СК-4, СК-4А және СКД-5 комбайндарының басқару құрылғылары және оларды пайдалану тәсілдері

Жалпы мәліметтер. СҚ-4 және СК-4А комбайндарында үсті тентпен жабылран жүргізушінің басқару алаңшасы орналасқан. СКД-5 комбайны екі вариантта шығарылады: СК-4 және СК-4А комбайндарындағы сияқты ашық алаңшалы немесе алақшада ор-натылған кабиналы.

СКД-5 комбайнының кабинасы күннен қорғайтын күнқағармен, түнгі жарыққа арналған плафонмен, кері жүрістін, айнасымен, маңдайлық әйнектерді қол тазалағышпен, ауаны центрден үрлеп тазалайтын тазалағышпен жабдықталған. Сондай-ақ ол жылуды суыту жүйесінен алатын автомобильдікі сияқты жылытқышпен жабдықталуы да мүмкін.

Басқару алаңшасы. Басқару алаңшасы молотилканың сол жақ бөлігінде орналасқан. Отырғыштын, қалпын рульге сәйкес реттеуге болады. Отырғыштың астында құрал-саймандар және басқа жаб-дықтар сақталады. Алаңшаның астындағы жәшікте майлау мате-риалдары бар банкалар, шприц және тағы басқалар сақталады.

Жүргізушінің сол жағында жүріс бөлігі ілінісінің педалі 1 (142-сурет) орналасқан. Сол жақта, рульдік қалыптың үстінде басқару кранының рычагы бар. Рульдік қалыптың үстінде, жүргізушінің алдында бөлгіш кранның рычагы орналасқан. Рульдік Қалыптың оң жағында берілісті ауыстыру қорабының рычагы орналасқан.

Оң жақта тежеуіштің педалі мен шөмелелегішті босататын педаль орналасқан. Жүргізушінін. оң жағында сонымен бірге мыналар бар: барабан мен дека арасындағы саңылауды реттейтін рычаг 7, жанар май насосын басқару рычагы және двигатель ілінісінің (жұмыстық органдарының) рычагы 10. Отырғыштың оң Жағында босату шнегін қосу рычагы орналасқан.

142-сурет. СК-4 және СК-4А комбайндарының басқару алақшалары:

1 — жүріс бөлігінің ілініс педалі; 2 — басқару кранынық рычагы; 3 — бөлгіш кранның рычагы; 4 — берілісті ажыратып-қосу рычагы; 5 —тежеуіш педалі; 6 — шөмеле түсіру педалг 1 — бастыру аппаратының саңылауларын реттеуіш рычаг; 8 — шанақты босату рычагы — жанар май насосының рычагы; 10 — двигатель ілінісінің (жұмыс органдарының) рычагы.

Шанақтың қабырғасына приборлар қалқаншасы бекітілген (134-сурет). Онда мынандай приборлар мен бақылау құрылғылары бар: амперметр, май қысымын көрсеткіш, май мен судың тем-пературасын көрсеткіш, сигнал лампочкалары мен сигнал ажырат-кыштар, электр приборларын қосу құлыбы мен фараларды ажы-ратып-қосқыш, электршырақты қыздырғыш қосқышы 14, стартерді қосқыш 15;қыздырғыштың бақылау элементі 2, жылжымалы лампочканың розеткасы 1.

Басқару органдары мен бақылау приборларының қызметі,

Баскару алаңшасындағы рычагтар мен педальдарды пайдалану тәсілдершен сондай-ақ приборлар қалқаншасы құрылғысының қызметімен таныстыра кетейік.

Ілініс педалі 1 (142-сурёт). Бұл педальмен комбайнның жүріс бөлігінің ілінісін ажыратып, қосады. Іліністі ажырату үшін сол аяқпен педальді шегіне жеткенше басу керек. Іліністі педальді босата отырып қосады. Шестернялардың бүйірлерінің тозып, сынбауы үшін мына негізгі ережелерге сүйену керек: берілісті тек к,ана комбайн біржолата тоқтаған кезде вариатордың төмен диа-пазонымен қосу керек; комбайн жүріп келе жатқанда берілісті ажыратып-қосуға болмайды; қажет болмаса іліністі ажыратпау керек және оны ұзақ уақытқа ажыратып тастауға да болмайды; іліністі педальді шегіне жеткенше баса отырып шапшаң ажырату керек; іліністі жайлап бірқалыпты қосқан жөн, бірақ педальді аралық қалыпта іркілтпеу керек.

Бөлгіш кранның рычагы (142-сурет). Бұл рычаг бес гидроцилиндрдің — жатканы көтеретін және түсіретін екі гидро-цилиндрдің, шалғыға сәйкес қалбағайдың қалпын реттейтін екі және қалбағайдың немесе жинауыштың айналысын реттейтін бір гидроцилиндрдің — жұмыстарын бағыттап отырады. Рычаг бағыт-тауыштың ойықтарымен жылжып ауыстырылады. Бағыттауыштың жекелеген тік ойықтары мынандай қызмет атқарады (85-сурет): сол жақтағы ойық 75-қалбағайдың айналымы; ортадағы 16 — жатканы көтеру және түсіру; оң жақтағы 17 — қалбағайды көтеру және түсіру. Көлденең ойық рычагтың бейтарап қалпының линиясы болып табылады. Рычаг жоғарғы қалыпта тұрғанда сәйкесінше: қалбағай немесе жинауыш айналысы, жатканың көтеру немесе қалбағайды көтеру жоғарғы жиілікке ие болады. Ал рычаг төменгі қалыпта тұрғанда: қалбағайдың немеее жинауыштың айналысы, жатканы түсіру немесе қалбағайды түсіру төменгі жиілікке ие болады.

Мына ережелерді басшылыққа алу керек: рычагты шегіне дейін (жоғарғы немесе төменгі) жылжыту керек және қажетті реттеуге кол жеткенше сол қалпында ұстап тұру қажет. Осыдан кейін рычагты бейтарап қалыпқа қою керек.

Басқару кранының рычагы2 (142-сурет). Бұл рычаг кранды қозғалысқа келтіреді, ал кран жүріс бөлігі айналысы вариаторының гидроцилиндрін басқарады. Қозғалыс жылдамдығын жайлап бірқалыпты арттыру үшін рычагты алдыға (А бағытына) қарай шегіне жеткенше жылжыту керек, ал жылдамдықты дәл осындай бірқалыпты азайту үшін рычагты кейін (Б бағытына) қарай шегіне жеткенше жылжыту қажет. Егер рычаг, қай қалыпта болсын, шегіне дейін жылжытылса, онда оны бұл қалыпта қажетті жылдамдыққа қол жеткенше ұстап тұру керек. Қажетті жылдамдыққа жеткеннен кейін рычагты түсіреді, ол бейтарап жағдайға қайтып келеді. Рычаг бейтарап жағдайда тұрғанда комбайн жылдамдығы өзгермейді.

Беріліс қорабының рычагы (142-сурет). Берілісті ауыстыру схемасы 105-суретте көрсетілген. Берілісті мынадай тәртіппен қосады: ілініс педалің шегіне жеткенше басады; қажетті берілісті қосады; педальді бірқалыпты босатады. Егер ілініс педалі шегіне дейін басылғанда шусыз қосылыс жүзеге аспаса, онда іліністі реттеу қажет.

Двигательдің жанар май насосының рычагы (142-сурет). Жанар майдың берілуін насос арқылы көбейту қажет болғанда рычагты солға (А бағытына) қарай жылжытады. Жанар майдың берілуін азайту үшін рычагты оңға (Б бағытына) карай жылжытады. Егер ауаның температурасы +10° градустан төмен болғанда жанар майдың берілуін көбейту ушін, сондай-ақ жанар май насосы реттеуішінің кнопкасын да жылжытады. Рычагпен жанар майдың берілуін ажырату арқылы двигательді тоқтатады.

Двигатель ілінісінің рычагы 10. Двигатель ілінісін, содан кейін комбайнның жұмыс күшін іске қосу үшін рычагты 10 бірқалыпты оңға (А бағытына) қарай бұрады. Іліністі (және жұмыс органдарын) ажыратқанда рычагты солға (Б бағытына) карай ауыстырады.

Дека рычагы 7. Бұл рычагпен комбайн жүріп келе жатқанда барабан мен деканың арасындағы саңылауды өзгертеді. Саңылауды ұлғайту үшін рычагты алға (А бағытына) қарай жылжыту керек, ал оны тарылту үшін рычагты кейін (Б бағытына) қарай жылжыту керек. Бекіткіш штырьдың сектор тесігінен шығуі үшін рычагты алдын-ала оңға қарай итеру керек.

Босату шнегінің рычагы 8. Босату шнегін іске қосу үшін рычагты оңға (А бағытына) қарай шегіне жеткенше шұғыл итеру керек, ал ажырату үшін — солға (Б бағытына) қарай шұ-ғыл жылжыту қажет. Босату шнегін тек онын, науасынан дән тө-гіліп біткеннен»кейін ғана іске қосу керек.

Шөмеле түсіргіштің педалі (142-сурет). Гидроландырылмаған шөмелелегіштегі шөмелені түсіру үшін педальді басу керек және оны басылған қалпында 4—6 секунд ұстап тұру қажет. Бұл уақыт ішінде сабан шөмелесі шөмелелегіштен түсіп үлгереді. Осыдан кейін ғана комбайншы педальді босатады. Гидроландырылған шөмелелегіштерде тек қана педальді басьш, іле-шала оны қоя беру керек. Түсіру процесі мен шөмелелегішті жабу комбайншының қатысуынсыз-ақ жүзеге асады.

Тежеуіштің педалі (105-сурет). Тежеуіштің педалі 142-суретте 5 позициямен белгіленген. Қозғалыс педальдан (105-сурет) тежеуішке педаль рычагы, аша, тартпа 27, рычагтар 12, 15, сондай-ақ тартпа 13арқылы беріледі. Педальді басқан кезде беріліс жүйесі шкивтің фрикциялық лентасын кереді және тежелу басталады. Педальді босатқан кезде тежелу бірден тоқталады. Педаль рычагының осінде шаппа тіс 7 орнатылған, ол педальді басқанда тежеуішті ұзақ мерзімге қосуға мүмкіндік береді. Шаппа тіс педаль ойығының шегінде жылжиды, бұл ретте серіппе оны артқы тіректің ойығына қарай үнемі сығып тұрады. Қомбайнды ұзақ мерзімге тежеу үшін педальдің он, жақ бөлігін шаппа тіске жанастырмай басу керек. Сонда шаппа тіс босайды да, серіппенін, 5ықпалымен алаңша төсемінің 10 тірек пластинасымен педальді босаң қалыпта ұстай отырып жанасады. Бұдан кейін тежеуішті мүлдем босату үшін шаппа тісті аяқпен басу керек, сонда ол алдыға қарай жылжиды да, пластинамен бірге ағытылады.

Қысқа мерзімге, яғни, кәдімгідей тежеу үшін педаль мен шаппа тісті бір мезгілде басу керек. Шаппа тіс педаль табаншасының шетінен шығып тұратындықтан, аяқпен басқан кезде алға қарай жылжиды. Соның’ арқасында ол табаншаның төсем пластинасымен ілініспейді және педальмен бірге бастапқы қалпына қайта келеді. Тежеуішті басқару рычагына шаппа тісті 7 енгізу қысқа және ұзақ мерзімге тежеу мәселесін шешіп берді. Алайда, сонымен бірге комбайнның кенет ұзақ уақытқа (бұл жағдай тек қажет болғанда ғана емес, сондай-ақ зиянын тигізгенде де) тежеліп қалу қаупі туды. Мысалы жүргізуші комбайнды қысқа мерзімге ғана тежеп, қозғалысты одан әрі жалғастыруға тиіс дейік. Бірақ ол байқамай шаппа тісті қоса отырып, бүкіл педальді басып қалады, бұл кезде шаппа тіс педальдің оң жақ бөлігінде ғана бос күйінде болады. Осының нәтижесінде тежеуіш лентасы ұзақ мерзімге бекітіліп қалады. Бұдан соң жүргізуші іліністі іске қосады. Беріліс білігі тежеліп қалғандықтан беріліс қорабына орасан зор күш түседі. Мұндай қателіктен сақтандыру үшін шаппа тіске хвостовигінің жалтыры А бар бекіткіш енгізілген. Бекіткіштің жұмыс кезіндегі қалыпты жағдайы оның тұтқасы төмен қарай бұрылып тұрғандағы қалпы (а позициясы) болып есептеледі. Осы қалпында оның хвостовигі педаль рычагына Б жақтағы бүйірімен тіреліп тұрады, ал шаппа тіс алга қарай ығысады, яғни ажырайды. Бұл жағдайда тек қана қысқа мерзімге тежеуге болады.

Егер ұзақ мерзімге (түрақтық) тежеу қажет болса, онда бекіткіш тұтқасын жоғары қарай айналдыру керек (б позициясы). Бекіткіштің хвостовигі педаль рычагына қарай жалтыры А арқылы айналады. Соның әсерінен шаппа тіс іске қосылады. Бұл жағдайда ұзақ уақытқа тежелудің болуы мүмкін. Мынаны есте сақтау керек: егер тежеуіш басылған қалыпта болса, мұның өзі тетіктердің бүлінуіне әкеп соғуы мүмкін. Сондай-ақ беріліс қосулы тұрғанда комбайнды тежеуге болмайды. Тежеуіш педалін міндетті түрде бірқалыпты басу керек, олай істемеген жағдайда беріліс қорабына көп күш түседі.

Тежеуіш педалінің 15—20 сантиметрдей еркін жүрісі болуға тиіс. Бұл мөлшерді тартпа 27 ашасының көмегімен реттейді.

Бақылау элементі (134-сурет). Двигательді от алдырған кезде электршырақты қыздырғыш қолданылғанда бақылау элементі оның орамдарының қыздырылу мөлшерін көрсетеді. Қыздырғыш қосқышпен 14 іске қосыладьі. Бақылау элементі, әдетте, ашық қызыл түске бөленіп қызады. Мұның өзі стартерді қосу қажет деген белгіні білдіреді.

Ф а р а н ы а ж ы р а т ы п-қ о с у қ ұ л п ы 3. Кұлып тұтқасының бірінші қалпында барлық фаралар қосулы тұрады. Екінші қалпында шанақты, алаңша таянышын және приборларға жарық беретін лампочкаларды іске қосу керек. Үшінші қалпында барлық үш фара мен приборларға жарық беретін лампочка іске қосылады.

С иг н а л б е р у л а м п о ч к а л а р ы 6, 12. Бірінші лампочка (жасыл түсті)—шанақтікі, екіншісі (қызыл түсті)—молотилканікі. Бүл екі лампочка да комбайнның дыбыстық сигналымен жалғасқан. Сондықтан шанақты дәнмен толтырған кезде немесе шнек, элеватор мен сабан сіліккіш бұзылған жағдайда жарық және дыбыс сигналдары бір мезгілдё іске қосылады. Дыбыс сигналын ажыратып-қосқышпен 5 немесе 13ажыратуға болады.

С у д ы ң ж ә н е м а й д ы ң т е м п е р а т у р а с ы н к ө р с е т —

к і ш т е р 7 жэне 10. Жұмыс кезінде судың қалыпты температурасы 80—95°С, ал майдың қалыпты температурасы 70—95°С болуға тиіс. Двигательді от алдырғанда жүктеме түспес бұрын оны қыздырып алады. Жүктемені судың температурасы 45—50°С-қа жеткеннен кейін іске қосады.

А м п е р м е т р 8. Амперметр генератор мен реттеуіш-реленің жұмысын бақылау үшін қажет, ол сондай-ақ аккумулятор батарея-ларының зарядталуы мен зарядсыздануын көрсетеді. Батареяны зарядтағанда амперметр тілі плюс белгісіне қарай бұрылады, ал зарядсызданғанда минус белгісіне қарай бұрылады.

М а й қ ы с ы м ы н к ө р с е т к і ш 9. Жұмыс кезінде двигательдің майлау жүйесіндегі май қысымы 1,5—3 кгк/см2 (150— 300 кПа) болуға тиіс.

С и г н а л б е р у л а м п о ч к а с ы 11. Бұл шөмелелегіштің лампочкасы (қызыл түсті). Ол дыбыс сигналымен жалғаспаған. Лампочка 11 шөмелелегіштің артқы клапанының шаппа тісі толық жабылмаған (мұның өзі ақау бар екендігін көрсетеді) кезде жанады, Клапан толық жабылса лампочка жанбайды.

Читайте также: