Тәрбиенің мақсатындағы әлеуметтік негіздері

Тәрбиенің мақсатындағы әлеуметтік негіздері
Онын ойьшша, мәдениет тұтас қажеттілік құндылықтары, құқықтар, конституциядағы әлеуметтік баптарда бекітілген идея кәсіп, нанымдар мен дәстүрлерден тұратын тұтастық.

«Мәдениет» ұғымының тарихына арналған арнаулы еңбекте, Кребер мен Клакхон мәдениет табиғатын талдайды, оны құрап тұрған элементтер мен қасиеттерді психология, тіл, қоғаммен карым-қатынасын көрсете келе, мәдениетті үш қырынан қарастырады: адамның табиғатпен қарым-қатынасы аясында, құндылықтарымен және басқа адамдармен пікірлесу. Кювильге мәдениетке бұдан көрі кеңірек анықтама береді. Ол мәдениетке материалдык әлем заттарын жатқызады, оның ішінде өндіріс өнімдерін, сонымен қатар, мінез-құлық пен психология құбылыстары: білім, қатынас, құндылықтар. А.К. Уледов «мәдениетті коғамның рухани қазынасы» деп бағалайды. Бұл жағдайда қоғам мен мәдениет ұғымының ара қатынасы бүтін мен бөлшектің ара қатынсындағы сапасы ретінде түсінеміз. Әрқашанда мәдениет шығармашылық еңбекпен байланысты. Мәдениетті материалдық және рухани құндылықтың жиынтығы ретінде қараған абзал. Мәдениетті биологиялық тұрғыдан тек адамға тән іс-әрекеттің тәсілі ретінде түсініп қана қоймай, «оның техника-логикалық және заттық-өнімдік» шектерін, сонымен қатар материалдық, рухани және көркем мәдениет сияқты үш мәнін М.С. Каган болжады. Ол материалдық мәдениеттің тәжірибеде қайта жаңартуға және оның практикалық коммуникативтік мәнінің адам қызметіне тигізер ықпалына тоқтайды.
Материалдық мәдениет адам қолымен жасалған материалдық құндылық заттардың жиынтығы материал (машина, құрал-жабдық, техника, әртүрлі бағыттағы объекгілер т.б.). Мәдениеттің бұл саласы адамдардың тума қасиет шеберлігінде еместігі ескеріледі. Рухани мәдениетті кеиде интеллектуалды деп те атайды, адамдардың табиғат пен әлеуметтік ортаны қабылдау мен бейнелеудің белгілі бір ғылым мен өнерді айқындалған болмысы ретінде қабылданады. әлеуметтік-ережелі мәдениет, қоғамдық өмірді ұйымдастыру (экономика, құқық, саясат т.б.) тума қасиет мінез-құлыққа тәуелді еместігімен оқшауланады.
Жалпы адамды тәрбиенің әлеуметтік негіздерінін, мәдениеттің өзіне тән ерекшелігі, тұлғаның жан-жақты дамуының басты шарты адамшылық мәдениеттің барлық мұратын игеру болып табылады. Екіншіден, тәрбиенің мақсаты әрбір адамды тәрбиелеу. Үшіншіден, тәрбиенің әлеуметтік мазмұнының ерекшеліктері диалектиканың материалистік тұрғыдан адамның іс-әрекетінің белсенді-жасампаз санасы жеке тұлғаның үйлесімді қалыптасуы іс-әрскет үстінде адамшылық мәдениетке үйренеді.
Тәрбиенің әсері дегеніміз-қалыптасып келе жатқан тұлғаның ортамен (әлеуметтік қана емес, сонымен бірге табиғат, матриалдық, рухани) мақсаттарға сай өзара қарым-катынасы болып табылады. Әлеуметгік тәрбие — өзіне тән әдістер арқылы, сонымен қатар экономикалық саяси, құқықтық идеалды қалыптастыратын тәрбие кеңістігі екенін бүгінгі педагогтық қауым мойындауда.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *