Шеміршекті балықтар

Шеміршекті балықтар
Бұл класс тармағына сүйекті балықтар тобының ертедегі және қарапайым құрылысты түрлері жатады. Шеміршекті сүйектілердің көп белгілері шеміршекті балықтарға ұқсайды және скелеттерінің сүйекті жерлері көп емес. Ол скелет сүйектері терінің жамылғы сүйектерінен пайда болған. Шеміршекті сүйекті балықтар көбінесе су түбінде тіршілік етуге бейімделген.

Шеміршекті сүйекті балықтарда, шеміршекті балыктардың мына белгілері сақталған: рострумының, болуы, сондықтан ауыз тесігі көлденең саңылау секілденіп басының астыңғы бетінде орналасқан. Құйрық қанаты гетероцеркальды, жұп қанаттары горизонтальды орналасқан, ішегінде қатпарлы қақпақшалары және жүрегінің, артериялды конусы болады: Сонымен қатар кейбір сүйекті балықтарға тән белгілері де бар: қаңқасының сүйекті бөлімі және желбезек қақпақшаларының болуы, желбезек аралық перделерінің жойылуы, торсылдақтарының болуы, уылдырықтың ұсақ қатты қабығы болмауы және ұрықтанудың сыртта болуы т. б.
ШЕМІРШЕКТІ-СҮЙЕКТІ БАЛЫҚТАРДЫҢ СИСТЕМАТИКАСЫ МЕН ЭКОЛОГИЯСЫ
Қазір тіршілік ететін шеміршекті сүйекті балықтардың бекіре тәрізділер деп аталатын бір ғана отряды бар. Соның екі тұқымдасына тоқтап кетейік.
Бекірелер тұқымдасының (Асірепsегісіае) рострумы үшкір, аузы кішкене, ересектерінің тісі болмайды.
Орыс бекіресі (Аsірепsег guldепstаdti) — Қара теңізбен Каспий теңіздеріне тараған. Біздің солтүстік өзендерде және мұзды мұхиттың өзен сағасында — сибирь бекіресі (А. Ьаегі) кездеседі, амур бекіресі (А. sсһгепki) Амур өзенінде тіршілік етеді. Қызыл балық (А. stеlіаtиs) — Азов теңізінде, Қара теңізде және Каспий теңізінде тіршілік етеді.
Бекірелерге ұқсас стерлядь (А. гиtһепиs) деген балық, Каспийдің, Қара теңіздің және Солтүстік мұзды мұхиттың өзендеріне тараған.
Бекірелердің ерекше бір туысы-қортпа (Ниsо һиsо) балықтың екі түрі бар. Онын, біреуі — европалық қортпа Каспий теңізінде, Қара теңізде, Адриатика теңізінде мекендейді. Ұзындығы 9 м, салмағы 1400 кг-ға дейін жетеді. Екінші бір түрін калуга (Н. dаигісиs) немесе Қиыр Шығыс белугасы деп атайды. Ұзындығы 4 метрдей, салмағы бір тоннадан асатын, 100 жылдан аса тіршілік ететін балық. Бұлар Амур өзенін мекендейді.
Сырдария мен Амударияны ғана мекендейтін жалған қалақша тұмсықтылар (Рsеиdозсарһігһупсһиs) деген ерекше түрі кездеседі. Олардың тұмсықтары жалпақ, ұзын болады. Ұсақ, салмағы бір килограмдай болатын, кәсіптік маңызы жоқ организм-
Экологиясы. Шеміршекті сүйектілердің бірқатары тұщы суда тіршілік етеді де, кейбір түрлері өткінші балықтар болып саналады. Стерлядь пен америкалық көл бекірелері көп миграция жасамай өздерінің барлық өмірін тұщы суда өткізеді. Қортпа, орыс, сибирьлік бекірелер және қызыл балықтар теңіз жағалауына жақын жерлерінде тіршілік етеді де уылдырық шашу үшін өзендерге шығады. Мысалы, қортпа балық Еділ өзені мен жүзіп отырып, Куйбышев қаласының тұсына дейін -келеді, ал Жайық өзені мен жүзетіндері Чкалов қаласының тұсына дейін жүзіп жетеді. Сол сияқты түкті бекіре деген түрі Арал теңізінде семіріп, ал көбейер кезінде тұқым шашу үшін Амурдария мен Ходжейлі қаласының тұсына, Сырдария мен чиназдың тұсына дейін жоғары көтеріледі. Стерлядьтердің жыныс бездері 4 — 5 жасында, орыс бекірелерінікі 8 — 15 жасында жетіледі. Уылдырықтарьның мөлшері сүйекті балықтармен салыстырғанда әлде қайда аз болады. Мысалы, стерлядьтер 10—70 мың уылдырық, сибирь бекіресі 50—500 мың, орыс бекіресі 70—400 мың, калуға 500— 4 500 мың уылдырық шашады.
Көпшілігі жануарлар тектес азықпен қоректенеді. Қортпа балық-жыртқыш, олар басқа балықтарды, кейде жас тюленьдермен де қоректенеді. Бекірелер моллюскалармен, стерлядьтер насекомдармен қоректенеді.
Бекіре тұқымдас балықтардың кәсіптік маңызы өте зор. Каспий теңізі мен Қара теңізде ауланады.

Читайте также:

1 комментарий

  1. аружан:

    өте керемет

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *