ТИП

Қөркем бейне, яки әдеби қаһарман дейік, я болмаса шығарма геройы не кейіпкері немесе персонажы дейік, бәрібір, осылардын бәрі — бір-ақ ұғым — образ. Бейнелеу— образдылық болса, бейне — образ. Әдебиеттегі адам, сөздегі сурет, шығармада өмір шындығын жинақтау, адам мінезін даралау, сайып келгенде, осылардын, бәрінің сарқып кұяр сағасы біреу, ол — образ. Ал “образ — эстетикалық мәні бар, ойдан шығару арқылы әрі нақты, әрі жинақты жасалған адам өмірінің әсем суреті”**.

Біз енді осы образ дегеннін, өзін пайымдамақпыз. Образ жасау — тек таланттыға ғана тән әрекет. Ал “талантты жазушының әр образы — тип” дейді Белинский. Демек, біз тип туралы толғаймыз.

Жазушңның өмірдегі ұсақ-түйек, кездейсоқ жайлардан аулақ биік талғамы арқылы жинақтау және даралау әрекетінен әдеби бейне туады. Әдеби бейненің өмірдегі модельдерін өзгерте, құбылта, құлпырта келгенде суреткердің, шығармасындағы әр кейіпкердің, болмыс-бітімінде бір адамның емес, бір алуан адамның сыр-сипаты жатады. Сонда бұл белгілі бір әлеуметтік ортадағы бір топ адамның өкілі ретінде танылады. Тип сыры осында

.Р. Мүстафин, Ой мен тіл, “Қазақ әдебиеті” газеті, 1959, № 48.

** Л. И. Тимофеев, Әдебиет теориясының непздері, М, 1966, 60-бет.

Типтендіру проблемасы секілді типтің өзі де тым кесек һәм күрделі нәрсе. Неге десеңіз, мінез, бітім, әрекет, ұғым, рух, парасат жағынан байыптап қарасақ, нағыз суреткердің қолынан туған әрбір әдеби тип — әрі әбден жинақталған, сондықтан өзі секілділердің бәріне ұқсайтын жалпы тұлға, әрі әбден дараланған, сондықтан өзі-нен өзге ешкімге ұқсамайтын жалқы тұлға. Демек, типтің түрі мен мазмұнында “жалпы” мен “жалқының” бірлігі жатыр. Оның көркем образ ретіндегі кесектігі де, күрделілігі де осында деп білу керек.

М. Әуезовтің “Абай жолында” ондаған, жүздеген кейіпкер бар; көбі — тип. Мысалға бір ғана Құнанбайды алып байқайық, бұл кім? Аса күрделі бейне: әбден дараланған, бүкіл ішкі-тысқы бітімі өзінен өзге ешкімге ұқ-самайды. Мінезі де, ақыл-парасаты да ерекше, іс-әрекеті де бірегей, бөлек. Бұл репе Құнанбай — жалқы тұлға. Сонымен қатар, ол әбден жинақталған, бір Құнанбайда сол дәуірде өмір кешкен күллі құнанбайлардың бәріне ортақ мінез, бітім, әрекет бар. Бұл ретте Құнанбай — жалпы тұлға, бүтін бір әлеуметтік ортаның әр қилы өзгешеліктерінің жиынтығы. С. Мұқановтың “Бо-такөзіндегі” Амантай мен Асқар, Ғ. Мүсіреповтің “Оянған өлкесіндегі” Игілік пен Жұман, Ғ. Мұстафиннің “Қарағандысындағы” Мейрам мен Әлібек, X. Ес-енжановтьщ “Ақ Жайығындағы” Хакім мен Құныскерей… Тағы кім керек?.. Осылардың әрқайсысы, әлгі айтқанымыздай, әрі бір адам, әрі бірнеше адамның жиынтығы.

Дәл осы арада Алексей Толстойдың “суреткер жекелеген Иван мен Сидорды ғана ұғып қоймай, миллиондаған ивандар мен сидорлардан солардың бәріне ортақ бір кісі — тип туғызуы қажет” дегенін ескерсек, „әдеби типтің байыбына бара түсер едік. Және мұндай пікірді бір А. Толстой емес, “толстойлардың” бәрі айтқан: Доде өзі жасаған Лабассендрдың “кез келген кафеден он данасын” кездестіруге болатынын айтса, Флобер “менің бейшара Бобариім дәл осы сәтте француздың жиырма селосында қатарынан зар шегіп, жылап отырғанды” деген; Мольер “менің Тартюфым әшейін бір мырза Тар-тюф қана емес, бүкіл адам баласыньщ барлық тартюфтарының қосындысы” деген болса, Чернышевский өзінің “Не істеу керек” романында “жаңа ұрпақтың өзіне жүздеп кездесетін кәдімгі кісі секілді кісілерінің” қасиетте-рінен құрап бір бейне жасағысы келгенін айтқан; ал Горыкийдің типке қояр талабы осылардың бәріне түйін-тұжырым секілді: “Егер сіздін, суреттеп көрсеткіңіз келгені дүкенші болса, бір дүкеншіде отыз дүкенші жатсын; поп болса, бір поп отыз поптан құралсын: мұныңызды Херсондағылар оқыса, Херсон попын, Арзамастағылар оқыса, Арзамас ‘попын көретін болсын”.

Тиитік образ жасаудың осы шарттарынын, бәрі, түптеп келгенде, көркем әдебиетте ақиқат шындықтың ең негізгі заңдылықтарын көрсету үшін керек. Мәселен, әдебиеттегі бір байдын, образы өмірдегі бірнеше байдың, бір кедейдің образы бірнеше кедейдің ең елеулі ерекшеліктерінен құралады да, тип болады. Сол арқылы ақиқат шындықтағы байлар ортасы мен кедейлер ортасындағы тіршілік-тағдыр заңдылықтары танытылмақ. Итбай мен Игілік, Амантай мен Дәркембай солай жасалған. Әйтпесе, дәл осындай адамдар ақиқат өмірдің өзінде дәл осынау сом тұлға, мықты мінез қалпында болды дөп ұғу қате. Әрине, осыларға бір жағы болмаса бір жағынан ұқоайтын итбайлар мен игіліктер, амантайлар мен дәркембайлар болды, бірақ олардың бәрі мыналардан әлдеқайда шағын, қораш, ұсақ, күйкі болатын. Ал әдебиеттегі әлгібір үлкен Итбай — өмірдегі ұсақ итбайларды, Игілік — игіліктерді, Амантай — амантайларды, Дәркембай — дәркембайларды түгел қамтып, тұтастыра көрсететін биік шоқы — қарауыл төбе іспетті. Типтендірудің тамашалығының өзі осында, әдебиеттегі бір адам арқылы өмірдегі мың адамды бір-ақ қамтып танитындығымызда жатыр. Адам бар жерде мінез бар. Ал өмірдегі алуан түрлі мінездін, әдебиетте жинақталған бір тұтас типі бар, Өмірге қарап өнерді бағаласақ, өнерге қарап өмірге де “үкім” айтамыз: зымиян болса — Құнанбай, сараң болса — Қарабай, аңқау болса — Мыр-қымбай, жалқау болса — Судырахмет дейміз. Өмір мен өнердің бұлайша астасуы, өнердің өмірге айналуы — ұлы құбылыс. Бұл құбылыс сөз өнерінде тек типтендіру тәсілімен, нәтижесінде нағыз тип арқылы ғана болмақ.

Көркем әдебиеттегі типтік образдарға қараті отырып белгілі бір уақыт пен кеңістіктегі қоғамдық дамудың негізгі және шешуші тенденциясын байқауға болады. Айталық, қазақ қоғамының өткен ғасырдағы ұнамды қасиеттерінің бір алуанын М. Әуезов Абай тұлғасына шоғырлап, тұтастыра танытқан десек, осындай парасат өкілдерінің ендіXX ғасырдың бас жағындағы — жаңа дәуірдегі жаңа қасйеттерін С. Мұқанов Асқар образы арқылы көрсетті. Одан бергі, тшті өз дәуіріміздегі типтерге бақсақ, Ғ. Мұстафиннің Мейрамы — адамдардың елімізді индустрияландыру кезіндегі қалаулы ерекшеліктерінен тұтастырылған тұлға болса, Ғ. Мүсіреповтің Қайрощы — адам рухының соғыс жылдарындағы бір лап еткен айрықша көрінісі секілді.

Бұл айтылғандар, бір жағынан, біздіқ әдебиетіміздегі ұнамды кейіпкер проблемасының әр кезеңде әр қырынан көрінуі, әр жағынан шешілуі десек, екінші жағынан, осылар арқылы өмірдін, өзіндегі қимыл-қозғалысты, қо-ғамның даму тенденциясын аңғарғандай боламыз. Абай мен Асқар, Мейрам мен Қайрош,— әрқайсысы әр тұстың типтік тұлғасы, әрқайсьісында өзгеге ұқсамайтын, тек өздеріне ғана тән өзгеше мінез-құлық, іс-әрекет, болмыс-бітім бар. Дей тұрғанмен, осыларда бір-біріне деген рухани ұқсастық бар, бұларда бір түрлі парасат тұтастығы бар; бірін-бірі жалғастыратын, бірін-бірі толықтыратын тәрізді. Қараңғы түнек, қапас, мұздай сірескен тоң мойын феодалдық ортада жалғыз шырақтай жылтыраған Абай өмір теңізінің мұзын ерітіп, сеңін айдаған жойқын дауылдар тусында Асқарша жанып, “дауылдан кейінгі” мүлде жаңа жағдай мен ортада Мейрамдай маздап, Қайроштай жалындар ма еді, қайтер еді? Әрине, сөйтер еді. Адамдық рух тұтастығы, қоғамдық даму толассыздығы деген осы болыды.

Дәл осы секілді қазіргі қазақ әдебиетіндегі әйелдер образының үлкен галереясын аралап қарасақ та, олар арқылы тек адам ерекшеліктерін ғана емес, әрқайсысы өмір сүрген замая өзгешеліктерін байқап, сол арқылы жалпы қоғамдық дамудың негізгі және шешуші төнденцияларын бақылап, байыптаймыз. Сүлушаш пен Тоғжан, Құралай мен Қамар, Ботагөз бен Раушан, Ардақ пен Гүлжан… Әрқайсысы адамға тән айрықша сырмен қатар, өзі өмір сүрген заманға тән өзгеше сипаттарға да толы.

Әдеби типтің мынадай жайттарын да ескеру артық емес. Онша дәлелдеуді қажет етпейтін нәрсе — типтің белгілі бір қоғамдық ортадан көп және жиі кездесетін қасиеттен жинақталатыны. Мысалы, Пушкин мен Лермонтовтың Онегин, Печорин секілді “басы артық адамдарын”, Гоголь мен Чеховтың Башмачкин, Беликов сияқты “кішкентай кісілерін”, жұртқа мәлім “достоевский

бейшаралары”, “тургенев әйелқері” атанған әйгілі терді өткен ғасырдағы орыс өмірінен, Бальзактың Растиньягі, Мопассанның Жорж Дюруасы тәрізді ар-ұжданын ақшаға сатқан ысқаяқ жігіттерді француз өмірінен немесе Стендаль мен Золя, Диккенс пен Теккерей асқан. шеберлікпөн тасқа қашағандай мүсіндеп кеткеі^ “игі ниетті имансыздардың” талайын бүкіл Батыс буржуазиясының тұрмыстіршілігінен аттаған сайын кездестіруге болады. Бұлар — типтер. Ал Чернышевскийдің Лопухов, Қирсанов, Вера Павловна секілді “жаңа адамдарын” сол кездің шын өмірінде жиі ұшырату мүмкін еместі. Бұларды автордьщ өзі де “әзірге сирек” кездесетін, орыс өмірінде тек “жуырда ғана туған тип” деп түсіндірсе, бүкіл Россияда Рахметовке ұқсас бар ‘болғаны сегіз-ақ адам бар екенін айтты. Бұлар да типтер: бүгін аз болғанымен, ертен, көбейетін типтер.

Дәл осы секілді, Ғ. Мұстафин өзінің “Миллионер” повесінде әбден қалыптасқан өмір шындығы мен адам мінезі емес, әлі қальштасып үлгермеген шындық пен мінездерді жинақтап, типтендірген болатын. Және осының өзін жазушы біле тұра әдейі, саналы түрде жасағанын айтады: “Әдейі жолсызбен, сонымен жүріп, жол салмақ болдым. Барды ғана айтып қоймай, жоқты да айтса, болғанды ғана айта бермей, болашақты да айтса, соларды айтуға лайық тіл тапса дегөн мақсат тұрды алда. Осы мақсат “Аманкелді” сияқты колхоз, Жомарт сияқты председатель жасауға апарды. Екеуі де ол кезде жоқты. Қейін болды. Ахмет ұста әлі жоқ. Бірақ сөзсіз болады” *.

Демек, тип шындықта жиі қайталанатындардың жиынтығы ғана емес, бүгін сирөк, аз болганмен, ертең молығатындар мен толығатындардын, да бедерлі бейнелері деп білген жөн. Бұл ретте Н. А. Добролюбовтың “Обломовтағы” Ольганы тип ретінде “Дворян үясындағы” Лизамен салыстыра сипаттай келіп, “Ольга секілді әйелдер біздің қоғамда жоқ. Ольга — орыс әйелдерініқ өмірге әлі еніп үлгермеген жаңа буынының өкілі. Қазіргі Лиза қыз бен болашақ Ольга қызды салыстыра отырьгп, орыс әйелдерінің қалыптасу жолын белгілейміз…” деген пікірі көркем әдебиеттегі типтендіру мен типтін, қиын әрі қызық сипаттарын ашып, терең дәлелдейді. Сол секілді,

* Ғ. Мүстафин, Ой мен тіл, “Қазақ әдебиеті” газеті, 1959, № 48.

Лафаргтың естелігіне қарағанда, Маркс “Бальзак өз дәуіріндегі қоғамның тарихшысы “болумен қатар, Луи-Филипп тұсындағы ұрықтың Бальзак өлгеннен кейін III Наполеон тұсында қалайша толысып тұлғаланарын творчестволық түрде болжап білген” суреткер екенін айтқай. Бальзактың Кревель, Гуро тәрізді типтерія сарапқа салып көрген адамға Маркстің сөзі дәл екенін түсіну оңай.

Ол — ол ма, әдеби типтің негізінде бүгінгі бар мен ертеңгі болатын мінездер ғана емес, ертеңі жоқ, бүгіннің өзінде шөжіп, тарих сахнасынан ығысып шығып, не аласталып бара жатқан мінездер де алынуы мүмкін. Мысалы, Л. Леоновтың “Орыс орманындағы” сатқын-мансапқор Грацианскийдің образы — біздің, қоғамға жат мораль мен психологияның ең елеулі типтік белгілерінен тұтаса жинақталған нағыз типтік образ. Мұндай ұнамсыз типтер қазіргі қазақ әдебиетінде де бірқыдыру. Оларды дұрыс түсшу және байыптау үшін мәселеге кеңірек және теренірек қарай білу шарт. Әйтпесе, бүгінгі шывдықтан туған әдөби шығармалардан әлгідей жағымсыз образдар көре сап, “мұндай тип совет адамдарының арасында болуы мүмкін емес” дегендей түйіндер жасау — онша үлкен эстетикалық талғамды таныта алмаса керек. Мұндай тұрпайы социологизмнен сақ болған жөн.

Читайте также: