Педагогикалық процестегі тұлға аралық қатынастар
Педагогикалық процестегі тұлға аралық қатынастар.
Педагогикалық процестін теориялық моделін жасау қалайша оның мәнінде тәрбиенін нәтижесіне қол жететіндігін анықтауға мүмкіндік береді. Әдеттегі қалыптасқан көзқарас бойынша , әсіресе жалпы практикада мұғалімнің екі тәуелсіз оқыту және тәрбиелеу іс — әрекеттер саласы бар деп есептелінеді. Осыған сай мұғалім екі роль атқарады: пән мұғалімі және сынып жетекшісі.
Оқытудың тәрбиелік мүмкіншілігін жоспарда қарастыру әрекеті көбінесе оқылатын материалдын мазмұнымен байланыстырады немесе оқушыларда қайсарлықгы, мақсаттылықты, жауапкершілікті және т.б. қалыптастыруға ықпалын тигізеді.
Сөзсіз оқу пәндердің мазмұндарының өзінде белгілі бір тәрбие күшті әсері салынған. Бұл екі мәселемен байланысты: біріншіден менгерілетін пәннің мазмұны қаншалықгы қоғамның даму денгейіне, оның мүддесіне сай келетіндегіне; екіншіден бұл мазмұнның оқушыларды қаншалықгы табиғаттың, қоғамның және адам ойлауының, дамуының объективтік зандылықгарын түсінуімен қаруландырады, яғни көзқарастарының қалыптасуына ықпал етуімен байланысты.
Кезінде А.С. Макаренко, тұлға кемшілігін оның қоғамдағы қатынастарындағы кемшітіктерімен байланысты деген болатын. Демек, процестің негізгі тәрбиелік тетіктерін оқушьшардын қалыптасқан қатынастары кеңестерінен іздестірген жөн.
Жалпы білім беретін мектептің педагогикалық процесінде оқушы үшін екі негізгі қатынастың маңызы бар. Ол мүғалімдер мен оқушылар арасындағы өзара қатынастар және оқушылардың бір — бірімен өзара қарым — қатынастары. Сондықтанда жалпы білім беретін мектептің педагогикалық процесіне сәйкес екі бір -бірін өзара толықтыратын және өзара әрекетте болатын тәрбиелеуші тетіктері туралы айтуға болады.
Бірінші сыныптың өзінде бала үшін оның мектеп мұғалімдерімен, әсіресе өз мұғалімімен қатынасы тартымды және маңызды болады. Бастауыш мектептерде мұғалімнің оқушыларға қатынасының маңыздылығының арта түсуі кездейсоқ емес: себебі кішкентай оқушы өмірінде мұғатімнің маңызы зор,ол үшін мүғалім білімінің беделінің, оның тәжірибесінің, даналығының маңызы зор,оның жетістіктері қаңдай мұғаліммен кездескендігінен қатты байланысты оқушьшарды бірте — бірте өзінің білім көлемі, тәжірибесі жинакталады,тұрақты қатынас өрісі қалыптасады, мұғаліммен қатынасының маңыздылығы төмеңдмейді. Бірақ жоғары кластардың өзінде де толық жойылмайды.
Бірақта зерттеулердің (А.С. Макаренко; Т.Е. Конникова ; Л.И. Новикова; М.Н. Шульц және т.б.) мұғалімнің оқушылармен іскерлік ынтымақгастығында балаларға еркіндік берумен іс — әрекет тәсілдерін оқу барысында тактикалық көмек көрсету арасында тепе- тендіктің керектігі анықталған. Онда балалар мұғалімнің біліміне, тәжірибесіне сенеді, алдымен ақылдасуға келеді, себебі олар өздерінен үлкен адамдар тарапынан шексіз сыйластықгы, қадыр құрмет (тіпті олар қателесіп жақсылық жасаса да) және шебер тактикалық көмегі болатындығына сенімді. Міне бұл мұғалім мен окушылардың өзара қатынастарының тәрбиелік әсерінің ықпалының негізгі мәнін құрайды, одан оқушының мектепке сол мұғалім беретін пәнге, оньщ өнегесі, тәрбиеге көзқарастарға, сенімдеріне, өмір принциптеріне қалайша қарайтындығы байланысты болады.
Екінші мектеп педагогикалық процестің тәрбиелеуші тетіктің маңыздылығында кем емес. Бұл оқушьшар арасындағы өзара қарым -қатынастары Н.К. Крупская өзінің мақалаларында бірнеше рет балалар ұжымындығы қатындстардың тәрбиелік ролі туралы ойды айтқан болатын. Ал А.С. Макаренко нақтырақ болды ол: «ұтаздың жұмысы бастапқы ұжымға тым жақын жүруі керек. Оның жұмысының мәні ұжымның жеке тұлғаларға талабын тудыруға бағытталған болуы керек» дейді.
Тәрбиеші ұжымдағы тәрбиеленушілердің арасындағы нақтылы қатынастарды ескеруі керек. Бұл қатындстдрдың өзінде, тіпті олар біздің еркімізден тыс қалыптасқанда олардың көпшілігі тәрбие бағытында қолдануы мүмкін.
Бұл процестің тиімділігі балалардың ұжымындағы іс -әрекеттерінің мазмұны мен құрылымының одан әрі дамытуымен, арнайы ұйымдастырьшған ерекше бір іс- әрекет ретіндегі олардьщ коллективтік қатынастары оқушыларда бір — бірін тұлғалық қабылдау мәдениетін максатты тәрбиелеу, оқушылардың өзін -өзі тану процесі барысында оларға жеке дара көмек көрсету, ұжымда өзінін жүріс —тұрысын өзі реттеу және әлеуметтк тиімді өз орнын табуымен байланысты.
Оқушылардың өзара әрекеттерімен байланысты тәрбиелеуші механизмінің мәні сол бүл тетік, бірінші көрсетілген тетік сияқгы, тек іс — әрекет болғанда ғана пайда болатынында және қызмет атқаруында. Сонымен қатар іс — әрекет ұжымдық және мұқият ұйымдастырылған болуы керек, сонда ғана іскерлік ынтымақгастықпен жауапкершілік қатынастарды қалыптастыру үшін алғы шарттар жасалынады.
Сонымен, бірінші және екінші тәрбиелеуші тетіктері арасындағы жалпы ұқсастық (іс-әрекетпен оның ерекшеліктері) өте маңызды қортынды жасауға мүмкіңдік береді. Егер негізгі тәрбие сайманы болып балалар ұжымын қалыптастыру үшін ұстаз әртүрлі іс-әрекеттер арқылы балалардың айнала қоршаған ортамен белсенді әзара әрекетін ұйымдастыра алса онда оған ұжымдық іс-әрекетті ұйымдастыру барысында балалардың өз арасындағы қатынасты кәсіби сауатты қолдануы керек.