Қалбағайдың конструкциясындағы өзгерісте

Қалбағай жетегі. 1976 жылға дейін қалбағай вариатордың жоғарғы шкивінен тек бір шынжыр арқылы ғана қозғалыс алды (14 және 73-суреттерді қараңыз). Шынжыр кейде шығып кететін. Осы кемшілікті жою үшін екі шынжыр 8, 12 мен аралық қарсы жетектен тұратын беріліс қолданыла бастады.

Екі жұлдызша блогынан тұратын қарсы жетек штанганың алдыңғы ұштығына 11кергіштің артқы ұштығына монтаждалған. Штанганың артқы ұштыш 11 вариатордың жоғарғы шкивінін. осімен топса арқылы жалғасқан, ал кергіштің алдыңғы ұштығы да топса арқылы қалбағай білігінің цапфасымен жалғасқан.

Шынжырлар 8, 12 сәйкес жұлдызшалармен өз алдына жеке екі контур пішіні жасайды. Бірінші шынжырды кергішнен, ал екінші шынжырды 12 керу болтымен кереді. Қалбағай демеуіштің бойымен жылжыған кезде қарсы жетек тиісінше көтеріледі немесе төмен түседі, ал шынжырлардың контурлары ортасының ара қашықтығы мен шынжырлардың керілуі өзгермейді.

 

173-сурет. “Колос” комбайны шанағының екі секциясының бір-келкі толтырылуын реттеу:

1 — клапан; — тартпа; 3 — сектор; — рычаг.

 

174-сурет .Жетек механизмдері мен қалбағай реттеулерінің жаңа конструкциясы:

1 — гидроцилиндр плунжері; 2 — компенсатор ашасы; 3 және 5 — тартпалар; 4 — рычаг;- 7 — сақтандырғыш муфтасы бар жетек жұлдызша; және 12 — шынжырлар; 6 — кергіш; — қарсы жетек осі; 10 —қарсы жетек 11 —штанга; ‘ 13 — вариатордың ауыстырылмалы жұлдызшасы.

Қалбағайдың құрылысы. Қалбағай конструкциясы біраз жақсартылды. Планкалы қос саусақтың 10 (12-суретті қараңыз) орнына жылдам алып-салатын бекіткіші бар серіппелі саусақтар салынады. Мұндай саусақтарды қолдану әсіресе сабаны ұзын және айқасып қалған егінді, сондай-ақ күрішті жинағанда тиімділікке- жеткізеді. Эксцентрикті Механизм тек қана сол жаққа орнатылатын. Қалбағайдың жақсартылған конструкциясында ол оң жаққа да орнатыла береді. Сондай-ақ гидроцияиндрдің көмегімен қалбағайды демеуіш бойынша жылжыту да енгізілген. Қалбағай демеуіштері серіппелі саусақтардың қозғалу траекториясы қырқу аппараты мен шнектің арасындағы кеңістікте өте жымдасатындай жақсы етіліп иілген.

Кейде қалбағай вариаторында мынадай олқьшықтар байқалып қалатын: төменгі шкивтің қиғашталуы және оның тісті тәжінің тозуы, гидроцилиндр бетінің тозуы. Осы кемшіліктерді жою үшін төменгі шкивке (арнаулы плитаға) жаңа бекіткіш енгізіледі.

Читайте также: