Сөзжасам

Сөзжасам
Қоғамдық өмірдің дамуымен байланысты жаңа ұғымдарды білдіретін жаңа сөздер пайда болады. Сөздердің пайда болуы мен жасалуының белгілі заңдылықтары бар.

Мысалы: оқушы, оқулық, аялдама, тоқсан, жеті, өнеркәсіп, бүгін, аяқ-табақ т. б. сөздер әр түрлі тәсілдермен жасалған: оку-шы, оқу-лық, аялда-ма дегендер сөзге (түбірге) -шы, -лық, -ма қосымшалары жалғану арқылы, тоқсан, жеті дегендердің мағынасы өзгеру арқылы, яғни тоқсан саны үш айлық мерзім (квартал), жеті — жеті күн яғни апта деген мәндерде, өнеркәсіп — өнер+кәсіп, бугін — бұл+күн деген сөздердің бірігуі арқыльі, аяқ-табақ екі сөздің қосарлануы арқылы жасалған. Тілдің сөздік құрамының дамып, осылай жаңа сөздердің пайда болуын ғылым тілінде сөзжасам деп атайды.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *