Өздігінен жүретін комбайнның жалпы құрылысы және оны тікелей жинауға пайдалану

Өздігінен жүретін комбайнның негізгі бөлшектері. Комбайн ал-ты бөлшектен тұрады, олар жатка (хедер), молотилка, шөмелелегіш, жүріс бөлігі, двигатель және жинауыш.

Шөмелелегіштің универсалды тетікпен және тіркелетін арба-шықпен жабдықталуы мүмкін.

Жатка төмендегідей негізгі бөлшектер мен механизмдерден құралады: көшірмелеуіш башмактардың корпусы, қалықтама транспортердің көлбеу корпусы; теңестіру және аспа механизмдері; реттеуіш механизмі бар молотилка және айналыс вариаторы; қырқу аппараты бөлшектерімен және жетек механизмімен; шнек.

 

Молотилка төмендегідей негізгі бөлшектер мен механизмдерден тұрады; бастыру құрылғысы; сабан сіліккіш; транспорттық құрылғысы (шнектері мен элеваторлары) бар тазартқыш; беріліс жүйесі; басқару алаңшасы бар кабинасы, гидравликалық жүйе, электр жабдықтары.

 

Жүріс бөлігіне вариатор.мен жетектеуші және басқарылушы доңғалақтардың мостылары жатады. Ретіне қарай, жетектеуші доңғалақ мостысы іліністен, беріліс қорабынан, дифференциалдан, екі бүйірлік редукторлардан, жетектеуші доңғалақ пен тежеуіш жүйесінен тұрады.

 

Комбайндарда аздап өзгертілген трактор двигательдері пайда-ланылады. Мысалы СК-4 комбайнында СМД-14К немесе СМД-15К двигателі орнатылған. Двигатель маркасындағы К әрпі — «ком-байндікі» деген белгі. Двигательдің қуаты 1700 айналыс/минут кезінде 75 а. к.* (55,2 кВт) тең.

 

 

СКД-5, СК-5, СКД-5Р, СКПР-5 комбайндарында СМД-17К немесе СМД-18Қ двигательдері орнатылған, екеуінін, де қуаты 1900 айналыс /минутта 100 ат күшіне (73,6 кВт) тең. СМД-14К және СМД-18К двигательдерін от алдыру үшін бір цилиндрлі екі тактілі карбюраторлы двигатель (оталдырғыш) пайдаланылады, оның қуаттылығы 3500 айналыс/минут кезінде 10 а. к. (7,4 кВт), бұл двигатель қуаттылығы 0,75 а. к. (0,55 кВт) электр стартермен (СТ-365) от алдырылады.

 

СМД-15К және СМД-17К дизельдерін қуаттылығы 8 а. к. (5,9 кВт) электр стартермен бірден (СТ-100) от алдырады.

 

СК-6 және СКПР-6 комбайндарында қуаттылығы 150 а. к, (110,4 кВт 1900 айн/мин.) СМД-64 двигателі пайдаланылады.

 

Тікелей жинау кезіндегі жатканың жұмыс процесі. Комбайн егіндік жерді жинауға келгенде двигателі толық айналып жұмыс істеп тұрады. Жинау процесіне бірінші болып комбайн жаткасы кіріседі. Қалбарайдың планкалары 3 (1-сурет) минутына 30—40 айналыс жасайды.

Шалғы саусақтар 7 арасында секундына оң мен солға 15 жүріс жасайды. Шнектін, жинауыш механизмінің саусақтары 12 мину-тына 150 айналыс жасап, қозғалады. Жоғарғы біліктің 29 қалықтама транспортері минутына 452 айналыс жасайды, ал транспор-терлер 18 2,91 метр/с шапшаңдықпен ауысып қозғалады.

Жатканың алдыңғы екі жарында бөлгіштер орналасқан. 1-суретте биік және жатып қалған егінді оруға пайдаланылатын бөлгіштің үлкені (торпедолық) берілген. Егер егіннің биіктігі бір метрден аспайтын болса, онда әдеттегі бөлгіштерді пайдаланады.

1 а. к. (куаттылық) =735,499 Вт (дөңгелектегенде 736 Вт).

 

1-сурет. Комбайн жаткасы:

/ — торпедолық бөлгіштіқ ұшы; 2— бөлгіштің негізгі түтігі; 3 — калбағайдың тақтайшасы; 4 —шабақ; 5 — кронштейн; 6 — жатка корпусы; 7 — қырқу аппаратының саусағы; 8 — шалғы; 9 — алдыңғы білеу; 10 және 17 — маңдайшалар; /) — башмақ: 12 — жинауыш механизімнің саусағы; 13 — қатандық; 14 — шнек құндағы; 15 —• шнек орамы; 16 — жылжымалы қалқанша; 18 — қалықтама транспортер; 19 — сфералық топсаның құрсауы; 20 — болт; 21 — сфералық сақина; 22 — жатка корпусының түтік тәрізді арқалығының артқы бөлігінің құрсауға 19 қосылған кронштейні; 23 — шыбық; 24 — штанга; 25 — бұрыштама; 26 — шплинт; 27 — аралық қалқанша; 28 — көлбеу корпус; 29 — қалықтама транспортердің жетектеуіш білігі; 30 — фартук; 31 — тірек; 32 — бүйірлік қалқанша; 33 — қалбағайдық сүйеніші.

 

Оң жақтағы бөлгіш е г і с т і к, ал сол жақтағы — і ш к і бөлгіш деп аталады. Егістік бөлгіштің міндеті — қиылатын сабақтарды қиылмаран сабақтардан ажыратып бөлу.

Бұл әсіресе шатасқан, бастары төмен салбыраған және жатып қалған астықты жинауға өте қажет.

 

Ішкі бөлгіштің міндеті — сол жақ шеттегі кейінірек тұрған са-бақтарды шалғыға жақындату. Бұл бөлгіш тағы бір жұмыс ат-қарады: жүргізуші оны комбайн қозғалысы бағытының бағдар-лаушысы ретінде пайдаланады.

 

Қалбағайдың минутына 30—40 айналыс жасайтынын жоғарыда айтқанбыз. Шындығында оның айналысы комбайнның үдемелі жылдамдығына байланысты орнатылады. Қалбағай планкаларының міндеті — жақсы қырқылуы үшін сабақтарды шалғыға жақындату, қырқылғаннан кейін оларды шнек орамына 15 жеткізу. Ол үшін қалбағай планкасының айналыс жылдамдығы комбайн немесе дестелеуіш жатка жылдамдығынан мынадай шамада артық болады: егер ол едәуір жылдамдықта жұмыс істесе (6—7 км/с және одан жоғары) 1,2—1,6 есе; егер жинау кезінде комбайн қозғалысы төмен болса (3—5 км/с) 1,6—2 есе. Бұл айырмашылықты былай түсіндіруге болады, комбайн хедерімен немесе дестелеуіш жаткамен нерұрлым жылдамырақ жүрген сайын солғұрлым сабақ шалғыға өте жақсы жақындайды. Егер дестелеуіш жаткамен тік өсіп тұрған егінді жинағанда, оның жылдамдығы саратына 8— 10 км болса, онда қалбарайсыз-ақ жұмыс істеуге болады.

 

Қалбарай планкаларының астықты шалғыға дұрыс жақындатуы үшін, оны астық сабағының биіктігіне сәйкес биіктікке орнатқан дұрыс: Өте биік орнатқан планкалар масақты ұрып, дәннің ысырап болуына әкеп соғады Ал егер планка сабақтардың ауырлық центрінен төмен жанасса, онда қырқылған сабақтар планкадан асып түседі. Бұл жайында мынадай ереже бар: планканың сыртқы қыры. қырқылған сабақтардың ұзындығының масақ жағынан өлшегендегі үштен бір бөлігіндей қашықтықта жанасуга тиіс. Ұзындығы 800—1200 мм сабақтың ауырлық центрі шамамен осындай жерде болады.

 

Сабақтарға дұрыс әсер етуде қалбарай білігі мен қырқу аппа-ратының аралық қашықтырьш көлденеңі бойынша дұрыс орнату-дың маңызы зор. Егер қалбарайдың білігі шалғыдан алға қарай өте шығынқы болса, онда қалбағай орылған сабақтарды шнекке өте нашар жеткізеді. Сабақтардың біразы шнектін алдыңғы жағында жиналып қалады да, молотилкара бірқалыпты жеткізілмей ді. Әдетте қалбағайдың білігі шалғыдан 60—70 миллиметрдей ілгері орнатылады. Егін өте биік болса, бұл аралық үлкейтіледі,

«Оң, сол, артқы, алдықғы» жақ деген ұғымдар комбайн, жатка және жинауыштар алдына қарай жүріп бара жатқан кезде біз олардың артынан бақылап тұрғандағы жардайға орай белгіленеді ал аласа болса кішірейтіледі. Жаткада қалбағай білігінің қалпын шалғыға сәйкес шапшаң реттейтін арнаулы құрылғы бар.

Қырқу аппараты ара қашықтықтары 76,2 мм тарақ сияқты саусақтардан 7 тұрады. Саусақтар ішінде қозралып тұратын шалғы да тараққа ұқсайды. Ол орақ тәрізді кертпелі сегменттерден құралған. Саусақтарда өткір қырлы астарлар бар. Сегмент пен астар қайшыньщ екі жүзі сияқты бірдей жұмыс істейді. Бұл ретте астар мен саусақ қайшының қозғалмайтын жүзінің, ал шалғының сегменті қозғалатын жүзінін. міндетін атқарады.

 

Комбайн және дестелеуіш жаткаларынын, бәрі де жер бедерін көшірмелейді. Олар арнаулы аспа және теңестіруші механизмдер-мен жабдықталған. Солардың арқасында жаткалар, біріншіден, молотилкара сәйкес бойлық және көлденең бағытта еркін қозға-лады, екіншіден жердің бедерін башмақтарымен көшірмелеп оты-рады. Сонда бұл жаткалар жұмыс процесінде қырқу биіктігін автоматты түрде қамтамасыз етеді.

 

Башмактардың жаткаға сәйкес қалпын қырқу биіктігін өзгерте отырып реттеуге болады. Алайда, көшірмелеуішпен барлық уақыт-та кез-келген жерде жұмыс істеуге болмайды. Тасы көп егіндіктер де кездеседі. Ылғал және қопсытылған жерлерде башмақтардың алдыңғы жағына топырақ жиналып калады. Мұндай жағдайлардың бәрінде де башмақтардың жұмысын ажыратып, қырқу биіктігін гидравликалық жүйе арқылы басқарады.

 

Қазіргі комбайндардың барлығының да гидравликалық жүйелері бар, бұл құрылғылар жүргізушілердің комбайнды басқарғанда кездесетін қиын реттеулер мен операцияларды жеңіл әрі шапшаң орындауына көмектеседі. Мысалы, «Нива» және «Қолос» комбайндарында гидравликалық құрылғылардың көмегі арқылы төмендегідей реттеулер мен операциялар орындалады: жатканы көтеру және төмен түсіру, яғни қырқу биіктігін реттеу, қалбағай-дың тік және көлденең қалыптарын реттеу; жинауыш пен қалба-ғайдың айналыс жылдамдырын өзгерту; двигатель радиаторының ауа таратқышын тазарту; дымқыл дәннен- босату үшін шанақты селкілдету; шөмелелегішті басқару; рульдік трапецияны басқару: доңғалақ тежеуіштерін және жүріс бөлігінің ілінісін басқару.

 

Ору процесі төмендегіше жүргізіледі. Әрбір қалбағай планкасы астық сабақтарының арасына кіріп, оларды жіңішке сабақ бөлектеріне опырып, шалғыға жеткізеді. Кырқу аппаратының сау-сақтары бұл бөлшектерді шумақтап (6—10 сабақтан), шалғымен қырқып түсіреді. Қырқылған сабақтар қалбағай планкалары арқылы шнекке жеткізіледі.

 

Шнек молотилканың алдында симметриялы орналасқан — оның ортасы молотилканың бойлық осімен сәйкес келеді. Шнектін ені молотилкара қарағанда едәуір үлкен. Мысалы 5 метрлік жаткаға қарағанда ол 4 есе енді болып келеді. Сондықтан да шнек ең бірінші кырқылған сабақ бөлігін жіңішкелейді, содан кейін келесі жұмыс органына (қалықтама транспортерге) жеткізеді. Орылған массаның көлейі тұрақты болмайды. Сондықтан шнек пен жатка түбінің арасындағы қашықтықты өзгертіп отыруға тура келеді. Шнек осы жағдайға, толық бейімделіп жасалған. Оның бүйірлерінде сабақты ортасына қарай ысырып отыратын орамдар бар. Ал ортасында төмендегідей операцияларды орындайтын сау-сақты жинауыш механизм орналасқан: шалғының орта тұсымен қырқылған сабақтарды саусақтар 12 іліп алып, орамдар бүйірден әкелген сабақтарды қабылдайды және осы астық массасының бәрін қалықтама транспортерге жеткізеді.

 

Тікелей жинағанда астық жаткаға әдеттегідей бірқалыпты түседі. Кейде қалықтама транспортерге күтпеген жерден аса қалың сабақ қабаты келіп түсетін жағдай да кездеседі. Ал, бөлектеп жинауда мұндай жағдайлар өте жиі кездеседі. Өте қалың сабақ қабаты жетектелуші біліктің астына тығылып қалуы мүмкін болғандықтан осы жерге төмендегідей арнаулы құрылғы жасалған. Жетектеуші білік, көлбеу корпустың түбіне сәйкес тік және көлденең бағытта еркін ауысатындай етіп асылып орнатылған. Мұнда өте көп сабақ мөлшері келіп түскен кезде жетектелуші білік транспортермен бірге жоғары көтеріледі немесе жетектеуші білікке 29 қарай аздап жылжиды. Осы себептен де транспортер қалықтама деп аталған.

 

Шнек пен қалықтама транспортер орған сабақтарды жоғары қарай, көлбеу корпустың шығар аузына үздіксіз беріп тұрады. Осы жерден сабақтар молотилканың қабылдауыш камерасына түседі. Көлбеу корпус пен молотилканың қабылдау камерасы түйісетін аралықты фартук 30 жауып тұрады,

 

Молотилканың жұмыс процесі. Қабылдауыш битер 52 (2-су-рет) қырқылған сабақтар келіп түсетін молотилканын. ен, бірінші жұмыс органы. Ол келіп түскен сабақтардың бағытын өзгертіп, бастыру құрылғысына жеткізді.

 

Барабан білігінің ашық жерлеріне сабақтардын, оралмауын бағыттауыш қалқаншалар 48 қамтамасыз етеді, олар молотилка панельдері мен барабан бүйірінің арасындағы қуыстарды жауып тұрады.

 

Молотилка құрылғысы барабан мен декадан тұрады. Барабан үлкен жиілікпен айналады. Мысалы, бидай жинаған кезде ол 950 — 1150 айналыс/м,инут жасайды. Бұл ретте онын, соққылауышының дөңгелеп тіке жүргендегі жылдамдыры 30 — 36 м/с болады. Соққылауыш сабақтарды ұрып, ұстайды да қозғалмайтын дека мен айналып тұрған барабанның арасында пайда болатын, бірте-бірте тарыла беретін кеңістіктен өткізеді. Бұл кеңістіктің көлемі жинаудың орташа жағдайында мынадай болады: кірісінде 20 мм, ортасында 16 мм, шығысында 4 мм.

 

Барабанньщ айналу жиілігін, сондай-ақ онық декамен аралы-ғындағы саңылауды реттеуге болады.

 

 

 

2-сурет. СК-5 және СК-6 комбайндарының молотилкасы:

1 — бөлгіші бар барабан капотының қақпағы; 2 — барабан; 3 — бөлгіш; 4 — соққылауыш битер; 5 — маңдайша; 6 — саусақты айыр-ғыш тор; 7,27 және 33 — шнектер; 8 — қайтарғыш фартук; 9 және 14 —-қарсы жетек біліктер; 10 — сабан сіліккіш клавишаларының білігі; 11 —клавиша; 12 — сабан сіліккіштің фартугы; 13 және 17— аспалар; 15 — ұзартқыштың рычагы; 16 —жоғарғы тор ұзартқышы-ның көлбеу бұрышын өзгертуге арналған тесік; 17 — жалюз ұзарт-қышьшың көлбеу бұрышын өзгертуге арналган тесік; 18 — жоғарғы тордың ұзартқышы; 19—топан нығыздауыш; 20— топан нырыздауыштын, білігі; 21 —шөмелелегіштің бекітетін кронштейні; 22 —• науа; 23 — жылжымалы қалқанша; 24 — мандайша; 25— масақ шнегі құндарының ашылмалы төсем тақтайы; 26 — басқарылушы доңғалақ мостысын бекітетін ось; 28 және 34 — төменгі електі реттеуге арналған ойық; 29 — елек станының артқы аспасының осі; 30 және 31 — електер; 32 — саусақты тор; 35 — желдеткіш; 36 — транспорттық тақтайдын, фартугы; 38 — негізгі дека; 39 — транспорттық тақтай; 40 — деканың қондырмасы; 41 — тас тұтқыштың қалқаншасы; 42 — молотилканың алдындағы фартугының нығыздалатын беті; 43 — кезектік нығыздауыш; 44 — молотилканың алдыңғы фартугы; 45 және 46 — дека қондырғысының қалқаншалары; 47 — молотилканың қабылдау камерасы мен жатканың көлбеу корпусы арасындары төменгі нығыздауыш; 48 — бағыттауыш қалқанша; 49 — кронштейн; 50 — қамыт; 51 — молотилканың қабылдау камерасы мен жатканың көлбеу корпусы аралығындағы жоғарғы нығыздауыш; 52- қабылдауыш битер.

 

Дека мен соққылауыштың беттері қырлы-қырлы болып келеді Соққылауыштың ұруы әсіресе үйкелісі соққылауыш пен астық арасындағы дека мен астық арасындағы жеке сабақ арасындағы масақтарды үгіп, дәнін бөліп шығарады. Жатка орған егін массасын бастыру аппараты сабан, дән, топан, ұсатылған дәндер аралас қоспаға айналдырады. Бастырылған массаның осындай ұсақ бөлшектерін (дәнді, топанды, ұсатылған дәндерді және тағы бас-каларды) кейде дән аралас қоспа немесе ұсақ қоспа деп атайды.

 

Дека торлы болады, сондықтан бастырылран астықтың 70— 75 пррценті бастыру процесі кезінде топан және ұсатылған дәнмен бірге осы тор арқылы еленіп, транспорттық тақтайға келіп 39 түседі Ыңғайлы жағдайларда (егіннін. сабаны аз/құрғақ болса) дека 85—90 процентке дейін дән бөле алады. Бұдан кейінгі жұмыс органдарының — торы бар 6 соққылауыш битер 4 мен сабан сі-ліккіштің міндеті — қалған ,дәнді бөліп шығару болып табылады Соққылауыш битердің тағы бір қызметі бар, ол — барабаннан шыққан, бастырылған массаны кері қарай қайтарып соққылау (қайталау) және оны сабан сіліккіштің алдыңғы жағына қарай барыттау.

Сабан сіліккіштін, жұмыс органдары клавишалар 11 тобы болып табылады. «Қолос» комбайнында олардың саны 5, ол басқа комбаиндарда 4 дана, әрбір клавиша ұзыншақ жіңішке қабыршақты торға ұқсайды. Олар иіндерінің радиусы бірдей екі иінді біліп бар подшипниктермен жалғастырылған. Алдыңғы білік жетектеуіш болады. Клавишалар біліктерімен қоса екі кривошипті төрт буынды механизм қатарын құрайды, бұл ретте клавиша шатун қызметін атқарады. Біліктер айналған кезде клавишалар қозғалысқа түсш, қоспаны жоғары лақтырып және сырғытып отырады.     Қлавишалардьщ үстіңгі беттері ойық (каскад) түрінде жасалған Мұның өзі қоспа үйіндісін қатты сілкуге жағдай жасайды

Клавишаға келіп түскен қоспа үйіндісі сабан елегіне ұқсас бо-лады. Оның көздерінде дән және басқа да ұсақ бөлшектер орна-ласады. Қоспа үиіндісін астынан бірнеше рет сіліккенде олар төмен сырғып, клавищаның торлы бетіне түседі де, сол арқылы еленеді. Клавишанын артқы үш ойығының астында алға қарай еңкіш түбі бар. Ол еленген дән аралас қоспаны транспорттық тақтайға 39 жеткізіп тұрады. Алдыңғы ойықтардың астында түп жоқ, ал мұндағы дән аралас қоспа еленген кезде тура тақтайдың өзіне түссді.

Молотилканың шығатын жағында шөмелелегіш орналаскан оған клавишалар сабан жеткізіп тұрады. Шөмелелегіш сыйымдылығы 9 м3 онық салатын сабан шөмелесі (ылғалдылығы қалыпты болғанда) 1,5—2 есе нығыздалудық арқасында 150-250 кг (СК-6 комбайнында 200-300 кг) болады. Бұл шөмелелегішке дәна

 

 

3-сурет. Комбайн тазартқышының схемасы:

а—тазартқыш құрылысының схемасы; б — тазартқыш елек пен тасымал тақтайшасының тербелмелі қозғалысыңың амплитудасы. /—тасымал тақтайшасы; 2 — иінді білік; 3 —шатун; 4 — желдеткіш; 5 — қос иінді рычаг; 6 және 7 — шнектер; 8 — жоғарғы електің ұзарткышы; 9 — төменгі елек; 10 — жоғарғы елек; 11 — саусақты тор; 12 — жоғарғы елек станы бар транспорттық тақтайшаның топсалы қосылысы.

қосылыстарын тазалаған кезде бөлініп шығатын топан мен ұсақ-талған үйінділер де келіп түседі.

Барлық дән қосылыстарының транспортерлік тақтайға 1 (3-су-рет, а) жиналатынын көріп отырмыз. Бұл тақтай, саусақты тор 11, жоғары елек 10 және ұзартқыш 8 тазалау елегін құрайды. Електің астында төменгі торы 9 бар торлы стан орналасқан. Иінді білік 2, шатундар 3 мен рычагтар 5 арқылы елек пен торлы станра қарама-қарсы барытта тербелмелі қозғалыс береді.

3, б-суретте кейбір тазалау элем^нттерінін тербелмелі қозға-лысының амплитудасы көрсетілген. Бұл тербелістер транспорттық тақтай үшін мынандай болып келеді: көлденеңінен 55 м, тігінен 25 мм, жоғарғы тордың артқы бөлігінің және төменгі тордың тер-белмелі қозғалысының амплитудасы біршама төмендеу.

Екі торды және ұзартқышты желдеткіштен 4 келетін ауа ағыны интенсивті үрлеп отырады.

Дән қоспаларын бөлу және дәнді тазарту үшін жеке бөлшек-тердің басты екі белгісі пайдаланылады: көлемі (қальщдығы және ені) және желпінгіштігі (ауа әсерінен ұшу не ұшпау тұрақтылығы). Қоспалардын көлеміне қарай бөлінуі торлар 9, 10 мен ұзартқышта 8 жүзеге асады. Ал желпінгіштігі жөнінен айыру үшін желдеткіш пайдаланылады.

 

Транспорттық тақтайдың 1 үсті баспалдақты болып келеді. Сондықтан тербеліс кезінде ол дән қоспасын тек қана онға (3-су-ретке қарағанда), саусақты торға ауыстырады. Қоспалар тақтайдағы қырлардың арқасында кейін қарай ауыса алмайды. Қозғалыс процесінде тақтайдағы дән қосылыстарының ауыр қоспалары (ең бірінші дән) төменге түседі де, ал жеңіл қоспалары (топан, ұсақталған үйінді) жоғарыға шығады. Яғни қос қабатты масса пайда болады.

 

Желдеткіштен келген ауа ағыны екі електін, де астыңғы жағына, саусақты елекке және жоғарғы електің ұзартқышына бағытталады. Екі електің де көлбеу орналасқан жапқыштары бар, олар ауа ағынын еркін өткізеді және оны қозғалыстағы дән қосылыстарының қабатына бағыттайды.

 

Дән қоспалары транспорттық тақтайдан саусақты елекке ауыс-қаннан кейін ауа ағынының әсеріне ұшырайды. Бұл жағдайда сау-сақты елек ірі бөлшектерді бетінде біраз ұстап қалады. Ұсақ бөлшектер бірден елене бастайды, ең бірінші жоғарғы содан кейін төменгі електен өтеді. Осы уақытта ауа ағынымен уақ бөлшектердің бәрі ұшырылады да таза дән екі електен өтіп елек станының тегіс тақтайына түсіп, одан кейін дән шнегінің 6 құндағына түседі. Осы жерден элеватор дәнді шанаққа жеткізеді. Шанақ астыққа толғаннан кейін арнаулы шнек арқылы автомашинаға немесе трактор арбашығына тиелінеді.

 

Астықтың негізгі бөлігі саусақты елек арқылы және жоғарғы електің алдыңғы жағы ұзындығының үштен екі бөлігінде бөлініп шығады. Ал електің артқы бөлігі тек топанмен және ұсақ дәнмен ілесіп барған аз ғана дән қалдықтарын бөліп шығарады.

 

Жоғарғы електің артқы жағында уақталған, алайда бастырыл-маған масақтар жиналынады. Олар ұзартқыш арқылы еленіп масақ шнегінің 7 кұндатына келіп түседі. Бұған сондай-ақ төменгі електен қоспалардың ірі бөлшектері де түседі. Бастырылмаған масақ элеватор арқылы жоғарғы масақ шнегіне 7 (2-сурет) жеткізіледі, ол оларды екінші рет бастыруға береді.

Айналыстағы барабан өте күшті ауа ағынын жасайды. Басты-рылмаған масақты қайталап екінші рет бастыруға жеткізетін шнек 7 тұрған зонаны, бөлгіш 3 ауа ағынынан сақтайды. Бөлгіш барабан мен соққылауыш битерге сәйкес өте тар саңылаулар (тиісінше 7 және 8 мм) жасап орнатылған. Шала бастырылған масақтар бөлгішпен молотилканың қақпағы арасында пайда болған кеңістік арқылы барабанға келіп түседі. Бүйірдегі масақтар маңдайшалар 5 арқылы жылжиды.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *