Өсімдіктердің географиясының (фитогеографиясының) элементтері

Өсімдіктердің географиясының (фитогеографиясының) элементтері
Бұл ботаниканың ең маңызды бөлімі, оның міңдеті біздің планетамыздағы өсімдіктердің таралуы мен бөлінуінің заңдылықтарын зерттеу болып табылады.

Бұл міндетті орыңдаудың континенттердегі (құрлықтардағы) жөне әлемдік акваториядағы өсімдіктердің тарихьш зерттеуде маңызы үлкен. Флора мен оның жекелеген компоненттерінің — түрлердің шығу тегі мен тарихи даму барысын зерттеу, осы түрлерді пайдалану мен оларды қорғаудың ең қажетті ғылыми негізі болып табылады. Себілетін ауылшаруашылық дақылдарының ассортиментін пайдалану жабайы өсімдіктерді мәдени жағдайға ендіру (интродукция) арқылы байыту, олардың ботаникалықгеографиялық ерекшеліктерін ескермейінше іске асыру мүмкін емес. Бұл мөселелерді шешу үшін бірқатар проблемалары жақын ғылымдардың: тарихи геология мен палеонтологияның, өсімдіктердің морфологиясы мен физиологиясьшың және т.б. негізгі тұжырымдары мен озық төсілдерін пайдалану қажет. Өсімдіктердің географиясы — биогеография деп аталынатын жалпы ғылымньщ бір бөлігі болып табылады. Ал «биогеография» биосферадағы организмдердің таралуы мен табиғи үйлестіктерін — биоценоздарды зерттейді. Биоценоз дегеніміз, осы территорияны мекендейтін және бір-бірімен күрделі биотикалық қарым-қатынаста болатын (түрлерді биотикалық жолмен сүрыптауды қоса есептегенде) өсімдіктер мен жануарлардың жиынтығы.
Өсімдіктердің географиясының көлемі мен міңдеттерін бір ғалымдар кең ауқымда түсінеді, ал екінші біреулері — біршама келте түсінеді. Өсімдіктердің географиясының негізін салған ғалымдар К.Вильденов пен АТумбольт болған. Олар өсімджтердің географиясьш аса үлкен көп салалы (комплексті) ғылым ретінде қарап, оны: флористикалық география, экологиялық география және тарихи география деп үш бөлімге бөлген. Осы бөлімдердің әрқайсысыньщ өзінің алдьна қойған мақсат міндеттері жөне зерттеу төсіддері бар ерекше ғылым салалары болып табылады. Өсімдіктердің географиясьшың барлық салалары бір-бірімен және проблемалары жақын ботаникалық ғылымдармен, ең алдымен өсімдіктердің систематикасымен тығыз байланыста болады.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *