Шіл құсы

Шіл құсы. Бұлардың салмағы 400—500 г болатын кішірек құс, түсі қоңыр-сұр, еркегі де, ұрғашысы да бір түсті болады.

Біздін, елімізде терістік тайгаға дейін кең тараған. Соңғы жүз жылдың ішінде, ағаштарды кесу және жерді жырту-дың салдарынан, шілдер солтүстікке қарай ауысқан. Кәсіптік маңызы бар құстардан кекіліктің ерекшелігі, бұлар адамның өңдеген, жерлерінде жақсы мекен ете алады. Таза жер бетінің құсы. Ұяларын шұңқырларға жасап, түбіне жұмсақ, құрғақшөп және қауырсындарын төсейді, 12—26 ‘жұмыртқа туады да, оны 21 күн басады. Етінің дәмді болуы, өсімталдығы, қыстақтардың маңайына мекендеуі құс аулау шаруашылығы үшін өте тиімді болады.
Кекілік (Аlесtогіs gгаеса) шілдерден көрі ірірек, салмағы 450—700 г болады. Бізде Қавказдың, Орта Азияның, Алтай-дың таулы аймақтарында бір түрі кездеседі. Жақында бұлар Қырымда жерсіндірілген.
Кавказдың, Қазақстанның, Орта Азияның, Алтайдың таула-рында тау күрке тауығы деп қате аталатын ұларлар (Теtгао gаllиs) мекен етеді. Еркегінің салмағы 3 кг, ұрғашысы 2 кг бо-ады. Еркегі мен ұрғашысын түсіне қарап ажыратып болмайды.
Қырғауылдар негізінен оңтүстік Азияға тараған. Бізде кәдімгі қырғауыл (Рһаsіапиs соlсһісиs) деген түрі мекендейді. Ер-кегінің түсі айқын ашық, ал ұрғашысы сұрғылт түсті болады.
Советтер Одағында Еділдің құйылысында, Кавказда, Орта Азияда, Қазақстанда, Қиыр Шығыста, Приморье өлкесінің он,-түстік бөліміне тараған. Қырғауыл негізінен жер бетінің құсы. Қалың қамыста, бұталы тоғайда, қалың орманда мекендейді. Олар ұясын жерге салады, негізінен қорегін жерден теріп жей-ді. Сондықтан да қары қалың жерлерде, тіршілік ете алмайды. Өсімдік дәндерімен, жемістермен және насекомдармен қоректенеді.
Қырғауылдар жерге төгілген астықтардың дәндерін теріп жейтін, болғандықтан егін шаруашылығына зиянсыз. Бұл пай-далы құсты ағаш еккен далаларымызға көп етіп жерсіндірудің маңызы үлкен.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *