Өсімдіктер зоналары мен биіктік белдеулері

Өсімдіктер зоналары мен биіктік белдеулері
Биік солтүстік ендіктерде бір-бірінен оңай ажыратылатын, бірінің артынан бірі келетін, үш зона: полярлық (арктикалық шолдің зонасы), тундралық, орманды зоналар циркумполярлы орналасады.

Олардың ең қаталы, сондықтанда осімдіктер үшін ең қолайсызы поляр зонасы болып табылады. Бұл жерде вегетациялық кезең, томенгі температурада, қысқа поляр жазында отеді. Ең жылы ай шілденің (июль) орташа температурасы 0°С аспайды. Бұл қысыңқы зонаның құрамына Таймыр түбегінің солтүстік шеті мен аралдардың мынадай тобы: Жаңа Жердің солтүстік аралдары, Солтүстік Жер, Франц-Иосиф Жері, Новосибир аралдарының бір болігі, Геральда аралдары және т.б. кіреді. Бұл зонада осетін өсімдіктердің түрлерінің жалпы саны 40-50-ден аспайды.
Жердің бетін тұтас басып (жауып) жатқан өсімдіктер жабыны жоқ. Тек жекелеген өсімдіктер немесе мүктер мен қыналардың аздаған тобы (куртинки) қиыршық тастар мен үлкен тастардың арасыңда шашыраңқы болып оседі.
Поляр зонасына континентті экватордан солтүстік және оңтүстік еңдіктерге қарай 7—8°С-тьщ деңгейінде орап жататын ылғалды (жаңбырлы) тропикалық ормаңдар зонасы (гилеи) мүлдем қарама-қарсы болып келеді. Бұл жердің ауа райы тұрақты болады. Жылдың орташа температурасы 18-20°С-тан төмен болмайды. Ең төменгі температураның өзі 0°С шамасыңда болады. Жаңбыры көп және ол жылдың барлық мезгілдеріңде бірқалыпты жауады. Жылдық ылғалдылықтың мөлшері 8000—10000 мм-ге дейін жетеді. Өсімдіктер жабыны тұтас (сомкнутый), көп ярусты. Оның құрамында өсімдіктердің көптеген өмірлік формалары, экологиялық топтары және алуан түрлі түрлері бар. Жаңбырлы тропикалық ормаңдар батыс ендікте де, шығыс еңдікте де жақсы жетілген. Құрылысы жағынан, түрлерінің құрамы жөне олардың комплексі (ассоциациясы) жағьшан бұл ормандар біркелкі емес. Олардың тіршілік формаларының ішіңде ағаштар -фанерофиттер айқын басымдық көрсетеді. Түрлерінің саны жағынан ағаштанған лианалар ағаштардан аз болмайды. Тек орман арасыңдағы ашық жерлерде (прогалинах), негізінен су жағалауларыңда, шоптесін өсімдіктердің қауымдастықтары (ассоциации) — биік шөптер түзіледі. Олардың құрамыңда банандар (Мша туысы), аройниктер), канналар (Саппа туысы), папоротниктер бегониялар бар.
Екі бір-бірінен қарама-қарсы орналасқан зоналардың арасында бірін бірі занды түрде ауыстырып отыратын аралық зоналар жатады. Климаттың, сонымен бірге өсімдіктердің де зоналарға байланысты қалыптасатындығы жөніндегі ғылымның жалпы заңдылықтары өткен ғасырдың бас кезінде сипатталып жазылып және сол ғасырдың ортаңғы кезінде белсенді түрде жан-жақты зерттеле басталды (АГумбольт, Ф.Скоу, А.Де Кандоль).
Ж.Константен жершарын алты климаттық зонаға бөледі:
поляр зонасы — температура жыл бойында 10°С төмен болады;
салқын зона — 1—4 ай бойы температура бірқалыпты қоңыр-салқын болып тұрады, ал қалған айлардың барлығыңда — салқын;
қоңыржай-салқын зона — жазы бірқалыпты қоңыр-салқын, ал қысы салқын;
қоңыржай-жылы зона — жазы ыстық;
субтропикалық зона — ыстық айлары көп;
тропикалық зона — жыл бойында температура 20°С жоғары болып тұрады.
Осы зоналардың барлығы бір-бірінен климатымен ғана емес, сонымен бірге сыртқы көрнісіменде ажыратылады. Бір зонадан екінші зонаға ауысқанда өсімдіктердің және олардың қауымдастықтарының өзгергендігін айқын аңғаруға болады.
Зоналар туралы ұғымды және табиғаттың әртүрлі құбылыстарының арасындағы байланыстардың жалпы заңдылықтарын өткен ғасырдың аяғыңда, алғашқы рет сипаттап жазған биогеографияның негізін салушы белгілі ғалым В.В.Докутаев болған. Ол өлі табиғат пен тірі табиғаттың, өсімдіктер мен жануарлардың жөне минералдық дүниелердің арасында байланыстардың болатындығын айқын көрсетіп жазды.
Климаттың белгілеріне (критерий) осы жердің физикалық жағдайының сипаттамалары (температура, ылғалдың мөлшері) ғана емес, сонымен бірге өсімдіктер мен олардың қауымдастықтарының ерекшеліктері де жатады. Соңдықтаңца климаттың ең дәл берілген анықтамасына мыналар жатады: шөлдің климаты, тундраның климаты, жаңбырлы тропикалық ормандардың климаты және т.б.
Бірақта айта кеткен жөн, зонаның системасы (климаттың, топырақтың, өсімдіктер қауымдастықтарының) рельефі тегіс, жер асты суы тереңде жататын территорияларда жүргізілген зерттеулердің қорытындыларына негізделген. Ал практика жүзінде континенттің әртүрлі участкелерінде орографиялық жағдай бірдей емес, сондықтанда ол жалпы заңдылықты бұзып отырады, әсіресе тау системалары еңдік бойында орналасқан болса. Климатқа Гольфстрим, Куро-Сиво секілді жылы ағындардың да өсері үлкен болады.
БОР-дың европалық бөлігінің үлкен кеңістіктерінде зоналық системаны өзгертетіңдей орографиялық фактордың да (Среднерусская и Привольжская возвышенности, Донецкий кряж и др.), жылы ағынның да әсері болмайды. Батыс-Сібір ойпаты мен Қазақстан туралы да осыны айтуға болады.
БОР-дың европалық бөлігінде төрт сатылық зона айқын байқалады: поляр зонасы, тундра зонасы, орманды зона, шөлейт зона. Шөлді зона БОР-дың азиялық бөлігінде, Волганың төменгі сағасынан бастап Алтай тауына дейінгі аралықты жалғастыратын түзуден, оңтүстікке қарай жатқан кеңістікті түгелімен алып жатады. Дәлірек айтқанда шөлді зона Орта Азия республикалары (Өзбекстан, Тәжікстан, Түркменстан, Қырғызстан) мен Қазақстанның жер көлемінің басым көпшілін алып жатады.
БОР-дың таулы аймақтарында (Түркменстанда, Қазақстанда,Өзбекстанда, Қырғызстанда, Тәжікстанда, Кавказда, Алтайда және т.б.) жалпы зоналар өзгеріске ұшырайды. Таудың етегінен басына дейін бірін-бірі алмастырып отыратын, өсімдіктер жабынының әртүрлі жолақтарын кездестіруге болады, бұл жерде оларды биіктік
белдеулері немесе биіктік зоналары деп атайды. Таудағы өсімдіктердің таралуы мен бөлінуін зерттеген ғальімдар мынаны дөлелдеген, тау экваторға неұрлым жақын болса, солғұрлым өсімдіктердің биіктік белдеулері толық және айқын болады. Мысалы, биік солтүстік ендікте, тундра зонасында, таудың басына шыққанмен тундраның өсімдіктерінен басқа ештеме кездеспейді. Керісінше экваторға жақын шөлді зонада орналасқан тауларда, мысалы Климаңджарода, биіктік белдеулерінің өсімдіктер қауымдастықтарының толық спектрі айқын көрінеді. Яғни биіктік белдеуінің толықтығы кеңістік факторіне де (таудьщ биіктігі) және географиялық ендікке де байланысты болады екен.
Бірінен соң бірі келетін зоналардың күрт байқалатын шекарасы болмайды. Олардың арасында жер көлемі бірталай болып келетін аралық кеңістіктер болады (переходные полосы). Сонымен бірге тауда өсімдіктер белдеулершің, өсімдіктер жабынының структурасы, түрлерінщ құрамы және тіршілік формалары біртектес болмайды. Мысалы, тундра зонасын мынадай үш жартылай зонаға бөледі: мүкті-қыналы тундра, бұталы тундра жөне орманды тундра.
Орманды зонаны жөне басқа зоналарды да жартылай зоналарға бөледі.
Сонымен, өсімдіктер зоналарының деңгеишде аиқын басымдық көрсететін өсімдіктер қауымдастықтарын және ондағы өсімдіктердің түрлерін өсімдіктердің зоналық типі немесе өсімдіктердің зоналық түрлері деп атайды. Әдетте өсімдіктердің зоналық типтері көптеген кеңістікті алып жатады, өсімдіктердің басқа типтерінен айқын басым болып келеді және оларды анықтау ешқандай қиындық келтірмейді. Мысалы, орманды зонада орман түзетін ағаштар басым болып келеді. Олар қылқан жапырақты және жалпақ жапырақты ормаңдар түзеді. Өсімдіктердің мұңдай типін, басқа типтермен шатыстыру мүмкін емес.
Өсімдіктердің зоналық типтері ешуақытта таза зонаның өсімдіктерінен ғана түрмайды, олардың құрамында міндетті түрде зонаға тән емес кірме участкелер болады. Мұндай кірмелерді шығу тегіне жөне белгілі бір өсетін ортасына қарай: өсімдіктердің экстразональды, интразональды және азональды типтері деп үш топқа бөледі.
Осылардың ішіңде ең қызық және өзіндік ерекшеліп бар кірмеге өсімдіктердің экстразональды типі жатады. Өсімдіктердің экстразональды типі деп дербес зона түзуге қабілетті және өзінің дербес зонасын түзетін, бірақ кейбір ерекше жағдайларға байланысты жекелеген участкелерімен өзінің зонасынан тыс, көрішлес зонаның территориясына кірме ретінде өтетін өсімдіктердің типін айтады. Экстразональдық құбылысқа жекелеген түрлермен де, өсімдіктердің топтарымен де мысал келтіре кетейік. Қымыздық боздың (северный перистый ковыль солтүстік бозды ~ әртүрлі шөпті немесе шалғыңды шөлейтте зоналық өсімдік екені белгілі. Бірақта ол оңтүстік бозды — бетегелі шөлейтте сирек экстразональды жағдайда ғана кездеседі. Басқаша айтқанда Омбы қаласының маңында жөне Қостанай облысының солтүстігіңде бұл түр зоналық болып табылады, ал Есіл өзенінің бойыңда, Ақмола облысының оңтүстігінде, экстразональды. Соңдай-ақ еменді орманның шөлейт зонадағы кішігірім үркіп шыққан участкелері де экстразональды болып табылады.
Өсімдіктердің интразоналъды типі деп, еш уақытта, еш жерде өзінің дербес зонасын түзбейтін, бірақ бір немесе бірнеше зоналарда кірме ретінде кездесетін өсімдіктер қауымдастықтарын айтады. Бұған сортаң топырақтың, сор топырақтың және ормаңды зонадағы шымтезек башақтарының өсімдіктер қауымдастықтары жатады.
Өсімдіктердің азональды типі интразональды типке өте жақын, өйткені оларда еш уақытта, еш жерде өзінің дербес зонасын түзбейді, бірақ бірнеше зонада, тіптен кез келген зонада кірме ретінде кездеседі. Өсімдіктердің азональды типтерінде өзендердің жайылма шалғындары немесе өзен жағасының ағашты бұталы тоғайлары мысал бола алады. Әрине шөлейт зонаны меридиональ бағытта кесіп өтетін өзендердің жайылма шалғындарының, өсімдіктер қауым-дастықтарының флоралық құрамы, орманды зонаны кесіп өтетін өзеңдердің шалғыңдарының флоралық құрамынан айқын айырмашылығы болады.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *