Акросома
Акросома (acrosoma; гр. acros — үшы, шеткі; лат. soma — дене) — сперматозоид басының алдыңғы бөлігінде орналасқан оймақ тәрізді құрылым. Ол — құрылысы күрделі өзгерістерден өткен Гольджи кешенінің туындысы. Акросома ішкі және сыртқы жарғақтан және олардың арасындағы гидролаза ферменттеріне толған денешіктен түрады. Ұрықтану кезінде сперматозоид акросомасы жұмыртқа жасушасының (овоцит) сыртқы қабығын құрайтын жасушалардың желімдегіш гликозамингликандарын (мукополсахаридтерін) ерітетін гиалуронидаза, протеаза, арильсульфатаза, акрозин ферменттерін бөледі. Нәтижесінде овоцит цитоплазмасына, оның мөддір аймағы арқылы сперматозоидтың басы мен мойынының енуіне толық мүмкіндік туады.