Сатылған Сабатаев

Сатылған Сабатаев (1874-1921) — агроном, ғалым. Бұрынғы Жетісу облысы, Верный уезі, үлкен Алматы болысында дүниеге келді. 1885-95 ж. аралығында ер балаларға арналған Верный гимназиясында оқып білім алды. 1895 ж. Москвадағы Лазареватынд. Шығыс тілдері антына түсіп, оны 1899 ж. бітірді. Жетісу әскери-губернаторының осы жылғы 20 қарашадағы арнайы бұйрығымен Пішпек уездік басқармасына тілмаштық қызметке тағайындалды. 1915 ж. Москва а. ш. ин-тын бітірген. 1917 ж. желтоқсанда Орынборда өткен Жалпы қазақтық құрылтай съезінде «Алашорда» үкіметінің мүшесі болып сайланды. Жетісу өңірінде алаш қозғалысының белсенді басшыларының бірі болды. Москвада оқып жүрген кезінде С. Абай Құнанбаев шығармашылығын орыс жұртшылығына таныстыруда елеулі еңбек етті. Москвадағы есеп-кредит ин-тының студенті Нұх Рамазановпен бірге 1914 ж. Москвадағы Шығыстану ин-тының акад. А. Н. Веселовский құрметіне арнап шығарған «Алшархият» жинағына Абайдың төрт өлеңінің мазмұнын («Поэт», «Пожалейте меня», «Лето», «О любви») қара сөзбен орысша жазып бастырған.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *