Сабақты етістік

Сабақты етістік
Мағынасы жағынан тура объектіні, табыс септіктегі сөзді қажет етіп тұратын етістіктер сабақты етістіктер деп аталады. Сабақты етістіктер кімді? нені? (кейде табыс септіктің жасырын түрі не?) деген сұрақтарға жауап беретін табыс септіктегі сөзбен байланысады.

Мысалы: Сөзді сен баста. Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін. Баламды медресеге біл деп бердім. Бетті бастым, Қатты састым. Бұл сөйлемдердегі баста, жазбаймын, бердім, бастым, деген етістіктер сөз, өлең, балам, бет деген сөздердің табыс септікте тұруын талап етіп тұр. Кейде ондай сөздер табыс септіктің жасырын түрінде тұруы мүмкін. Мысалы: өлең айт — өлеңді сен айт, кітап оқыды — кітапты бала оқыды, хат жаздым — жолдасыма хатты жаздым т. б. Ондай-да, мысалда көрсетілгендей, ол екі сөздің (табыс септікті сөз бен етістіктің) арасына басқа сөз келтіріп қолдану керек. Кейде тура объект мәнін білдіріп тұратын табыс септіктегі сөз сөйлемде қолданылмауы да мүмкін. Ондайда етістіктен сұрақ қою керек.
Етістіктен кімді? нені? деген сұрақ қоюға болса, оңда ол — сабақты етістік. Мысалы: айт, көр, оқы, бер, сайла т. б. етістіктерден кімді (нені) айт? кімді (нені) көр? нені оқы? нені бер? кімді (нені) сайла? деп сұрақ қоюға болады.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *