Салт етістік

Салт етістік
Мағынасы жағынан тура объектіні, табыс септіктегі сөзді қажет етпейтін етістіктер салт етістіктер деп аталады. Салт етістіктер барыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктегі сөздермен тіркесе беруі мүмкін, бірақ табыс септіктегі сөзбен байланыспайды. Мысалы, қаладан қайт, ауылға қайт, жолдасыңмен қайт немесе түсінде келді, үйден келді, баламен келді, үйге келді т. б. болып қолданылса да, нені (ауылда т. б.) қайт? нені (қаланы т. б.) келді? деп айтуға болмайды. Сондықтан бұлар — салт етістіктер.
Кейбір етіс жұрнақтары салт етістіктерді сабақты етістіктерге немесе сабақты етістіктерді салт етістіктерге айналдыру қызметін атқарады. Мысалы: өзгелік етіс жұрнақтары -ғыз, -гіз, -қыз, -кіз, -дыр, -дір, -тыр, -тір, -ыр, -ір, -р, -т салт етістікке жалғанса, оны сабақты етістікке айналдырады: шам сөнді — шам-ды сөн-дір-ді, бала кетті — бала-ны кет-ір-ді, гүл өседі — гүл-ді өс-ір-гді, ол өкпеледі — о-ны өкпеле-т-ті т. б. Ал ырықсыз (кейде өздік) етіс жұрнақтары сабақты етістікке жалғанып, оны салт етістікке айналдырады: Әңгіме-ні, айтты — әңгіме айтылды, хат-ты жазды — хат жазылды, кітап-ты түгел оқыды — кітап түгел оқылды т. б.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *