Сейілбек Мейрамұлы Жанайдаров

Сейілбек Мейрамұлы Жанайдаров — Алаш қозғалысының көрнекті басшыларының бірі, Қазақстанның мемлекет және қоғам қайраткері. (1884, бұрынғы Атбасар уезі, Терісаққан болылсы – 1929, Алматы) – Алаш қозғалысының қайраткері, заңгер. 1913 жылы Санкт-Петербург университетінің заң факултетін бітірген. Әйелі Мәриям – белгілі қазақ заңгері Жансұлтан Сейдалиннің қызы. Жанайдаров университетті бітіргеннен кейін Ресейдің Витебск губерниясында қаржы саласының тексерушісі болып қызмет атқарған.[1] М.Дулатов, Мұстафа Шоқай, А.Бірімжановтармен бірге Ресейдегі Ақпан, Қазан төңкерістері қарсаңында қазақ даласында етек алған ұлттық-демокр. қозғалысқа белсене араласқан. 1916 жылы Витебскіден елге оралып, Атбасар қаласында салық инспекторы болып қызмет істейді. 1916 жылы майдан жұмысына алынған қазақ жастарына көмек көрсету ісіне ат салысқан. 1917 жылы шілдеде Орынборда өткен 1-жалпықазақ съезіне Ақмола обл-нан делегат болып қатысты. 1917 жылы 5 – 13 желтоқсанда Орынбордағы 2-жалпықазақ съезіне қатысып, Алашорда үкіметі мүшелігіне сайланды. 1918 жылы Ә.Бөкейхановтың жарлығымен Ақмола обл-ның соты болып тағайындалды. Қазақ автон. республикасы құрылғаннан кейін Орынбордағы респ. қаржы халық комиссариатының алқа мүшесі, халық комиссарының орынбасары, халық комиссары болып қызмет істеген. Астана Қызылордаға көшірілгенде Қазақстанның ауыл шаруашылығы банкін басқарды.
Пайдаланған әдебиет
↑ «Алаш» қозғалысы. Алматы, 2008. ISBN 9965-32-715-7
↑ Қазақ Энциклопедиясы

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *