе” боп шықса, Короленконың “адамы… бұйрығына ба-ғынбай, өзінше және өз мінезіне лайық әрекеттер жасаған”. Ал Тургеневтің Базаровы болса, автордын, “өзін бағындырып, оған ағымдағы діни, саяси және әлеуметтік маңызды мәселелер турасындағы өз пікірлерін айтып, өз атынан күнделік жаздырып” отырған. Мінезі әбден дараланған, тұлғасы тірі кісі дәрежесіне жеткізілген қаһарман “тек өз қалауымен ғана харекет жасайтынын” * қаламгерлер түгіл, кезінде Гегель “қарияның” өзі де атап өткен болатын. Соған қарағанда, Пушкиннің Онегинге қоспақ боп жүрген “Татьянасы, мүлде күтпеген жердөн, күйеуге шығып, Петербургтің қайдағы бір графымен қашьш кеткенін” айтып күйзелуіне иланбасқа болмайды.
Гегель, Шығармалар, М, 1938, XII т, 245-бет.
Өз дәуірімізге келсек, айталық, Горький “кітап кейіпкерлерінің біріне-бірі ұқсамауы” үшін олардың әркайсысына автор “өздері қалаған іс-әрекет, ой-қиял бостандығын” беруін талап етсе, Алексей Толстой әр қаһарманның “өзінше өмір сүруін…” олар автордың “жоспарын бұзып, мақсатына қарсы” боп, оны “өз мақсаттаңына жетелесе”, көну керектігін, “персонаждардың мұндай бүлігінен кітаптын, ең қызық беттері” туатынын ескерткен. Ғабиден Мұстафин “Дауылдан кейін” романын жазу үстінде бар күшін кітап кейіпкерлерінің “біріне-бірі ұқсамау жағын қадағалауға” жұмсағанын айтады. “Меніңше,— дейді ол,— сөзі, мінезі, пішіні, ой әрекеті тек өзіне тән, дара-дара адамдар көбейе берсе, кітап күшейе береді. Ал адамдары көбейгенімен, біріне-бірі ұқсай берсе, әлсірей бермек” *.