СК-5 және СК-6 комбайндары электрлік жабдықтарының приборлары
Ток көздері. СК-5 және СҚ-6 комбайндарында тұрақты токтың сыңар өткізгіштік электр желісі пайдаланылған, бірақ бұл ком-байндарда ток өткізгіші бар айнымалы ток генераторлары орна-тылған. 1972 жылға дейін бұл комбайндар үшін әр түрлі генера-торлар жасалды: СҚ-5 комбайнына арналған Г-304 (қуаты 250 Вт) және СК-6 кобайндарына арналған Г-305Б (қуаты 400 Вт). 1972 жылдан бастап осы комбайндардьщ (СК-5 пен СК-6) екеуіне ар-налған Г-304 типті, қуаты 400 Вт унификацияланған ортақ генера-тор шығарылуда. Генератордын кернеуі 12 В. Генераторлар дви-гательдің иінді білігінің сыналы белдігімен айналдырылады. Ми-нустік полюс қосқыш арқылы “массамен” байланысқан.
Кабина ішінде генератормен бірге жұмыс істейтін РР-362Б жа-наспалы-транзисторлы релереттеуіш орнатылған. Оның қызметі — генераторды артық жүктемеден қорғау және кернеуді түрақты ша-мада ұстау. Реле-реттеуіште аккумуляторлық батареяның зарядта-луын жыл мезгіліне сәйкес реттейтін жанаспалы винт бар. Винтті “Жаз” қалпына келтіру үшін оны тірекке тірелгенге дейін бұрап шығарады, ал “Қыс” қалпына келтіру үшін тірекке дейін бұрап кіргізеді.
СК-6 комбайнында бір 6ТСТ-50-ЭМС аккумуляторлық батарея-сы, ал СК-5 комбайнында екі 6ТСТ-132-ЭМС аккумуляторлык ба-тареясы пайдаланылған.
Жүргізгіш құрылғы. СК-5 комбайнының СМД-17 двигателі СТ-100 стартерімен жүргізіледі. ВК-ЗОБ ауыстырып-қосқышы СМД-15К двигателіндегі сияқты приборлар қалқанындағы кнопканы басып қалған кезде батареяны параллель қосылудан тізбектеп қосуға ауыстырады және бір мезгілде стартерді де жұмысқа қосады. Жүргізу желісіне қосылған стартердің релесі (РС-502)
двигатель жүргізілген соң стартерді автоматты түрде ажыратып жібереді де, ауыстырып-қосқыштың жанаспалы бөлігін күйіп ке-туден сақтайды. Ауыстырып-қосқыш пен реле аккумуляторлык ба-тареяның жанында орналасқан жәшіктің ішінде бекітіледі.
СМД-64 двигателі жүргізгіш двигательмен от алдырылады, ал жүргізгіш двигатель СТ-352-Д стартерімен жүргізіледі. Стартердің қосқышы. двигательде бекітілген.
138-суретте СК-5 комбайнының электрлік жабдықтарының принциптік схемасы көрсетілген. СК-6 комбайнындағы электрлік жабдықтардың орналасуы да осы схемаға ұқсас.
Жарық беру жабдықтары. СК-5 комбайнындағы жарық беру приборларының орналасу ретін анықтайық. Бұларды басқару үшін ириборлар қалқанында орналасқан косқыштар жүйесі мен бақылау лампочкалары пайдаланылады (62-параграфтағы 149-суретті караңыз).
Комбайнның алдыңғы “жағында алысқа және жақынға жарық түсіретін қос қылы бар А12-50 + 21 лампочкасы, ал артқы жағында кәдімгі А12-32 лампочкасы бар екі ФГ-304 фарасы орнатылған. Алдыңғы жақтағы фаралар қолмен қосылатын ауыстырып-қос-қышпен / (149-сурет), ал артқы жақтағы фаралар — қосқышпен 17 іске қосылады.
Алысқа-немесе жақынға жарық түсіретін лампочка аяқпен іске қосылатын ауыстырып-қосқышпен жағылады. Көк түсті лампочка 23 алысқа жарық түсіретін лампочканың іске қосылуын бақылайды. Ауыстырып-қосқышта 1 биметалдық қорғағыш бар.
Жүргізушінің алаңшасында және шанақта А12-21-6 электр лампочкасы бар ПФ101-Б кішкене фара орнатылған. Мөлдір әйнегі бар кішкене фара комбайнның габаритін (жаткасыз) көрсетуге және бұрылыс сигналын беруге арналған.
Комбайнның артқы жағында “стоп” жарық сигналын беруге арналған қызыл әйнекті және екі лампочкалы (А12-21 және А12-3) ФП101-Б фонарьлары, сондай-ақ қызғылт әйнекті және А12-21 лампочкасы бар УП-105 бұрылыс көрсеткіштері кронштейнге ор-натылған.
Ауыстырып-қосқыштың 1 көмегімен габариттік жарық беру іске қосылады және лампочка 3 жанады. Бүрылысты іске қосу жасыл лампочкамен 12 бақыланады.
Шанақ ішіндегі фонарь қосқышпен 14 іске қосылады. Акку-муляторлық жәшікте бауы ұзартылып алып жүрілетін лампочканы жалғауға арналған штепсельдік розетка бар.
62-параграфта СК-5 және СК-6 комбайндарының приборлар Қалқандарында орналасқан бақылау және сигнал беру құрылғы-ларының тізімі берілген.
138-сурет. СК-5 (СМД-17К двигательді) комбайнньщ электрлік жабдықтарының принциптік схемасы:
1 —ПФІОІ-Б кішкене фаралары (А12-21+6 электр шамымен); 2 —ФГ-305 тракторлық фаралары (А12-50+21 электр шамымен); 3 —кабина ішіне берілетін ауаны тазартқыштың желдеткіштері (МЭ218); 4— әйнек сүрткіш (СЛ230); 5 —дыбыстык сигнал (С44); 6 — жүргізушіні желпіндіретін желдеткіш (МЭІІ); 7 —шанақтың толуын хабарлайтын сигнализатор; 8 — дән шығынын көрсеткіштің (УПЗ) өлшеуіш блогы; 9 — УПЗ жүйесі торлы станы мен өлшеуішінің өзгерткіштері; 10-УПЗ жүйесі сабан сіліккішінің өзгерткіші; 11 —артқы фонары ФП10І-Б (А12-21 және А-13-3 электр шамдарымен); 12 — бұрылысты көрсеткіш фонарьрар УП-105 (А12-21 электр шамымен); 13 — тракторлық фаралар ФГ-304 (А12-32 электр шамымен); 14 — двигательдегі май қысымының көрсеткіші (ММЭ); 15 — су темчературасының дачигі; (ТМ101); 16 — майдық аппараттық температурасының датчик-сигнализаторы
(ТМЮЗ); П — реле-реттеуіш (РР-362Б); 18 — генератор (Г-304); 19 — жатка арбасынық артқы жақтағы фонарьларын өзара қосу панелі; 20 — стартер (СТ-100); 21 — батареяларды
ауыстырып қосқыш (ВК-ЗОБ); 22 және 23 — сабан сіліккіш пен шөмелелегіштің сигнализатор (В2-А2); 24 және 25 — масақ және дән шнектері; 26 — екі аккумуляторлық батарея (6ТСТ-132); 27, 28 және 29 — шөмелелегіштің, шанақтың және сабан сіліккіші бар шнектің сигнал беру лампочкалары; 30— беріліс қорабының сигнализаторы; 31 — жылытқыш (МЭ218) 32 — жарықтық аяқпен ауыстырып-қосқышы (П39).