Шала маймылдар немесе лемурлар

Шала маймылдар немесе лемурлар систематикалық жағынан маймылдарға жақын, бірақ қарапайым кейбір белгілері оларды насеком жемділерге де жақындатады.

Ормандарда тіршілік етуге бейімделген организмдер. Маймылдардан айырмашылығы бұлардың ми сауыты кіші және бас сүйегінің бет бөлімі алға қарай шығыңқы болады. Ми жарты шарлары нашар жетілген, мишықты жауып тұра алмайды, ми иректері болмайды. Иіс сезу аймағы жақсы бөлінген. Көз ұясы самай шұңқырынан бөлінбей, бүйіріне қарай бағытталған. Басбармағы басқа саусақтарына қарама-карсы орналасқан. Сөйтіп, лемурлардың саусақтары да маймылдардың саусақтары сияқты затты ұстауға ыңғайланған. Бірінші және екінші саусағында тырнақ болады, ал басқа саусақтарының біреуінде тырнақ, енді біреуінде тұяқ болады. Емшегі түрліше -орналасқан. Жатыны екі тарамды. Дене мөлшері аса ірі бол-майтын, орташа жануарлар. Көпшілігінде, түнде тіршілік етеді. Олар Оңтүстік Азияда, Африкада және Мадагаскарда ғана та-раған. Мадагаскардағы сүт қоректілердің жартысы осы лемур-лар деуге болады.
Нағыз лемурлардыц (Lеmuгоіdеа) жоғарғы күрек тістері оң және сол жағына қарай жіктеліп, екіге бөлінген. Олардың құйрығы ұзын және жүндес болады. Денесіндегі түгі қалың, орманды мекендейтін, түн жануарлары. Жеміспен, насекомдармен, әр түрлі заттармен қоректенеді. Топтанып тіршілік етеді. Нағыз өкілдері жіңішке лори (Lогіs tагdіgгаdиs), лемур вари (Lеmиг vагіиs) және қол-аяқтылар (DаиЬепtопіа mаdаgаskіагіепsіs).
Ұзын сирақтыларға (Тагsіоіdеа) —үлкендігі егеуқұйрықтың үлкендігіндей болатын, түнде тіршілік ететін, ұясынан шығыңқы үлкен көзі бар, артқы аяғы ұзын, алдыңғы аяғы қысқа болатын жануар. Саусағында сорғыш көпіршіктері болады. Орманда тіршілік ететін, насекомдармен қоректенетін, түн жануарлары. Малай архипелагы аралына таралған. Оның өкілі — үй макиі (Тагsіиs tагsіиs).

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *