Қос мекенділердің маңызы

Қос мекенділердің маңызы
Басқа омыртқалыларға қарағанда, қос мекенділердің практикалық маңызы аз. Жалпы қарағанда қос мекенділер адамға пайдалы.

Қос мекенділердің көпшілігі дерлік, ауыл және тоғай шаруашылықтарына зиянын тигізетін омыртқасыздарды: буын аяқтылармен, моллюскалармен қоректеніп, пайдасын тигізеді. Суда тіршілік ететіндері судағы қауіпті аурулар тарататын зи-янкес насекомдардың личинкаларын жеп құртады. Мысалы, тритондар масалардың личинкаларымен қоректенеді, оның ішінде безгек ауруын тарататын масалардың личинкаларын құртады.Құйрықсыздардың көпшілігі түнге қарай, насеком-дармен қоректенетін құстар қонақтап отырғанда қорегін аулайды. Сондықтан бұлар пайдалы болып есептеледі. Горький облысында жүргізген бақылауында Красновидов шөптесін бақасының бір тәулікте орта есеппен 7 зиянды жәндікті (насекомдар, олардың личинкаларын, бауыр аяқты моллюскалар) жейтіні, ал 6 айдың ішінде 1200 зиянкесті жойып жіберетінін байқаған.
Амфибилердің кейбір түрлері бағалы жыртқыштардың, әсіресе қара күзендердің, жанат тәрізді иттердің негізгі қорегі болып есептеледі. Бақалармен көптеген пайдалы құстар: үйректер мен тырналар т. б. коректенеді. Үй құстарын (үйректерді) қоректендіру үшін итшабақтарды өсіру тәжірибесі жүргізіліп отыр. Кейбір елдерде бақаның және ірі саламандралардың етін тамаққа пайдаланады. Сонымен қатар бақаны көптеген ғылми және оқу порцесінде пайдаланады.
Қос мекенділердің аздап та болса зияны бар. Мысалы, балық өсіретін көлдерде жасыл бақалар балықтардың жеміне ортақ болады, балық шабақтарын жеп зиянын тигізеді. Балық шабақтарының көп жиналған жерінен ұстап, асқазанын жарып көрген бақаның ішінен ұзындығы 10—12 миллиметр болатын 30— 40 балық шабағы шыққан.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *