Шөлді дала құстары

Шөлді дала құстары. Бұларға — түйеқұстар, дуадақтар және тағы басқалары жатады. Бұл типке жататын құстар өсімдігі аз, әрі сирек ашық даланы мекен етеді.

Осы тіршілік жағдайында пайда болған ерекшеліктеріне қарай бұл топқа жататын кұстар жүрдек және тез ұшатын құстар деп екіге бөлінеді.
Жүрдек құстарға аяқтары ұзын, тез жүгіре алатын ірі құстар жатады. Бұлар қорегін үшпай, жер бетімен жүріп іздейді.
Жүру қабілетінің артуына байланысты, олардың аяқтары ұзын ғана болып коймай, саусақтары қысқарып, саны үшке дейін, кейбір түрлерінде екіге дейін азайған. Бұлардың мойны ұзын, көзі үлкен келеді. Бұл құстар қырағы, жауын алыстан көріп қашады. Бұлар өте сирек бұғып, жасырынады және сирек ұшады, ал түйеқұстар мүлдем ұшпайды. Бірнешеуі бірігіп топтанып жүреді. Олар өсімдіктерді, ұсақ жәндіктерді жер бетінен шоқып, теріп жейді. Құстардың бұл тобына дуадақтар, түйеқұстар жатады.
Тез ұшатын құстарға — шіл және қылқұйрықтар жатады. Дене мөлшері орташа, аяғы қысқа, қанаты өте ұзын, сүйір болатын құстар. Мұның алдында қарастырған құстардан ерек-шелігі — қауіп төнгенде жерге бауырын төсеп жата қалады. Түсі өзі тіршілік еткен жердін, түсіндей болады. Тіршілік еткен орнын ауыстырып, су іздеп үзақ жол жүреді. Өте тез ұшады.
Бұл екі топқа жататын құстар жерге ұялайды. Ұясын өте ка-рапайым етіп салады.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *