Ғылым философиясы

Ғылым философиясы
1. Ғылымның пайда болуы, негізгі даму кезеңдері. Ғылымды зерттеу аспектілері.
2. Ғылым динамикасы. Ғылымдагы дәстурлер мен жаңалықтар.

Ғылым дегеніміз не? Бұл сұраққа жауап берудің оңай еместігінің дәлелі ретінде оның қашан пайда болғандығы туралы пікірталастың әлі күнге толастамай отырғанын айтуға болады. Ғалымдардың бір тобы ғылым ежелгі дүниенің антикалық кезеңінде, яғни, осыдан 2,5 мың жыл бұрын пайда болды десе, енді бір ғалымдар нағыз ғылым тек Жаңа Дәуір кезеңінде, шамамен ХVІІІ-ғасырда қалыптасты деген пікірді үстанады. Мұндай пікірталастың себебі ғылымның күрделі және санқырлы құбылыс екендігінде. Ол бір жағынан алғанда білімдердің, теориялық қағидалар мен методтардың жүйесі, сонымен бірге қоғамдық сананың формасы, қоғамды» дамудың рухани жемісі, қоғам дамуын басқару құралы, өндіргіш күш күрделі информациялық жүйе және т.б. Осы әр түрлі салалардың мамандары ғылымға әр түрлі анықтамалар береді және олардың ешқайсысын да теріске шығаруға болмайды. Әртүрлі анықтамаларды қорыта келіп, ғылымның жалпы анықтамасын беретін болсақ, ғылым — табигат, қогам және адам туралы білімдер өндіруге багытталган зерттеу қызметі саласы.
Бұл анықтамадан ғылымның зерттеу пәні туралы түсінік алуға болады. Ғылым ең әуелі адамды қоршаған орта — табиғатты зерттеуге бағыталған қызметтің жемісі ретінде дүниеге келді. Бірте-бірте қоғам турал ғылыми
түсініктер жинақтау қажеттігі туындады. Бірақ ғылым процесіндегі басты тұлға, ғылымның басты субьектісі де, объектісі де — адамның өзі. Адамның қатысуынсыз ғылымның қалыптасуы мүмкін емес, сонымен бірге, адам өзін түсінуге, өз мүмкіндіктерін анықтауға, табиғат пен қоғамның ғана емес, өз болашағын болжауға көне заманнан бастап осы күнге дейін талпынып келеді және бұл процесс адам жерт бетінде қанша өмір сүрсе, сонша жалғаса бермек.
Ғылымның функциялары. Ғылым күрделі әлеуметтік функциялар атқарады. Бұл функциялар ғылымның өзінің дамуымен бірге үнемі өзгеріп, толықтырылып және ғылымның дамуына өзіндік осерін тигізіп отырады. Қазіргі ғылымның үш әлеуметтік функциясын атап көрсетуге болады:
1) мәдени-көзқарастық;
2) өндіргіш күштер функциясы;
3) әлеуметтік күштер функциясы. Ғылымның генезисі және негізгі даму кезеңдері.
Ғылымның генезисі, қоғамдағы қызметі және дамуының қозғаушы күштері мәселесі бойынша интерналистік, экстерналистік және позитивистік концепциялар бар. Интернализм ғылымның пайда болуы мен дамуына философиялық ой тікелей әсер етті деп есептейді және қоғамның әлеуметтік-экономикалық, саяси құрылымы мен сол қоғамның ғылымының арасында ешқандай байланыс болуы мүмкін емес деген пікірді ұстанып, ғылымның ішкі факторларын абсолютке айналдырады. Экстернализм бұл концепцияға қарсы. Оның өкілдерінің пікірі бойынша, ғылымға сыртқы факторлардың әсері мықты. Позитивизм; ғылым нақты, тәжірибеден өткен, дәлеледенген фактілерге сүйене отырып дами алады, абстрактылық ойлау мен метафизикалық түсініктер ғылым үшін пайдасыз. Біздің ойымызша, ғылымның пайда болуына, эволюциясына, қоғамда атқаратын қызметіне жоғарыда аталған факторлардың бәрі де белгілі бір дәрежеде ықпалын тигізеді және ол әр дәуірде әр түрлі болуы мүмкін. Сондықтан оларды бір-біріне қарсы қойып, немесе бір-бірінен бөліп алып, белгілі бір факторларды абсолютке айналдыру дұрыс емес.
Зерттеуші ғалымдар ғылымның даму кезеңдері туралы әр түрлі пікірлер айтады. Олардың бір тобы ғылым көне заманда қалыптасты десе, енді бір ғалымдар ғылым қоғамның ерекше саласы ретінде Жаңа Дәуірде пайда болды деп тұжырымдайды. Біздің пікірімізше, ғылымның даму кезеңдері туралы мейлінше дұрыс пікірді ұсынған қазіргі заманғы Ресей ғалымы В.В.Ильин. Ол ғылымның дамуын классикалық, классикалық емес және неоклассикалық емес деп жіктейді. Бұл жіктеуді ғылымның классикалыққа Дейінгі кезеңімен толықтырған дүрыс секілді деп ойлаймыз. Себебі, классикалық ғылым кезеңіне дейін ғылым ұзақ уақытқа созылған «нағыз ғы- лымға» дейінгі қалыптасу кезеңінен өтті.
Алғашқы қауымдық қоғам дамуының мыңжылдық практикасы ғылым ды қалыптастыра алған жоқ. Білім күнделікті өмірдің қажеттіліктері қанағаттандыруға ғана бағытталып, одан жоғары кетеріле алмады. Алғашқы қауымдық қоғамда өмір сүрген адамдар дүние туралы білім жинамады деуге болмайды, бірақ заттар туралы объективтік білім оларды субъективтік қабылдаумен тығыз байланысты еді, яғни, объективтік білім элементтері мен субъективтік сана арасында шекара болмады, табиғат құбылыстары адам және оның өмірімен байланысты түсіндірілді.
Адам ойы таза теориялық білім деңгейіне көтерілуі үшін оның дәстүрлі практикалық бағытталғандығын бұзу қажет еді. Ескі сананы күйрету санаға тікелей әсер ету арқылы емес, сана бейнелеп отырған дүниені түбірімен қайта түсіну арқылы жүрді. Дүниеге деген жаңа көзқараста заттар адамға байланысты емес, объективті, заттар мен адам жеке-жеке, бір-біріне қатысты, бірақ тәуелсіз, нәрселер ретінде пайымдалды. Осындай ерекшелік көне гректерге тән еді. Ғылымды зерттеуші ғалымдардың бәрі дерлік ғылымның отаны көне Греция деп мойындайды. Гректер Египет пен Вавилон империяларында бірнеше жүзжылдықтарға созылған соғыстардан аман қалған, ұзақ уақыт ескерілмеген білімдерді қабылдап алды және жәй қабылдап қана қоймай, өздерінің ақыл-ойының, ойлау қабілетінің күштілігі арқасында өздерінің білімдерін қоса отырып жаңа дәрежеге көтерген, оларға абстрактылық және рациональдік сипат берген халық болды.
Ғылым дамуының классикалық кезеңі ХVІ-ғасырдан басталды деуге болады. ХVІ-ғасыр — адам рухының қайта өркендеген кезеңі. Қалалардың көбеюі адамның сезімдері мен өмірлік құндылықтарының жаңа деңгейде дамуына оң әсерін тигізді. Университеттер пайда бола бастады, олар әлі күнге дейін ғылым ордасы болып есептеледі. Өркендеу дәуірінде елеулі ғылыми жаңалықтар дүниеге келді, осы кезеңде ғылым мен өнерді біріктірген ғұламалар өмір сүрді. Олардың бәрінің есімдерін және олар ашқан жаңалықтардың бәрін бірдей атап шығу мүмкін емес. Ең басты тұлғаларды ғана атасақ: Леонардо да Винчи (1452-1519) — ұлы суретші және қазіргі жаратылыстану ғылымының пионері; Николай Коперник (1473-1543) поляк астрономы, дүниенің гелиоцентристік жүйесін ашты; Джордано Бруно (1548-1600) — әлем біртұтас, шексіз, үнемі өзгеріп отыратын монадолардан тұрады деп тұжырымдады; Галилео Галилей (1564-1642) — Жер айналып отырады, дүниені математика, механика ғылымдарының, ақыл-ойдың көмегімен тануға болады деп пайымдады.
Одан бергі ғылымдағы негізгі революциялық жаңалықтар — атом бөлшек-терінің ашылуы, атом бомбасының жасалуы, космосты игеру, ғылым же-тістіктерінің өндіріс саласына көптеп енгізілуі немесе ғылымның өндіргіш күш ретінде қарқынды дамуы, электроника және кибернетика салалары жетістіктерінің адамның өмір сүруін жеңілдету үшін қолданылуы, яғни, ғылымның адамның күнделікті тұрмысында кең орын алуы.
Бұл классикалық кезең Галилей мен Пуанкареге дейінгі ХVІ-ХХ ғасыр-ларды қамтиды.
Неоклассикалық емес қазіргі кезеңде ғылым жеке салаларға бөлініп кетті. Бұл құбылыс ғылымның дағдарысына әкеліп соқты деуге болады. Оның басты себебі — ғылымның басты мақсаты — жалпы дүние туралы білім жинау екендігі ұмыт болды және дүниені тұтас нәрсе деп қарастыру принципі естен шығарылды, әрбір ғылым өзімен-өзі болып кетті.
Ғылымды зерттеу аспектілері
Ғылым философиясы. Ғылымды философиялық тұрғыдан зерттеу аса маңызды және ол ғылым мен ғылыми қызметті зерттейтін басқа пәндердің арасында ерекше, басты орын алады. Ғылымды зерттеудің әр түрлі жеке методтары мен арнайы ғылымтану пәндері қаншалықты профессивті және өзекті болғанымен, олар ғылымды философиялық тұрғыдан зерттеудің орнын баса алмайды. Философия ғылымды қоғамдық сананың белгілі бір формасы және адамның дүниеге көзқарасын анықтаушы теориялық сана ретінде, қоршаған ортаға қатынастың типі ретінде сараптайды.
Ғылым социологиясы. Ғылымды идеяның дамуы, танымдық жүйе деп қарастырумен шектелмей, оны қоғамдық өндірістің түрі, әлеуметтік жүйе ретінде түсіну ғылым социологиясының пәнін анықтайды. Ғылым со-циологиясы ғылымдағы қоғамдық қатынастар және ғылым мен қоғам
арасындағы қатынастар жүйесін зерттейді. Ғылымды социологиялық танып-білу үш саланы қамтиды: 1) ғылыми қызметтің ішкі құрылымы, немесе әлеуметтік институт ретіндегі ғылыми қызмет шеңберіндегі қоғамдық қатынастар; 2) ғылым және қоғам, ғылым мен қоғамның басқа компоненттері арасындағы өзара қатынас және өзара байланыс; 3) ғылымдағы адам.
Ғылым психологиясы ХХ-гасырда қарқындап дамыды. Бұл құбылыс кіші ғылымдардан үлкен ғылымдарга көшумен, ғылыми-ізденіс жұмысында ұжымдық принципінің басым бола бастауымен, гылыми іс-қызметті күшейтудің факторларын ашуга ұмтылумен тыгыз байланысты. Қазіргі ғылым ерекше шыгармашылық және әлеуметтік жүйе, сондықтан психо-логиялық факторлардың гылыми процестің дамуын жеңілдетуге немесе бәсеңдетуге тигізетін әсері мол. Ғылым психологиясы галымның білім өндірісінде маңызды рөл атқаратын елестету, шабыттану, интуицим негіздеу және басқа психологиялық қасиеттерін-объектілерін зерттейді. Сонымен қатар, гылым психологиясы индивидуальдік-шыгармашылық құбылыстармен шектелмей, ғылыми ұжымдагы тұлғааралық қатынас- тардың гылым процесіне, галымдардың интеллектуалъдік қызметіне әсері. зерттеу объектісіретінде қарастырады. Ғылым психологиясы қазіргі ке- зеңде гылымды зерттеудің маңызды саласына айналып отыр.
Ғылым этикасы ғылым дамуының заңдылықтарын, практиканы және ғылымның сапасын көтеруге бағытталған ғылымды басқаруды қажеттіліктерінен туындайды. Моральдық -этикалық факторлар ғалымның ізденістік қызметінің маңызды жағы. Ғылымның өмір сүруінің өзі
ғылыми тазалық, әділдік, принципшілдік, ақиқат үшін күрес секілді моральдік қасиеттерсіз мүмкін емес. Ғылымдағы этикалық аспектілер санқырлы және олар әр түрлі деңгейлерде әр түрлі көрінеді. Мысалға ғалымның өзіне дейінгі ғалымдарға, олардың шығармашылығына, өзінің әріптестеріне, өзініңі жолын қуушы шәкірттеріне деген этикалық-моральдық қатынасы. Тұлғааралық қатынастардың этикалық аспектілері ұжымдық
шығармашылық жағдайында айқындала түседі. Бұл қатынастар шынайы, адал, әділетті, үлкенге құрмет, кішіге ізет принциптері негізінде құрылған болса, көреалмаушылық, дөрекілік, мансапқорлық сияқты жағымсыз қасиеттерге жол берілмесе — ғылыми ұжымдағы хал-ахуал да жақсы болып, ғылыми ізденісте жаңа табыстарға қол жеткізу мүмкіндіктері көбейе түспек. Ғалымға қажетті моральдық қасиеттердің негізгілері туралы айтатын болсақ, олар: ғылыми ақиқатты қорғау жолында аянбау, азаматтық батылдық, адамгершіліктік тазалық, адалдық, шыншылдық, жауапкершілік және тағы басқалары.
Ғылым тарихы ғылым тарихын оның пайда болған уақытынан бастап қазіргі заманға дейін зерттейді. Ол ғылыми дамудың заңдылығын негізінен тарих ғылымының деректеріне сүйеніп, ғылымның дамуындағы жекелеген құбылыстар мен оқиғаларды сараптап, сондай-ақ ғылымды зерттейтін басқа пәндердің — ғылым логикасы, ғылым психологиясы, ғылым этикасы, ғылым социологиясы, ғылым экономикасы жөне тағы басқалардың жетістіктерін пайдалана отырып ашады. Ғылым тарихы бойынша жазылған Джон Берналдың «Қоғам тарихындағы ғылым» еңбегі осы ойымыздың жақсы мысалы бола алады және бұл еңбектің жазылғанына жарты ғасыр уақыт өтсе де, әлі күнге дейін құндылығын жойған жоқ. Ғылым тарихында ғылыми ойдың дамуының барлық байлығы жинақталған, сондықтан да оны зерттеу аса қажетті. Ғылым тарихының мақсаты тарихи-ғылыми оқиғаларды
хронологиялық жағынан тізбелеп сипаттап қою емес. Оның мақсаты — ғылым мен техниканың даму заңдылықтарын ашуға ықпал ету. Ғылымды біз әдетте адамның дүние туралы жалпы білім жинауға
ағытталған қызметі деп түсінгендіктен, бір қарағанда ғылыми процесте дәстурге, өткенге қайта оралуға орын жоқ секілді көрінеді. Бірақ тереңдеп тексерсек, дәстүрлер ғылым дамуының және ғалымдардың ізденістік қызметінің негізі. Бұл қағиданы барлық ғылымдарға ортақ деуге болады. Ғылымдағы дәстүрлер проблемасының негізін қалаушы американдық физик-философ Т. Кун. Гарвард университетінде стажировкадан өткен үш жыл ол үшін ғылым тарихын А.Койре, Э.Мейрсон, Е.Мецгер және А.Майердің еңбектеріне сүйене отырып еркін зерттеуге арналған кезең болды. Кейінірек әлеуметтік ғылым өкілдері мен жаратылыстану саласының ғалымдарының арасында ғылыми проблемаларды қою мен оларды шеше білу мәселелері бойынша туындаған көзқарас алшақтығы Т.Кунды ғылымдағы дәстүрлер тақырыбын жан-жақты зерттеуге, ғылым динамикасының парадигмалық концепциясын жасауға итермеледі.
Бұл концепцияның мәні мынада. Ғылымды сипаттау үшін «ғылыми қоғамдастық» және «парадигма» (бұл ұғымды Т. Кун кейінірек «дисципли-нарлық матрица» деген ұғыммен ауыстырды) ұғымдарын қолдану керек.
Ғылыми қоғамдастык дегеніміз, Т.Кунның түсінігі бойынша, белгілі бір сала бойынша ғылыми зерттеулер жүргізу мақсатымен парадигмалар немесе осы ізденістердің теориялық алғышарттарын негізге ала отырып біріккен ғалымдар ұжымы.
Т. Кун парадигма ұғымын тандау себептерін түсіндіреді. Әдетте бұл ұғым қабылданған модель, үлгі дегенді білдіреді. Бірақ Т. Кун бұл түсініктер парадигманың анықтамасын толық ашпайды деп есептейді, себебі бұл мағы-нада парадигма бұрын жасалып біткен жұмыс дегенді білдіреді, сонда ғалымдардың келесі тобы немен айналыспақ? Кунның пікірінше, парадиг-маларды жалпы заң ретінде қолданылатын, бірақ сонымен бірге жаңа және қиын жағдайларда одан әрі жетілдірілетін және нақтыланылатын объект деп түсінген дұрыс.
Парадигмаларды қолдану ғылыми ізденісті жеделдетеді, себебі ғылыми мәселелерді шешудің басқа бәсекелес жолдарын қолданғаннан гөрі қабылданған парадигмаларды қолданған қолайлы және нәтижелі.
Парадигма ұғымының элементтерінің анықтамасын Т.Кун толық бер-месе де, оларды жалпы түрде төмендегіше сипаттауға болады: 1) матема-тикалық формада жазылған, бастапқы ұғымдар мен заңдарды қамтитын фундаменталдық теориялар; 2) табиғат туралы жалпы философиялық түсініктер және қазіргі ғылымда қабылданған ұғымдар мен олардың жүйесін бейнелеудің логикалық тәсілдері; 3) ғылыми қоғамдастықтың әрбір мүшесі өзіне қойылған ғылыми міндеттерді шешу үшін ұстанатын үлгілер мен эталондар.
Ғылымның жағдайын, Т. Кунның пікірінше, екі кезеңге бөліп қарасты-руға болады: ғылымга дейінгі кезең (бұл кезеңде парадигмалар әлі қалып-тасып үлгермеген) және гылыми кезең (ғылыми қоғамдастық парадигаманы құрастырып, қабылдаған кезең).
Ғылыми кезеңдегі ғылымның жағдай екі түрде сипатталады: қалыпты жағдай (оны Т.Кун қалылты ғылым деп атайды) және дағдарысты жагдай. Қалыпты ғылымда ғылыми қоғамдастық белгілі бір парадигманы қабылдайды және оны танымның белгілі бір саласындағы міндеттерді шешу үшін тиімді қолданады. Парадигмаларды зерттеу жас ізденушіні белгілі бір ғылыми қоғамдастықтың мүшесі болуға дайындайды, ол өзі таңдаған,
ғылым саласын кезінде нақты үлгілерге сүйеніп зерттеген адамдардың қатарына қосылады және ғылыми практикада олардың дәстүрлі теориялары мен методтарын қолданғандықтан фундаменталдық принциптерден аса алшақтамайды. Мұндай дәстүрлілік, өзара келісімділік ғылымның қалыпты дамуына ықпал етеді. Жалпы қабылданған парадигмалардың болуы осы ғылым саласының жеткілікті дамығандығының белгісі.
Бірақ парадигмаларға негізделген қалыпты ғылымның бір ерекшелігі — ол үлкен жаңалықтарды ашуға онша бағытталмаған, оның нәтижелері көбіне-көп алдын-ала, парадигмалар шеңберінде болжанған. Мұндай жағдайда ғалымның ізденістік қызметінің мәні жоқ болып көрінуі мүмкін. Кунның пайымдауынша, қалыпты ғылым саласында жұмыс жасайтын ғалымның алдына қоятын негізгі мақсаты — «жаңылтпаштарды шешу», немесе, парадигмаларға негізделген теориялық білімді іс жүзіндегі факт-ма-териалдармен рационалды сәйкестендіру. Ғылымның дағдарысты жағдай-ында ізденіс процесінде қабылданған парадигмалар шеңберіне сыймайтын фактілер пайда болады да, парадигманың тиімділігі күмән туғызады, одан
бас тартып, шындықты мүлдем жаңа көзқарас тұрғысынан түсіндіретін жаңа парадигмалар жасау қажеттілігі туады.
Бұрын қабылданған парадигмадан бас тартуды Т.Кун ғылыми рево-люция деп атайды және, Кунның пікірінше, жаңа парадигманы ғалымдардың жаңа легі психологиялық деңгейде мойындап, мақұлдауы қажет. «Ғылым логикалық емес, психологиялық» дейді Кун. Яғни, парадигманы сыни эксперименттен өткізіп қажеті жоқ, ғалымдарыдң аға буыны ыдырап, жаңа легі жаңа парадигмамен жұмыс жасап дағдыланса болғаны.
Ғылым динамикасының «кумулятивтік теориясының » авторы,
француз ғалымы Пьер Дюгемнін пікірінше, ғылымның дамуы кірпіштен қаланған қабырғаның біртіндеп биіктеуі секілді, бұрын танылған нәрсенің біртіндеп өсуі. Ғалымның жұмысы — осы ғылым ғимаратының, оның
теориясының кірпіштерін іздеп тауып, орнына қалау. Оның бастауын ғылым-ның бұрынғы тарихынан табуға болады. Дюгемнің осы көзқарастарына жүгінсек, дүниенің ғылыми бейнесі өзгермейді, тек кеңейе түседі, ғылым дамуында түбегейлі теңкеріс дегендер болмаған. Мұндай көзқарастарға қарсы шыққан Кун ғылымның дамуы ескі білімнің үстіне жаңа білімнің қалануы емес, бұрынғы беделді деген, жетекші түсініктердің мүлдем жаңа түсініктермен трансформациялануы, ауыстырылуы, яғни белгілі бір кезендерде болып отыратын ғылыми революциялар деген теорияны ұсынады.
Негізінен алғанда, Т.Кунның теориясын қабылдауға болады. Ғылымның дамуы міндетті түрде өзіне дейінгі дәстүрлерге сүйене отырып дамитын-дығы күмән тудырмайды.
Дәстүрлер көзге көрінетін (явное) немесе вербальді және көрінбейтін (неявное) немесе вербальдік емес болып бөлінеді, ғылыми таным процесінде өзара орын ауыстырып отырады. Көрінетін білімдерді кейбір ғалымдар басты, орталық білім деп те атайды, бұл білімдер басты назарда болады, негізінен алғанда оқулықтар мен ғылыми монографияларда мәтін-текст түрінде болады. Т.Кунның парадигмаларын білімнің осы түрінің мысалы ретінде қарастырған дұрыс.
Көрінбейтін білім ( философиялық әдебиетте бұл білімді сипаттауға
-жасырын», «имплициттік», «перифериялық», «үндемейтін», «менталитет»
және тағы басқа терминдер қолданылады) назардан тысқарырақ, көбіне практикалық білім саласында кездеседі. Ғалымдардың әдеттерінде, мінез-құлқында кездеседі, оларды ауызша, вербалды түрде толық жеткізу қиын. Мысалы, белгілі химик-философ Марк Полани химик студенттердің
практикалық сабақтарға кеп уақыттарын белу ерекшелігін практикалық білімдердің ұстаздан шәкіртке ғылыми дәстүр ретінде берілу деп есептейді. Олар ғалымнан оның ғылыми кадрларына ауызша емес, тек жеке үлгі-өнеге арқылы жетеді, яғни білімнің тұлғалық сипатымен тығыз байланысты.
Көрінбейтін ғылымның бір түрі — ғылыми мектеп, ғалым мен оның шәкірттерінің белгілі бір географиялық мекеңде орналасқан қауымдастығы. Ғылыми мектеп шеңберінде ғалымдар арасында тығыз байланыс-араласу орнайды, тәжірибе алмасу, теориялық пікірталас-дискуссиялар үнемі жүріп отырады.
Ғылымның дамуында ғалымның тұлғалық ерекшеліктерінің белгілі бір рөл атқаратынын жоққа шығармасақ та, керінбейтін білімді М.Полани секілді тым әсірелеуге болмайды, бұл білімнің иесі ұжымдық субъект екендігін ұмытпаған дұрыс. Білімді тек жеке білім деп түсіну — қате.
Әрине, тек дәстүрлерге сүйенсе, ғылым дамымай қалар еді. Ғылыми білімнің құрылымында жаңалықтар да ерекше рел атқарады. Ғылыми субъект парадигма-дәстүрлерді басшылыққа алып қана қоймай, оларды жаңалықтармен үнемі толықтырып отыруы тиіс.
Ғылымның дамуындағы ғылыми жаңалықтардың рөлін көрстеу үшін алдымен ғылымның онтологиясын анықтап алған дұрыс. Ресей ғалымы В.В.Ильин ғылымының онтологиясын: 1) гылымның алдыңгы шебі; 2) гылымның мыгым ядросы; 3) гылымның тарихы құрайды деп есептейді.
Ғылымда ғылыми ақыл норма-ережелері бойынша ұйымдастырылған қызмет рационалды қызмет болып саналады. Бірақ нормалардың да шегі
бар, оны практика көрсетіп-анықтайды. Ғылыми нормаларды сипаттау күрделі, себебі олар көп және жан-жақты, себебі ғылым сантүрлі, бір-біріне ұқсай бермейтін, әрқайсысының өзіндік зандылықтары бар салалардан және ғылыми субъектілерден тұрады. Сондықтан ғылыми қызметтің барлық ерекшеліктерін қамтитын, ғылыми субъектілердің бәрі бірдей мойындап, қабылдайтын нормалар ұсыну, әрине, қиын. Біздің ойымызша, ғылым нормалары туралы әр түрлі концепциялардың арасында ағылшын социологы Р.Мертон ұсынған вариант назар аударарлық. Оның пікірінше, ғылым нормалары мынадай төрт құндылықтың төңірегінде топталады:
1) универсализм — ғылыми тұжырымның ақиқаттылығы ғалымның жасынан, жынысынан, беделінен, ғылыми дәрежесінен тәуелсіз бағалануы керек.
2) жалпылық — ғылыми білім оның авторының жеке меншігіне ай-налмай, жалпыға ортақ, сынға ашық болуы қажет.
3) жеке бастың пайдасын көздемеу — ғылыми ақиқат жолындағы ізденіс ғалым үшін басты мақсат болуы тиіс, атақ-даңқ, жеке бастың пайдасы, ма-териалдық марапат ғылыми қызметтің мақсатына айналмағаны жөн.
4) ұйымдасқан скептицизм — ғалымнан өз әріптестерінің ғылыми қызметін сыни, объективті бағалау талап етіледі. Олардың ғылыми
нәтижелерін ғалым-ізденуші өз қызметінде пайдаланған болса, жақсы жақта-рын атап, еңбегіне құрмет көрсете білуі тиіс, бірақ жіберілген қателіктерге де автормен бірдей жауап береді. Сонымен бірге ғалым өз тұжырымдарын, қол жеткізген жетістіктерін батыл қорғап, өз қателіктерін мойындай білуі қажет.
Бір жағынан алып қарасақ, нормалар қорғаныс белдеуінің рөлін атқарады, ғылымды шектен шығып кететін нәрселерден сақтандырып отырады. Осы тұрғыдан қарастырғанда, нормалар ғылым дамуында өте қажет. Екінші жағынан алғанда, нормалар ғылымның бұрынғы кезеңінің жемісі, олар ғылымының болашақ дамуы үшін көбіне жарамай жатады. Нормалар консервативті, ғалымнан өзінің қызметін белгілі бір қабылданған ере-желерден, инструкциялардан, бұйрықтардан ауытқымай ұйымдастыруды талап тетеді. Бұл жағдайда ғалымның еркіндігі шектеулі, ол ғылымның мығым ядросы шеңберінде ғана қызмет ете алады.
Ал ғылымның алдыңғы шебіндегі ғалымның жағдайы мүлдем басқа.
Ол нормалар-үлгілер шеңберінен шығып, еркін қызмет ете алады, бұрын қалыптасқан құбылыстардан тыс жаңа идеяларды, ғылыми жаңалықтарды дүниеге әкеледі. Ғылыми жаңалықтар ғылымның алғы шебі мен мығым ядросының арасында шекістер туғызады, бұл занды процесс. Оны шешудің бірден-бір дұрыс жолы — ғылыми жаңалықтарды негіздеу және дәлелдеу. Сонда ғана ғылыми жаңалық ғылымның алдыңғы шебінен мығым ядроға көшеді. Ойымызды тұжырымдасақ, ғылымның дамуы – дәстүрлер мен жаңалықтардың диалектикалық бірлігі процесі болып табылады. Ғылым бұрыннан келе жатқан дәстүрлерге сүйеніп және оны жаңалықтармен то-лықтыра отырып дамиды. Бұл күрделі процесс. Ескінің жаңаға орын беруі қашан да қиын жүреді. Бірақ қоғамның дамуы ғылымнан оның жаңалықтық сипатта болуын, жаңа идеялар арқылы қоғам сұраныстарына жауап бере білуін талап етеді, онсыз ғылымының өзі мәнсізденеді.
Тақырып мазмұнын жалпы қорыта айтсақ, гылым философиясы ғылымның қалыптасуын, даму динамикасын, гылыми танымның ішкі механизмдерін, әдістері мен принциптерін, гылымның адам мен қогам өміріндегі рөлін зерттейді.

 

Автор:  Профессор Нурышева Г.Ж.

Читайте также:

комментариев 5

  1. Ерлан(Venom):

    Bazar jok rahmet

  2. айару:

    ооооооо тееееееееееееееееееееееееема рахмеееееееееееееееееет

  3. айару:

    осы сайтқа ризамын

  4. Мухтар:

    рахмет, қателерін жөндеуге біраз уақыт кетеді, сканировать етіп қоя салған екен, орысшадан аударғаннан жақсы))

  5. Maxabbat:

    ғылымдағы тұлға

    осындай тақырыпта реферат барма

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *