Түр туралы ұғым

Түр туралы ұғым
Түр туралы ұғымның тарихы үлкен және ол бір-біріне қайшы келетін, аса шиеленіскен маңызды көзқарастарға толы болып келеді. Түр туралы талас-тартыс көп жағдайда флористер мен систематиктердің тек профессионалдық тұрғыдан қызығушылығының деңгейінен (рамкасынан) шығып кетіп отырады.

Оның барлық уақытта жалпы биологиялық маңызы болған және табиғаттың дамуы жөніңдегі мынадай екі түрлі көзқарастың, екі түрлі концепцияның: материалистік жөне идеалистік көзқарастың арасындағы талас-тартысты көрсетеді.
Өсімдіктердің түрлері туралы К.А.Тимирязевтің концепциясы көңіл аударуға тұрарлық: «Түр деген сөзді организмдерге қодданудың екі түрлі магынасы бар, осы көз-қарастың екі жағын бірдей айқын ажырата білмегендіктен ғалымдардың арасында мәңгі бітпейтін түсінбеушілік пен таластартыстар туып келеді».1 К.А.Тимирязевтің пікірі бойьшша түрді барлық уақытта екі аспектте қарастыру қажет: биологиялық ұғым ретінде (табиғи тарихи түрғыдан алғанда) — эволюцияның бағытының қалыптасуы мен тіршіліктің өзінің негізгі формасы ретінде және логикалық аспекте, таза формальды ұғым ретінде — ұқсас особьтардың жиынтығы тұрғысынан қарастыру.
Биологиялық түр уақытқа байланысты азды-көпті өзгеріп және кеңістікте бір жерден екінші жерге жылжып ауысып отырады. Оны зерттеу көптеген қиыншылықтармен байланысты. Өйткені түр табиғатта дараланған жөне бір1 К.А. Тимирязев. Изоб. соч., т.З. М.: Сельхозгиз, 1949, с. 456. бірінен айқьш айырмашылығы болатьш, көп жағдайда әртүрлі формалар мен популяциялар түрінде беріледі. Табиғи тарихи тұрғыдан қарағанда түрге анықтама беру өте қиын. Қандай болғанмен түрге берілген бірнеше ондаған анықтамалардан байқайтынымыз, түрдің мағанасын дәл беретіндей және көпшілік мойындаған бірде-бір анықтама жоқ. Түрдің көпшілікке мәлім және қанағаттандырарлықтай анықтамасын В.Л.Комаров берген: «Түр деп жалпыға ортақ бір тектен, ортаның әсерінен және тіршілік үшін күрестің барысында, басқа тірі дүниелерден, сұрыптаудың негізінде дараланып шыққан ұрпақтардың жиынтығын айтады; сонымен бірге түр эволюциялық процестің белгілі бір кезеңі болып табылады».
Түр туралы формальдылогикалық түсінік біршама қарапайым. Жекелей алғанда табиғаттың таусылмайтын және күрделі алуан түрлілігін, қарапайым логиканың заңды-лықтарының негізінде көзге оңай елестейтіңдей жүйеге келтіруге болады. Түр туралы формальдылогикалық түсінік абстракты. Мысалы, жылқылар туралы түсінікті алып қарасақ, ол да абстракты, өйткені ол нақтылы бір ат туралы: оның тұлғасы, салмағы, жасы, түсі, биіктігі және т.б. туралы мәліметтерді беріп отырған жоқ. Формальды-логикалық түсініктің тұрғысынан қарағаңда түрге анықтама берудің еш қиыңдығы жоқ: түр дегеніміз, практика жүзінде бір-бірінен айырмашылығы жоқ, ұқсас особьтардың жиынтығы. Әрине, ұқсастық бұл жерде шартты түрде жөне шамамен алынып отыр, мысалы, бір масақтың немесе бір бидайдың дөнінен өсіп шыққан өсімдіктер секіаді. Бірақ табиғатта жалпы бағдар болу үшін, адамның қолымен жасалған мәдени ценоздарда (агроценоздарда), агроном мен ботаниктің практикалық жүмыстарында, өсімдікті анықтағанда біздер формальды-логакалық ұғымдарды пайдаланамыз.
Құрылысы (структурасы) жағынан түрлер бірдей болмайды. Жас (жаңа жетіліп келе жатқан) түрлер, өшіп бара жатқан (құрып бара жатқан) түрлер және дамудың шарықтау шыңында тұрған түрлер деп бөледі. Өшіп бара жатқан түрлердің уақыт өткен сайын, жеке түр (индивидуум) ретіндегі саны айқын азаяды, бұл әдетте олардың алып жатқан жер көлемінің (ареалының) азаюына өкеліп соқтырады. Оларда көзге түсерліктей түр ішілік өзгергіштік (полиморфизм) байқалмайды. Бұл түрлерді өдетте онай ажыратады, өйткені туыстық жағынан жақын, аралас жат-қан түрлерден олардың морфологиялық-физиологиялық 1 В.Л. Коморов учение о виде у растений. М.-Л., Изд. АН СССР, 1940, с.212 түрғыдан айырмашылығы үлкен жөне аралық формалары болмайды. Бұлар әрине ертеде пайда болған түрлер. Жас түрлердің көп жерлерді басып кетуі (көп жерлерге таралуы) айқын байқалады, олардың саны бірден тез көбейіп кетеді. Бұлар өзгергіш (полиморфты) түрлер, олардан көптеген түр ішілік комплекстерді (жартылай түрлерді, түр тармақтарын, формаларды) бөлуге болады. Түр ішілік бірліктердің көп болуы, жаңа формалардың түзілу процесінің, түрдің өзгергіштігінің бірден-бір дөлелі. Қазіргі кезде түр ішілік дифференциация 5—7 тармаққа (степень) дейін жетті. Осы кездегі ең жаңа деп табылған бірқатар модеддерді келтірейік. Н.П.Дубининнің моделі бойынша — жартылай түр, түр тармақтары, нөсіл (раса), микротопографиялық нәсіл, ұрпақ алудың жаңа жолы (линия); К.М.Заводскойдың моделі бойынша — жартылай түр, тұр тармағы, жергілікті популяция, экоэлемент, изореагент (морфологиялық топ, биотип); Н.И.Вавиловтың моделі бойынша екпелі өсімдіктерге түр ішілік токсондардың тұтастай басқа сериялары қолданылады, мысалы, тұр тармағының тобы, (пролес), сорт.
Осы уақытқа дейін планетамыздағы түрлердің жалпы саны жөнінде белгілі бір шешімге келген толық мәлімет жоқ. Шамамен осы кезде өмір сүретін түрлердің жалпы саны 500 мыңдай. Бұл цифрлардың шамамен алынғандығын мынадан айқын көруге болады. Тіптен ең жақсы зерттелген деген жабық тұқымды өсімдіктердің өзінің әртүрлі ғалымдар келтірген түрлерінің саны бірдей емес: 175 мыңнан — 200 мыңға, 300 мыңға дейін барады, ал кейде оданда көп болады.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *