ӘДІС

Әдебиет теориясында әдіс мәселесінен көп айтысқа, талас-тартысқа түскен нәрсе аз шығар.

Алдымен, эдіс деген атаудың өзін әркім әр түрлі айқындайды: біреулер көркемдік әдіс десе, біреулер творчестволық эдіс, енді біреулер әшейін эдеби эдіс дей салады. Алайда бұларға дау айтып, уақыт оздырудың ке-регі жоқ, өйткені бәрінікі — бір ұғым, Ұғым демекші, айтыстың үлкені әдіс деген сөзге тән ұғымға, мағынаға байланысты…

“Әдіс — творчестволық тәсіл”,— дейді Б. Щербина. “Творчестволық тәсіл дегеніңнің өзі не нәрсе,— дейді Л. Тимофеев,—оны нақты шығарма талдауға қалай қолданамыз?”.

Біреулер әдісті суреткердің дүние танымына байланыстыра байыптаса, біреулер бұған қарама-қарсы, “әдістің таза дүние таным категориясымен қабыспайтынын” (Л. Новиченко) дәлелдеп жатады.

Г. Абрамович “әдіс — шындықты суреттеудің жалпы принципі” десе, Л. Щепилова “әдіс — өмірді образ арқылы көрудің айрықша типі” дейді.

Сондай-ақ, мәселен, Ф. Головенченко “Әдіс пен ағымның арасында анық шекара жоқ” десе, В. Сорокин әдісті ағымға қоса тексере тұра, екеуінің ара жігі айқын екенін, яғни “әдіс — ағымнан әлдеқайда кен, ұғым” екенін айтады.

Шынында, қалай өзі? Айталық, романтизм немесе реализм… Осылар ағым ба, әдіс пе? Біреулер әдіс десе, біреулер ағым дейді; ал үшінші біреулер әрі әдіс, әрі ағым деп, екеуіне бірдей телиді.

Байқап отырсақ, бұлайша бұлдыратып жүрген тек бүгінгілер ғана емес екен. “Менің бір байқағаным,— деп жазыпты бір кезде Пушкин Вяземскийге,— біздің бәріміздің (тіпті, сенің де) романтизм туралы түсінігіміз барып тұрған бұлыңғыр”. Айтты-айтпады, “романтизм әр үйдің әруағы тәрізді,— деп жазыпты Вяземский Жуковскийге,— жұрттың. көбі осыған ден қояды, әйтеуір осындай бірдеңе бар деп біледі; бірақ қайда сол, қай жерден көруге болады, саусақпен түртіп байқауға бола ма өзің?..”

Қысқасы, романтизм жайлы әр тарап әңгіме сол Пушкин заманының өзінде ондаған жылға созылған, әйтседе “бірде-бірі мәселенің басын ашып бере алмаған, романтизм бәз-баяғы құпия һәм жұмбақ қалпында қалған да қойған” (Белинский). _ .

Содан бері, міне, бір жарым ғасыр өтті, бірақ романтизм хақындағы айтыс әлі толастаған жоқ.

Ал реализм ше, мұның халі нешік?

Реализм жөніндегі айтыс, тіпті, түгесілер емес. Пікірлер де әр тарап. Оны дәлелдеу үшін әлгідей Пушкин заманына бармай-ақ, әлем әдебиетіндегі қазір көзі тірі суреткерлердің, бірнешеуін сөйлетіп байқасақ та болатын шығар.

Эрскин Колдуэлл (Америка): “Реализм — шындықта болмаған оқиғалар мен адамдарды шындықта болған оқиғалар мен адамдардан гөрі нанымдырақ етіп көрсету”. Джон Моррисон (Австралия): “Реализм — шъшдықты қаз-қалпында көрсету, адамның іс-әрекеті өмірде кандай болса, сондай етіп бүлжытпай суреттеу”.

Вяйне Линна (Финляндия): “Реализм — қолдан келгенше қалыс қалу, бейтарап болу”. Алан Маршалл (Австралия); “Реализм — бейтарап болмау, көздід көрегендігіне көкіректің құштарлығын қосу”.

Кобо Абэ (Япония): “Реализм, әдіс ретінде, әдебиеттегі абсолют бола алмайды; осыған қардар емеспіз десек қайтер еді?” Бернард Уолл (Англия): “Иә, реализм пайдасыз, керек емес”. Андре Моруа (Франдия): “Жоқ, реализм пайдалы, керек…”

Памела Джонсон (Англия): “Реализм — адамның қоғамға, қоғамнын, адамға арақатынасын ақғарту құралы”. Арман Лану (Франдия): “Реализм — суреткердід өмірден өзі үшін жасап алған көркем бейнені өзгенің көкейіне қондыру құралы”.

Джон Апдайк (Америка): “Реализм — шындыққа адалдық”. Иржи Гаек (Чехословакия): “Реализм—шындықтың кондепдиясы”.

Қысқасы, дүниенің әр түкпірінен әр түрлі қалам қайраткері өзінше үн қатып, қазіргі реализм туралы, осылайша, әр түрлі пікір айтады. Бірақ әйтеуір, Бернард Уолл сияқты, бірен-сараны болмаса, бәрі де реализмнің — сөз өнеріндегі шешуші нәрсе, құнарлы қасиет, шын суреткердің творчествосындағы табиғи тыныс екеніне күмән келтірмейді. Сид Чаплин (Англия) “алма ағашына алма өсуі қандай табиғи болса, маған реализмнін, келуі де сондай табиғи” десе, Әзиз Несин (Турдия) “мені реа-лист еткен мен кешкен өмірдің өзі” дейді; Чарлъз Сноу (Англия) “өз басым-нағыз реалиспін” десе, Зофья Посмыш (Польша) “шындықтағы ең терең ағым — реалистік ағым” дейді.

Жағдай осылай: жер бетіндегі бірде-бір қаламгер бұл мәселеге соқпай кетпейді, реализм жайлы өз ойын айтады, бірақ өзінше айтады.

Жә, сонымен реализм, немесе романтизм… Ағым болды ма, әдіс болды ма? Жаңа ғана Посмыштың ағым дегенін білдік. Әдебиет теориясына арналған оқулықтардың көбінде ағым ретінде жүр: классицизм, сентиментализм, романтизм, реализм…. Осылай тізбектеледі, бірін-бірі ауыстырады, бірінің орнына бірі келеді (Қараңыз: В. И. Сорокин, “Әдебиет теориясы”, М., 1960). Біз де солай сырғытып өте шықсақ болмас па? Шынында да көркемдік эдіс деген ұғым әдебиет тану ғылымында күні кеше ғана шықты; керегі не әдіс деп, ағыммен жүре берсек қайтеді?..

Мүмкін, тіпті ағымды да, эдісті де қойып, біржола стильге көшерміз. Бұрын солай болатын, оқымыстылар әдебиет пен өнер тарихын стильдер тарихы деп түсіндіретін: Ригль, айталық, өнер тарихын “оптикалық” (көру) стильдің “хаптикалық” (сезіну) стильге ауысуы десе, Кон-Винер конструктивтік, деструктивтік, декоративтік “стильдердің” өз ара алмасуы, ал Вельфлин “ренессанстың” бароккоға”* көшу деп білетін.

Жоқ, әдісті ағыммен алмастыруға да, стильмен шатастыруға да болмайды.

Неге десеңіз,— стиль мен ағым тарихи категориялар болса, әдіс олай емес; стиль мен ағым — қайталанбайтын құбылыстар болса, әдіс — қайталанып отыратын құбылыс; стиль мен ағым құбылмалы нәрселер болса, әдіс — тұрақты нәрсе…

Ендеше, әдіс — стиль де емес, арым да емес. “Творчестволық әдіс — дейді профессор М. Қаратаев,— өмірді образбен бейнелеп, көркем шын-дық жасау жолы. Екінші сөзбен айтқанда, өмірдегі болмыс дүниесінен көркемөнер дүниесін, яғни тұтас бір шығарма көлемінде көркем образдар жүйесін жасау жолы. “Жолы” деген сөзді кең мағынасында алып, оған біз акт, процесс, тәсіл деген үғымдарды сыйғызып отырмыз, өйткені әдіс іс жүзінде осы ұғымдардың қызметін қоса атқарады”**.

Құр “тәтті, тәтті” дегеннен ауызға дәм келмейтіні секілді, әшейін “әдіс, әдіс” дей бергеннен миға да дым кір-

* Генрих Вельфлиннің “бароккосы” — жұртқа мәлім кәдімгі көркем (готика, барокко т. б.) стильдердің бірі емес, басын баяғы эллинизмнен алып, өткен ғасырдағы романтизмге дейін келетін әлдебір “желілі жүйе”. Оның жөн жоқ, жосық жоқ, ренессанспен қатар қойылу себебі де, бас айналдырар бытпылдық, схоластикалық сыры да осы арада жатыр —3. К,.

** М Қаратаев, Социалистік реализмнің қазақ прозасында қалыптасуы,

А , 1965, 26-бет.

мес еді; айтқанымыздың бәрі “ауаға ілініп” қалар еді; схоластиктерді сынап отырып, өзіміз схоластикаға ұрынар едік. Олай болса, айтар ойымызға дерек табуымыз керек; пікіріміз құр сөз болмай, нақты һәм затты болуы шарт. Міне, романтизм мен реализм бізге дәл осы арада қажет. Бұл екеуін әркімнің қолында бір кететін стиль демей, бірде туып, бірде құритын ағым демей, қашаннан келе жатқан тұрлаулы әдіс — суреткер творчествосы мен ақиқат шындықтың арақатысы, өмірдің өнерге, өнердің өмірге айналу жолы дейтін себебіміз де сондықтан. Де-мек, творчестволық әдісті әңгімелеу — романтизм мен реализмді әнгіме-леу, керісінше, романтизм мен реализмді әңгімелеу — творчестволық әдісті әңгімелеу деп білу керек.

Біз жоғарыда көркемдік эдіс деген атаудың кеше ғана туғанын айттық. Рас бұл сөз әдебиет тану ғылымында революциядан кейін ғана қолданыла бастады. Бірақ әр нәрсенің аты бар да, заты бар. Задында, көркемдік әдіс дәл осылай ат алып, айдар тақпас бұрын, баяғыдан келе жатқан өнер даңғылы.

Дәлелдейік. Бір жолы (Гоголь повестеріне байланысты) В. Г. Белин-ский поэзияда өмірді өнерге айналдыру тәсілі екі түрлі екенін, бірі көңіл-дегі қиялға негізделген тәсіл болса, екіншісі өмірдегі шындыққа тамыр тартқан тәсіл екенін, екеуі—бір-біріне кере қар тәсілдер, бірақ бір мақ-сатқа апаратын бағыттас жолдар екенін дәлелдей келіп, жалпы поэзияны екі салаға — асыл мұрат поэзиясына және мөлдір ақиқат поэзиясына бөл-ген еді. Ұлы сыншының дәл осы арада айтып отырғаны (атын атап, түсін түстемесе де) көркемдік әдіс мәселесі екені даусыз.

Белинскийдің пікірі бұдан жүз елу жыл бұрын айтылса, Аристотель дәл осындай ойды, тіпті, екі мың екі жүз елу жыл бұрын айтты. Өзінің “Поэт-икасында” (129-бет) Аристотель Софоклдың “мен адамдардың ертең қан-дай болатынын суреттесем, Еврипид бүгін қандай екенін суреттейді” деген пікірін тілге тиек ете келіп, поэтикалық шығармада көркем жинақ-талатын арман мен ақиқат жайлы енді өз толғамдарын танытады. Ұлы философтың дәл осы арада айтып отырғаны (атын атап, түсін түсте-месе де) көркемдік әдіс мәселесі екені тағы даусыз.

Бұл айтылғандардың бәрі көркемдік әдіс — бір адамға ғана тән стиль де емес, бір қоғамға ғана сай арым да емес, мұның екеуінен де әлдеқайда кең ұғым, күллі адамдар мен қо-ғамдарға тән өнер атаулының бәріне ортақ тұрлаулы һәм тұрақты нәрсе екенін және заты к ө р к е м д і к әдіс деген атымен бірге (күні кеше ғана), емес, өнердің өзімен бірге туып, өнер арқауы — өмірдің өзімен бірге дамып, жетіліп келе жатқан табиғи, тұтас құбылыс екенін дәлелдейді.

Қөркемдік әдіс — алдымен, шындықты шын мәніндегі суреткердің өз көзімен образды түрде тану жолы, содан соң, өзі таныған шындықты бар өнерін төге, бар шеберлігін сала көркем жинақтап, өзгеге таныту жолы.

Қөркемдік әдіс — өнер туындысыңда адам образын жасауға, сол арқылы шындықтың сырын образды түрде ашуға қажет өмір деректерін белгілі бір эстетикалық талғам биігінен таңдаудың, қорытудың және жинақтаудың өзгеше принципі, сайып келгенде, өмір шындығын өнер шындығына айналдыра саралап, белгілі бір қоғамдық идеал тұрғысынан қайта туғызудық айрықша типі.

Романтизм мен реализмнің көркемдік немесе творчестволық әдіс ретіндегі ең елеулі сипаттары, міне, осы анықтамаларда жатыр. Осы анықтамалардың байыбына бара түссек, әдіс пен стильдің бір-бірінен ерекшеліктерін анығырақ аңғара түсеміз: шынында да, “біздің әдіс жай-лы әңгімеміз өнердің даму процесіндегі стратегия жайлы әңгіме сияқты да, стиль жайлы әңгімеміз тактика жайлы әңгіме сияқты”* екенін көреміз.

Сонымен, творчестволық әдіс екеу — романтизм, р е а л и з м. Екеуінің де негізгі сипаттарьщ Ф. Энгельс белгілеп бергені — романтизмді “ерек-ше жағдайда ерекше характер жасау” жолы ретінде түсіндірсе, реализмді “детальдар шыншылдығымен” қоса “типтік жағдайда типтік характер жасау” жолы ретінде түсіндіргені мәлім. Бұл анықтамалар Софокл мен Аристотель пікірлерін де, Белинский пікірін де жоққа шығармайды, қайта солардың тұрлаулы тұжырымы сияқты.

Әрине, романтизмнің өзіне тән ерекшеліктері көп: суреттелер шындық қиялға негізделеді; қияли шындықтың өзі — осы шақтікі емес, не өткен, не келер шақтікі; шығарманың идеялық-көркемдік арқауында асқақ арман,

Л. Тимофеев, Совет әдебиеті, М., 1964, 9-бет.

көтеріқкі пафос жатады; автордың тілі де тым бояулы, мейлінше лепті, оқыс әсерлі келеді.

Дегенмен, осы ерекшеліктеріне қарамастан, романтизмді реализмнен бөліп әкетіп, араларына ылғи шек қоя берудің қажеті жок. Романтизм (әсіресе оның прогресшіл түрі) мен реализм кей ретте, Белинскийше айтсақ, “бір-біріне кереқар келгенмен, түбінде бір мақсатқа апаратын бағыттас” әдістер. Оның үстіне әр суреткер осынау екі әдістің тек біреуімен ғана жазады, екеуінің басын бір жерге қоса алмайды, ол — не таза реалист, не таза романтик болуға тиіс деп тү’сінсек, қателесер едік. Керісінше, әрбір “ірі суреткерде,— дейді Горький,— реализм мен романтизм бір-бірімеп әрқашан жалғасып жататын сияқты. Бальзак — реалист, бірақ ол “Шегрен былғары” тәрізді реализмнен өте-мөте аулақ тұрған романдар жазды. Тургенев те романтикалық рухтағы дүниелер туғызған. Гогольден бермен қарай Чехов пен Бунинге дейінгі ірі жазушылардық бәрі сөйткен. Реализм мен романтизмнің бұлайша бірігуі — біздің үлкен әдебиетімізге әсіресе тәң сипат”.

Қай кезде жасамасын, бәрібір, барлық қазақ жазушылары (Махамбет пен Абай, С. Торайғыров пен С. Сейфуллин, Б. Майлин мен I. Жансүгір-ов, М. Әуезов пен С. Мұқанов, Ғ. Мүсірепов пен Ә. Тәжібаев, Ғ. Мұста-тафин мен Т. Жароков, X. Есенжанов пен Қ. Аманжолов т. б.) жайлы да дәл осыны айтуға болар еді: бәрінің творчествосында да реализм мен романтизм араласып жүр. Жалғыз-ақ бір есте болатын нәрсе — осылар-дың жеке алғанда әрқайсысы, жалпы алғанда барлығы, қолдан келгенше, романтизмнен реализмге келе жатады. Әдеби дамудын, объективті заңы, әдеби әдістің эволюциясы тек қана оеылай жылжуға тиіс.

Бұл — бір біздегі емес, бар елдегі жағдай. Осыған қарап, бүкіл әлемдегі күллі ілгерішіл әдебиет пен өнердің ғасырлар бойғы даму тарихын, бір себептен, дүниені көркем тану, дәлірек айтқанда, өмірдегі шындықты өнердегі шыншылдықпен тану жолында реализмнің туу, қалыпта-су және даму тарихы деуге болар еді. Мұның өзі философияның тарихы — философиядағы материализмнің туу, даму тарихы деген қағидалы пікір-лерге де сай келеді. Философиядағы материализм өзінің даму тарихында өзі-не қарсы түрліше идеалистік ағымдармен күресе отырып нығайғаны мәлім. Сол секілді, әдебиеттегі реализм де өзінің даму тарихында өзіне қарсы түрліше кертартпа ағымдармен күресе отырып нығайғаны сөзсіз.

Әдебиеттегі реализм проблемасын дәл осы тұрғыдан түсіну шарт. Сонда біз, бір жағынан, әдебиеттегі реализм көп стильдер мен ағым-дардың бірі емес екенін білген үстіне біле түссек, екінші жағынан, мұның жуырда ғана қайыптан тайып пайда бола қалған нәрсе емес екенін, реа-лизмнің алғашқы элементтері тіпті атам заманғы антик әдебиетінде жатқанын, Орта ғасыр мен Ояну дәуірлерінің әдебиеттері де өзінше шыншыл болғанын, ал өткен ғасырдағы әйгілі “натур’альдық мектеп” пен сыншыл реализм — бұл әдістің даму тарихындағы айрықша кезеңдер екенін аңғарған үстіне аңғара түсеміз.

Читайте также: