СК-4 және СКД-5 комбайндары электрлік жабдықтарының приборлары

Жалпы мәліметтер. СК-4 және СКД-5 комбайндарында кернеуі 12 вольт электрлік жабдықтардың сыңар өткізгіштік жүйесі пай-даланылған. Теріс полюс ВК-318-Б қосқышы арқылы “массамен” жалғасқан. “Массаға” қосу үшін қосқыштың бүйір штогын, ал ажырату үшін — вертикал штогын басып қалу керек. ВК.-318-Б қосқышын мына төмендегі мақсаттар үшін пайдаланады:

а) двигатель жұмыс істемей тұрғанда және комбайн аялдап

тұрған кезде (өздігінен разрядталуды кеміту үшін) аккумуляторлық батареяны ажыратып бөліп тастау үшін;

б) электрлік тізбектерде ақау болған кезде аккумуляторлық батареяны тұтынушылардан лезде ажыратып бөліп тастау үшін.

Электрлік жабдықтар жүйесіне мына топтар жатады; ток көздері, двигательді жүргізу жүйесі, бақылау-өлшеу приборлары, сигнал беру жүйесі, жарық беру.

Ток көздері. Генератор мен аккумуляторлық батарея ток көздері болып табылады.

СМД-15К двигательді СК-4 комбайнында РР-315Д реле-реттеу-іші, тұрақты токтың Г-214-АІ генераторы, екі 6ТСТ-120 аккумуля-торлық батарея пайдаланылған. СМД-14Қ двигательді комбайнын-да осы реле-реттеуішті генератор, бірақ тек бір ғана 6-ТСТ-45 не-месе 6СТ-42-ЭРЗ аккумуляторлық батарея пайдаланылған.

СМД-18К двигательді СКД-15 комбайнында РР-315Д реле-реттеуішті 214-АІ генератор және бір 6СТ-42-ЭРЗ аккумуляторлық батарея орнатылған.

Г-214-А1 генераторы — тұрақты ток өндіреді, жабық, ішкі бө-ліктері ерікті салқындатылады. Оның куаты 180 Вт, ал толық жүк-теме кезіндегі ток күші 15А.

Г-214-А1 генераторының подшипниктері ЦИАТИМ-221 немесе № 158 арнайы майымен майланады. Артқы жақтағы подшипник (коллектор жақтағы) 240 сараттан соң майланады. Бұл үшін қақ-пақты алады, подшипниктщ ішін 2/3 бөлігіне дейін майлау майы-мен толтырады да қақпақты өз орнына қояды. 240 сағат жұмыс істеген соң май сауытты (масленканьл) якорьді бұра отырып майға толтырады. 900—1100 сағаттан сон, подшипниктерді жуып оны жа-на майлау майымен толтырады. Г-214-А1 генераторы үшін басқа-дай майлау майлары жарамсыз.

РР-315Д реле-реттеуіште маусымдық реттеуге арналған жанаспалы (контактілі) винті бар. Егер айнала қоршаған ауаның температурасы +5°С және одан жоғары (жаз айларында) болса, онда жанаспалы винтті тірекке тірелгенше бұрап қою керек. Батареяны жүйелі түрде қайта зарядтау кезінде винтті бұрап шығару керек (ауаның температурасына байланыссыз түрде). Жүйелі түрде зарядтамау (электролитті тығыздығының азаюы) кезінде де маусымға тәуелсіз түрде винтті бұрау қажет.

Аккумуляторлық батареяның маркаларындағы белгілер мына-ларды білдіреді: 6 цифры — әрқайсысының номиналь кернеуі 2 В болатын тізбектей жалғастырылған аккумулятордың саны; СТ әріптері — стартерлік батарея; ТСТ әріптері — тракторлық стар-терлік батарея; маркадағы сан — 10 сағаттық разрядтау режимін-дегі ампер-сағат есебіндегі номиналь сыйымдылық; марканың соң-ғы әріптері — моноблоктың материалы (Э — эбонит, М — мипласт, МС — мипласт және әйнек талшық, Р —мипор); марка соңындағы әрпі құрғақтай зарядталған деген ұғым береді.

СМД-15Қ двигателінің жүргізу жүйесі. Бұл двигательдің жүргізу жүйесі қуаты 8 а. к. (5,9 кВт) СТ-100 стартерден, ауыстырып-қосқыштан және электр факелдік жылытқыштан құралған.

Осы стартерді қоректендіру үшін 24 В кернеу қажет болады. Сондықтан электрлік жабдықтар жүйесіне ВК-ЗОБ дистанциялық электромагниттік жүргізгіш ауыстырып-қосқыш қосылған. Бұл прибор екі түрлі жұмыс атқарады; аккумуляторлық батареяны па-раллель қосылыстан тізбекті қосылысқа ауыстырып қосады, осы-ның нәтижесінде қажетті кернеу алынады және бұған қоса бір мезгілде стартерді тізбекке қосады.

СМД-14Қ және СМД-18Қ дизельдерінің жүргізгіш двигателінде қуаты 0,75 а. к. (0,55 кВт) СТ-365 стартері орнатылған.

Бақылау-өлшеу приборлары. Қомбайнда мына төмендегідей приборлар орнатылған: су мен майдың температурасы, сондай-ақ майдың қысымын көрсеткіштер мен датчиктер, электр-факелдік жылытқыштың (СМД-15К) бақылау элементі, амперметр.

Сигнал беру жүйесі. Бұл жүйе дыбыстық сигнал беруден, сондай-ақ шанақтың, сабан сіліккіштің, шөмелелегіштің және элеваторлы қос шнектің сигналдық құрылғыларынан құралған. Сигналдық қүрылғыларда түрлі-түсті лампочкалар мен қосқыштар пай-даланылған.

Жарық беру. Жарық беру жүйесі үш фарадан, ауыстырылмалы лампочкалардан және приборлар қалқанын жарықтайтын лампоч-кадан құралған. Бұл жүйеге жарық сәуленің құлыпты ауыстырып-косқышын да жатқызуға болады.

Фараның біреуі шанақтың алдыңғы жағында оң жақта, екіншісі — басқару алаңшасының сүйенішіне, үшіншісі — радиатордың тірегіне орнатылған. Кронштейндер фараларды қажет бағытқа бұруға мүмкіндік жасайды.

Аккумуляторлық батарея. Завод 1-майдан бастап 1-сентябрьге дейін жөнелтілетін комбайндарды зарядталған, яғни пайдалануға толық жарамды 6ТСТ-132 аккумуляторларымен жабдықтайды.. 1-сентябрьден бастап 1-майға дейінгі мерзімде комбайндарға за-рядталмаған аккумуляторлар орнатылады. 6ТСТ-50-ЭМС аккуму-ляторлары әрқашан құрғақтай зарядталған күйде жөнелтіледі.

Электролит дайындау үшін әйнек, қорғасын немесе фаянс ыдыс пайдаланылады. Электролит дайындау кезінде қышқылды суға құю керек, ал керісінше істеуге болмайтынын есте сақтау қажет. Дистилденген суы бар ыдысқа қышқылды жайлап құйып, оны әйнектен немесе құрғақ таза ағаштан жасалған таяқшамен ара-ластырады.

Егер батареяның сыртына электролит тамса, оны 10 проценттік мүсәтір спиртіне немесе кальциленген сода ерітіндісіне малынған шүперекпен сүртіп тазартады. Батареяның қысқыштарын тотығудан қорғау үшін, оларды техникалық вазелинмен майлап қояды.

Әрбір 60 сағат жұмыс істеген соң электролиттің деңгейін тексереді (оның сақтандырғыш қалқандардан 10—15 мм жоғары болуы керек). Қажет болғанда аккумуляторға дистилденген су құйылады.

Электролиттің деңгейін мына төмендегіше тексереді. Аккумуля-тордың бетін, әсіресе тығынды және оның айналасын жақсылап тазартады. Әрбір элементтің тығынын кезекпе-кезек алып тастап, оған үшы жағынан 10 мм және 15 мм қашықтықта екі белгісі бар, диаметрі 3—5 мм әйнек түтікшені салады. Түтікше сақтандырғыш қалқанға жеткен кезде, оның жоғарғы ұшын саусақпен нығыз жауып, абайлап жоғары шығарады. Түтікшедегі электролиттің биіктігі оның сақтандырғыш қалқаннан жоғарғы деңгейін көрсе-теді.

240 сағат жұмыс істеген соң электролиттің тығыздығьш өлшейді және аккумулятордың сирексушілік дәрежесін анықтайды.

Тығыздықты өлшеумен бірге температуралық түзетуді ескеру үшін электролиттің температурасын да анықтайды. Егер электро-литтің температурасы 15°С-тан жоғары немесе төмен болса, онда температуралық түзетулер енгізу арқылы қышқыл өлшеуіштің көрсетуін 15°С температурадағы тығыздыққа келтіруге болады. Егер электролиттің нақты температурасы 15°С-тан төмен болса, онда әрбір градус айырмаға қышқыл өлшеуіштің көрсетуінен 0,0007-ден шегеру керек. Егер де электролиттің нақты температурасы 15°С-тан жоғары болса, онда осы көрсетудің әрбір градусына 0,0007-ден қосу керек. Қыста 25%-тен астам, ал жазда 50%-тен астам разрядталған батареяларды машиналардан алып, үстеп зарядтауға жіберіледі.

6-таблицада толықтай зарядталған батареялардың электролит-терінің тығыздығы жайындағы және батареялардағы электролит-

 

 

Климаттық аудан

Топрақтан за-

рядталған —

батарея электролиттің —

15°-қа келтіріл — ген тығыздығы. г/см2

6 — т а б л и ц

Егер батарея разрядталған болса электролиттің 150-қа келтірілген тығыздығы,г/см2

25-%ке 50- %ке
Тым континенталь климатты және қыста температурасы —40°С-тан төмен аудандар:

қыста

жазда

Температурасы қыста —40°С-ка дейін жететін солтүстік аудандар (жыл бойы)

Температурасы қыста —30°С-қа дейін жететін орталық аудандар (жыл бойы)

Оңтүстік аудандар

1,31

1,27

1,29

1,27

1,25

1,27

1,23

1,25

1,23

1,21

1,23

1,19

1,21

1,19

1,17

тердің тығыздығының кемуі кезінде оның разрядталу дәрежесі ту- ралы мәліметтер келтірілген.

Батареяларды зарядталған күйінде және электролитімен ұзақ мерзім сақтау үшін оны артығымен зарядтайды; батарея багын мұқият тазартады; аккумулятордың қақпағын 10 проценттік мүсәтір спиртіне немесе кальциленген сода ертіндісіне матырылған шүберекпен сүртеді, сонан соң құрғақ таза шүберекпен тазалайды; полюстік клеммалар мен олардың арасын өзара қосқыштарды құрғатып сүртіп, оларды вазелинмен майлайды. Осылайша дайын-далған батареяны температурасы 0°С-тен жоғары желдетілетін қүрғақ бөлмеге қояды. Әр ай сайын электролиттің деңгейі мен ты-рыздығын тексереді. Егер тығыздығы 1,23 г/см3-тен (15°С-та) тө-мендеп кетсе, онда батареяны үстеп зарядтайды.

Читайте также: