Сабақта оқушылардың іс-әрекетіне және өзара араласуына педагогикалық басшылық

Сабақта оқушылардың іс-әрекетіне және өзара араласуына педагогикалық басшылық. Сабақтың құрылымы оқушылардың оқу жұмысында орындалады. Қазіргі ғылыми әдебиеттер мен педагогикалық практикада оқытудың үш формасына тоқталады — фронтальды, жеке, топтық.

Фронтальды жұмыс — бүкіл сынып мұғалімнің басшылығымен іс-қимылы. Мұғалім оқушылардың көршілігін жұмысқа тартып, олардың таным мүмкіншілігін, қабілет, дәрежесін ескеру қажет. Сондықтан сабаққа дайындалып, жоспарлағанда әртүрлі оқу жағдаятын, сабақтың дидактикалық міндетін шешуге бағыттау (тапсырманы іріктеу, сыныптын қайта информациялық хабар алу, кездескен қиындыққа көмектесу, дидактикалық ойындар өткізу т.б.) Ең бастысы оқушыларды өздігінен қорытынды жасауға талаптандыру (егер мұғалім өзі жасағанда).
Жеке — әр оқушының өздігінен жұмысын белгілеу, олардың дара дайындығы мен мүмкіншілігіне қарай. Жек жұмысқа үлкен мүмкіншілік тудыратын бағдарламамен оқыту, дидактикалық міндеттерді шешуге, сабақтың әр кезеңінде жеке жұмыстар жүргізу қажет. Жеке жұмыстарды ұйымдастыруда мұғалім тарапынан, оқушы — консультант көмектеседі.
Топтық жұмыста оқушылар 4-6 адамнан жеке бірлесіп (динамикалық және аралас құрылыммен) істейді. Топ сабақта алынған тапсырма немесе жоспар бойынша істейді.Топтық жұмыс мұғалім мен оқушылар үшін күрделі, олардың күні бұрын психологиялық, дидактикалық және технологиялық дайындығын, алгоритмдік білімді қажетсінеді.
Мұнымен қатар авторлар (М.Д. Виноградов, М.А. Данилов, И.Б. Первин, Ю.Б. Зотов, В.В. Котов, Н.Н. Хан, Г.К. Селевко, В.К. Дъяченко т.б.) топтық жұмыспен фронтальды және жеке жұмыстың ең бастысы білім беру мен оқытудың мүмкіндігін тудыру. Бұл оқушылардың іс-әрекетінде оларды объектіден субъектіге айналдыру. Мұғалімнің көңіл аударатын жері: оқушылары түсініп белгілі бір шеңберде жеке іс-әрекет, оқу ықпалдастығында (оқушы-консультант, оқушы-лаборант, оқушы — ассистент т.б. іскерлік дағды, пікірлесуге, жолдасына көмектесу, оның жұмысын бағалау, дискуссия ұйымдастырып қатысу.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *