Адреналин
Адреналин(лат. adrenalinum; лат. ad — маңында, қасында; лат. ren — бүйрек) — бүйрекүсті безінің бозғылт затын құрайтын хромаффинді жасушалар тобының адреноциттері (адренонефроциттер) бөлетін гормон; бүйрек үсті бездерінің қабатында болатын ми тәрізді заттан түзілетін гормон.
Адреналин негізгі зат алмасу процесін күшейтеді: көмірсулар–майлар алмасуын жүрек қан тамырлары және бұлшық еттер жұмысын реттейді. Оқыс түскен үлкен физикалық немесе психологиялық ауыртпалықтар жағдайында ағзаның оларды тез жеңуіне көмектеседі. Адреналиннің өте аз мөлшерінің өзі жүрек жұмысын күшейтеді сүтқоректілердің бас миының кейбір нейрондары синтездейтін катехаломин тобына кіретін медиатор. Адреналиннің секрециясы ағзаның жаңа жағдайларға бейімделуге байланысты өзгерістерге ұшырауы кезінде күшейіп тыныс алуды шапшаңдатады қандағы глюкоза мен бұлшық еттердегі сүт қышқылын көбейтеді.
Адреноциттер түрі өзгерген симпатикалық жүйке жүйесінің нейроциттері болғандықтан, адреналинді қозу кезіндегі постганглионды симпатикалык жүйке талшықтарының үштары да бөледі. Адреналин катехоламиндерге жатады. Адреналиннің әсерінен құрсақ қуысындағы қан тамырларының арнасы тарылып, көкбауыр мен бауыр қан тамырларындағы қанның қоры қан тамырларына шығарылады да, қан айналымындагы қанның мөлшері көбейеді; жүрек пен ми қан тамырларының арналары кеңейеді; жүректің жұмысын күшейтеді; көмірсудың организмдегі алмасуын реттеуге қатысады (бауыр жасушалары мен бұлшықеттер талшықтарында қорланған гликогеннің глюкозаға айналуын қамтамасыз етеді)