Несиенің мәні және қажеттілігі

Несиенің мәні және қажеттілігі. Өндіріс, ұдайы өндіріс процесінің бастапқы пункті, шешуші жағдайы бола отырып, басқа фазалармен тығыз байланыста.

Ұдайы өндіріс процесі материалдық игіліктердің қоғамдық өндірісі процесінің үздіксіз жаңаруы ретінде, оның әр түрлі сатыларының біртіндеп ауысуын ұлғайтады. Әрбір саты — өндіріс, үлестіру, айырбас және тұтыну белгілі бір мағынаға ие.
Ұдайы өндіріс фазаларының бірлігі мен өзара әсері тауар-ақша қатынастарының, құнның тауарлық және ақшалай формаларының бар болуымен қамтамасыз етіледі.
Ұдайы өндіріс процесі фазаларының өзара әсері тауарлық шаруашылықтағы несиенің орнын айқындауда және оның мәнін ашуда елеулі мәнге ие. Өндірісте несиелік қатынас жүргізілмейді. Өндірістік процеске несиелік қатынастардың тек бірінші жағы — алынған несиені өндірістік мақсатқа пайдаланушы қарыз алушы ғана қатынаса алады. Екінші жақ -кредитор өндірістік процестің сыртында қалады. Демек, несие бірегей ұдайы өндіріс процесінің субъектілері арасындағы экономикалық байланысты білдіреді. Сондықтан несиенің мәнін ұдайы өндіріс процесінің бір сатысымен ғана байланыстыруға болмайды.
Несие құннының белгіленіп үлгерген кызметіне баиланысты болатын қатынастарды білдіреді. Несие тек өндірісте ғана пайда бола алмайды, өйткені мұндай өнім әлі жасалған жок, ал оның бөліктері ұдаиы өндіріс процесінің сәйкес қатынасушыларының иелігіне түскен жок. Сондықтан несиеге бастаманы өндіріс сатысы емес өнімнің қозғалысының келесі сатылары береді. Осы мағынада несиелік қатынастар бұл өндірістегі қатынастар емес, оның сыртындағы қатынастар болып табылады.
Осылайша, өндіріс сферасынын айқындаушы мағынасы оны несиелік қатынастардың түпкі мәнін есептеуге негіз болмайды, демек сонғысының мағынасын толык, бере алмаиды Айырбаспен өзара әрекет процесінде өндірістің белгілі бір мағынасы бар.
Өндірілген өнім мен оның бөліктері индивидуумдардың қолдарына тиместен бұрын айырбасты бастауға болмаиды Сондықтан айырбас өндіріске кіретін акт, өндірісте тікелеи бар болады немесе онымен анықталады.
Өз кезегінде, үлестіру және айырбас біртұтас алғанда өндіріспен және бір-бірімен өзара әрекетте болады; өндіріс осы бөліктермен анықтала алады. Мысалы, нарық ұлғаиған кезде яғни айырбас сферасы, өндіріс көлемі өседі және оның дифференциациясы тереңдей түседі. Үлестірудің өзгерісімен өндіріс те өзгереді, мысалы капиталдың шоғырлануымен қала мен ауыл арасындағы әр түрлі үлестірумен т.б. Несие үлестіруімен байланысты, бірак ол үлестіру қатынасын білдіреді. Үлестіруге екі маңызды жағдаи тән: 1 -үлестіру пропорцияны белгілейді, онда әрбір индивидуум өндірілген өнімге қатысады; 2 — ол коғамнан келіп шығатын көз ретінде анықталады.
Айырбастың үлестіруден айырмашылығы, біріншіден, ол индивидуумға үлестіру кезінде алған бөлігін айырбастағысы келетін белгілі бір өнімдерге қол жеткізеді, екіншіден,айырбас жекелеген қажеттіліктерге сәйкес бөлініп қойғанды кайта бөледі, сонымен бірге индивидуумнан шығатын кез ретінде аңыкталады. Үлестіру фазалары және айырбас арасындағы айтылған айырмашылықтар ұдайы өндіріс қатысушылары арасындағы айырбас процесінде қалыптасатын қатынастарды негіз деп есептеуге мүмкіндік береді. Алдағы
74 Ақша, несие, банктер
көрсеткеніміздей үлестіру саласында тек өнімді үлестіру ғана жүзеге асады, өнім ұдайы өндіріс процесі субъектілерінің иелігіне түседі, өндіріс сияқты үлестіру процесіне қатысты несие пассивті дегенді білдірмейді, керісінше, ол олардың жылдамдатылуына көмектеседі. Несиенің ұдайы өндіріс процесіне бұлай әсер етуі өнім өндіріліп және ұдайы өндіріс субъектілерінің игілігіне түскен кезде, ал айырбас фазасында субъектілердің біреуінде козғалысы токтаған уакытша босаған кұн меи баска субъектінің оны қосымша пайдалану қажеттілігі арасыңда қарама-қайшылық пайда болған кезде мүмкін болады. Несие өндіріс факторы бола келе, өндіріс пен үлестіруден шыға отырып қайта бөлу категориясы ретінде өзінің дербестігін жоғалтпайды, шынында тауарлар айырбасының формасы ретінде болады.
Несие айырбас сатысында пайда бола отырып, қарыз мәмілесінің формасы ретінде кұн қозғалысының үздіксіздігін қамтамасыз етуге тиіс. Құн козғалысы несие қозғалысының ядросы болып табылады. Айырбас процесінде мәміленің екі түрі ажыратылады: қарыз мәмілесі және сатып алу-сату мәмілесі. Несие қарыз мәмілесі ретінде тауарлар айналысы процесіне себепші болады. Қарыз мәмілесі тауар айналысының ерекше формасы және сатып алу-сату мәмілесіне қарсы қойып салыстыру арқылы сипатталуы мүмкін. Олардың арасындағы негізгі айырмашылық мынада: сатып алу-сату кезінде тауарларды өзара ұсыну бір мезгілде жүреді, қарыз мәмілесі кезінде эквиваленттің қайтарылуы кейінге қалдырылады. «Сатушы тұтыну құны ретіндегі тауарды шеттете отырып, оның өзіндік айырбас құнынымен және ақшаның тұтыну құнын жүзеге асырады. Бұған керісінше, сатып алушы айырбас құны ретінде акшаны иелігінен шығара отырып ақшаның тұтыну құнын және тауардың бағасын өткізеді. Осыған сәйкес тауар мен ақша орындарының ауысуы жүреді.
Осылайша екі жақты полярлы қарама-қайшылықтың жанды процесі енді қайтадан өз барысында тағы да екіге жарылады. Сатушы шын мәнінде тауарды өзінен шеттетеді, бірақ оның бағасын бастапқыда тек идеалды түрде ғана белгілейді.
Ол тауарды өз бағасы бойынша сатты. Алайда ол баға тек кейінірек, белгіленген мерзімде өткізіледі»1. Несие ақшаның төлем құралы функциясындағы ақшаның дамуы болып табылады. Ал эквивалент қайтарылуының кейінге қалдырылуы құн қозғалысының сатып алу-сатудан дербес, сапалық жағынан ерекше қозғалыс формасын жасайды. Сондықтан қарыз мәмілесін сатып алу-сату мәмілесінің бір түрі деп ойлауға болмайды.
Айырбастың екі контрагентінің бірегей келісімі ретінде алынған сатып алу-сату мәмілесі олардың арасында кездей-соқ, өткінші байланысты жүзеге асырады. «А» тауарды «В»-ға береді және одан ақша алады. Олардың арасында тікелей байланыс тек тауарлар мен ақшалар қозғалысы мерзімінде ғана орнатылады. Тұтастай алғандағы сатып алу-сату мәмілесі барлық қоғамда барлық тауар иелерін байланыстырушы фактор қызметін атқарады, бірақ бұл мәміле өзінің жекелеген көріністерінде кездейсоқ, өткінші байланысты жасайды. Әрбір қарыз мәмілесі, тіпті жеке алынғаны да, басқа осындай мәмілелермен немесе экономикалық қатынастың басқа формаларымен байланыстан тыс мәміленің контрагенттері арасында ұзаққа созылған қатынасқа көшеді. Өзара ынтымақ, мақсаттың бірлігі пайда болады.
Сатып алу-сату мәмілесі кезінде тұтыну құнының қозғалысы жүреді, ал құн мәмілесі контрагенттерінің қолында қалады. Қарыз мәмілесі кезінде тұтыну құнының ғана қозғалысы жүріп қоймайды. «Біз жай тауар туралы, тап осындай тауар туралы, айтқанда сатып алушы қолында бірдей құн қалады, бірақ әр түрлі формада; сауда мәмілесіне дейін де және одан кейін де олардың қолында иеліктерінен шығарған құн болады, бірақ біреуінде ол тауар формасында, басқасында ақшалай формада болады»2. Қарыз кезінде «ақшалай капиталист бұл мәміледе құнды беретін жалғыз тұлға болып табылады; бірақ ол оны артынан оның қайтып келуі арқасында ғана сақтайды. Қарыз кезінде тек бір тарап қаңа құнды алады, өйткені оны бір тарап қана береді».
Сатып алу-сату мәмілесі кезінде меншік қозғалысы жүреді: «А» тауарды «В»-ға сатады. Бұл мәміленің нәтижесінде тауарға меншік «А»-дан «В»-ға өтеді. Ал қарыз мәмілесі кезінде меншік қарыз берушіде сақталады: «А» «В»-ға қарыз береді. Бұл мәміле нәтижесінде құн «А»-дан тауар «В»-ға орын ауыстырады, бірақ бұл мәміленің объектісіне меншік «А»-да сақталады. Осылайша, сатып алу-сату мәмілесі меншіктің оны пайдалануымен сәйкес келуін ұйғарады; қарыз мәмілесі меншіктің оны пайдаланудан айыру мүмкіндігіне негізделген. Сатып алу-сату мәмілесі кезінде меншік және иелену сәйкес келеді, қарыз мәмілесі кезінде меншік иеленуден бөлектенеді. Сатып алу-сату мәмілесі кезінде ақша айналыс құралы ретінде қызмет етсе, ал қарыз актісінде олар оны аяқтайды. Сатып алу-сату мәмілесінде сатушы ақшаның көмегімен қандай да бір қажеттілігін қанағаттандыру үшін тауарын ақшаға айналдырады, ал қарыз актісінде ақша құн формасы ретінде мәміле мақсаты болады. Ақша қарыз мәмілесінде сатып алу-сату актісіне қарағанда, басқа қызмет атқаратыны несиенің мәнін анықтау үшін үлкен маңызы бар. Ақша белгілі бір экономикалық байланыстардың заттық көрінісі болып табылады және олар өздерінін әрбір қызметтерінде бұл байланыстардың әр түрлі типтерін бейнелеп көрсетеді. Осыдан келіп, қарызды тауар айналысының формасы деп түсінетін болсақ, онда несиенің қарыз мәмілесі ретіндегі анықтамасын осы формаға ұқсас, яғни өндірістік байланыстың белгілі бір типі деуге болады.
Несиені экономикалық категория ретінде қарыз мәмілесі негізінде көрінетін және дамитын өндірістік қатынас арқылы анықтау керек. Қарыз мәмілесі несиені экономикалық категория ретінде өз бетінше сипаттамайды; оны осы мәміле негізінде пайда болатын өндірістік байланыстар немесе жүзеге асу формасы — карыз мәмілесі болып табылатын өндірістік қатынастар сипаттайды. Қарыз мәмілесі тауар шаруашылығының әр түрлі сатыларына тән. Экономиканың тарихи дамуымен бұл мәмілелер жиілейді, ұлғаяды, жетілдіріледі және жалпылама мәнге ие болады.
Әр түрлі шаруашылық жүйелерінде кездесетін мәміле типтерінің формалды ұқсастығьі олардың бір атауымен -“несие” — бекітіледі, бірақ әр түрлі дәуірлердің несиелік қатынастары бір атауды сақтай отырып әр түрлі мәнге, мазмұнға, табиғатқа ие.
Несие шаруашылық жүйелерінің ауысуына жағдай жасай отырып өзі де ауысып отырады, өз мазмұнын өзгертеді. Кез келген халық шаруашылығы жүйесінің алдыңғы жүйені жеңетіні және жоққа шығаратыны сияқты несие де бір шаруашылық жүйе жағдайындағы шаруашылық байланыстардың типі ретінде алдыңғы шаруашылық жүйесіндегі несиені жеңуші және жоққа шығарушы болып табылады. Несие мәміле типі ретінде, тауар айналысының формасы, құн козғалысының әдісі ретінде натуралды шаруашылықтан тауар шаруашылығына өткен уақыттан бері дамып келеді. Несие айырбас процесінің өндірістік байланысының типі, тауарлы өндірістің экономикалық категориясы ретінде ғана емес, тауар шаруашылығы шеңберінде диалектикалық дамушы құбылыс ретінде де қарастырылуы қажет. Тауар шаруашылығының әр түрлі сатыларының несиелік қатынастарының өзара айырмашылығы, қолдан-қолға өтуі қарыз келісімі арқылы жүзеге асатын әр түрлі объектілердің айырмашылығынан көрінеді.
Несие түсінігі келесі түрде белгіленеді. Бақыланылатын халық шаруашылығы құбылыстарының барлық жиынтығының ішінен бәрінен бұрын қоғамдық өмірде несие деп аталатындары іріктелініп алынады; сонан соң бұл құбылыстар талданады, төмендегідей белгілерге бөлінеді: біріншіден, олардың барлығына тән белгілері; екіншіден, бұл белгілердің ішінен тек осы іріктелініп алынған құбылыстарға тән белгілер ғана сақталынады. Несие деп аталатын әлеуметтік байланыстар: әр түрлі тарихи кезеңдерде, тауар шаруашылығының алғаш пайда болуы кезінде, дамыған нарықтық шаруашылық дәуірінде де бар болды.
Қарыз мәмілесі ретінде несиені екі көзқараста қарастыруға болады: біріншіден, оның техникалық-заңдылық белгілері көзқарасынан, екіншіден, әлеуметтік мазмұны, яғни осы келісім негізінде өсетін және дамитын немесе онда өз көрінісін табатын өндірістік байланыстар типін сипаттайтын белгілер тұрғысынан. Бұл екеуі бір-бірінен бөлінгісіз, олар өзара байланысты және себепші. Бірақ экономикалық талдау үшін маңыздысы қарыз мәмілесінің экономикалық мазмұны, яғни өндірістік қатынастардың белгілі бір формаларымен байланысты шаруашылық әдістері, жұмыс тәсілдері емес, өндірістік қатынастырдың өзі болып табылады.
Бұл жағдайды былайша түсіндіруге болады. Мысалы, машина өндірісін таза техникалық тұрғыда машина өндірісінің макроэкономикалық орта параметріне анағұрлым бейімделуін оның жұмыс және таза техникалық тиімділігі тұрғысынан қарастыруға болады; сонымен қатар, сол машина өндірісін оның әлеуметтік жағынан да қарастыруын, яғни машина өндірісі негізінде пайда болатын және дамитын өндірістік байланыстардың формалары мен типтері тұрғысынан, бұл бір жағынан, оларға себепші, ал екінші жағынан, олар оны анықтайды. Бірінші жағдайда — біз машина өндірісін техникалық-экономикалық категория, ал екінші жағдайда — экономикалық категория ретінде қарастырамыз.
Несиеге катысты осыны айтуға болады. Несиені оның техникалық-заңдылық белгілері жағынан тауарлар айналысы процесін жүзеге асыратын мәміленің белгілі бір типі ретінде қарастыруға болады. Бұл жағдайда несие олардың алдында техникалық немесе құқықтық категория ретінде танылады. Несиені құбылыстардың экономикалық мазмұны ретіндегі көзқарас тұрғысынан қарастыруға болады. Бұл жағдайда несие олардың алдында экономикалық ғылым категориясы ретінде қабылданады.
Несие теориясы оны техникалық-заңдылық категория ретінде емес, қоғамдык-экономикалық категория ретінде қарастырады. Несиені оның формалды-заңцылық белгілері жағынан оқып-білудің несиелік мәмілені тек меншіктің қозғалысы әдісінің және оны иеленудің ерекше түрі ретінде түсіну үшін маңызы бар. Сондықтан несие экономикалық категория ретінде несиелік мәміленің ерекше техникалық-заңдылық белгілерімен сипаттала алмайды.
Осылайша, несие-өндірістік қатынастарды білдіретін эко-номикалық категория. Несие экономикалық категория ғана емес,сонымен қатар тарихи категория екенін атап өту керек. Ол өндірістік күштердің тек белгілі бір дамуында пайда болады. Экономикалық категориялар — жалпы тарихи категориялар. Несиенің және несиелік қатынастардың пайда болуына табиғи негіз, тауар шаруашылығы болып табылады. Тауардың пайда болуы екі жағдайда қатар жүреді. Біріншіден, тауар тек натуралды формасы және құны бар болған жағдайда ғана тауар бола алады. Тұтыну құндары өзінің екі жақты сипатына байланысты тауар бола алады. Біріншіден олар бір мезгілде тұтыну заты болады және олардың құны болды; екіншіден, қандай да бір заттар бір-біріне тауар ретіндегі қатынаста болуы үшін оларды өндірушілер өздеріне де ортақ ерікті әрекеті, өз меншігіндегі тауарды иелігінен шығара отырып басқа тауарды өзіне иеленуге ықыласы бар меншік иелері ретінде бір-біріне қарама-қарсы тұрулары қажет.
Тауардың бір тауар иесінен басқаға ауысуы нарықта айырбас арқылы жүзеге асады. Тауар айырбасы сферасының несие үшін маңызы зор. Оның пайда болуын ішкі тұтыну үшін өндірілген өнімдер сферасынан емес, тауар иелері, экономикалық қатынасқа түсуге дайын меншік иелері дербес заңды тұлға ретінде бір-біріне қарама-қарсы тұрған айырбас сферасынан іздеу қажет.
Қолдан-қолға тауарлардың қозғалысы ретінде тауарлар айырбасы, қызметтер айырбасы несие жайындағы қатынастың пайда болуына негіз болып табылады. Осыған байланысты бір маманның мынандай пікірін атап өту артық болмайды: «бірте-бірте айырбас саудаға айналды; саудамен арнайы айналысатын адамдардың жаңа тобы — көпестер пайда болды; жылдың белгілі бір уақытында көпестер мен сатып алушылар кездесетін ерекше орындар пайда болды, жәрмеңкелер, яғни уақытша нарықтар құрылды. Көпестермен, жәрмеңкелермен, жалпы саудамен бірге алғашқы несие пайда болды. Ірі сауда жүргізетін адам үшін алған тауарлардың төлем мерзімімен сатып алу төлемінің мерзімі сәйкес келмеген жағдайлар болады. Егер саудагер тауарын сатудан бұрын оны сатып алуға тиіс болса, онда осы уақыт ішінде несие алуға деген қажеттілік, яғни бұл адамға карыз беру мүмкіндігіне деген сенім пайда болады»1.
Несие қарыз мәмілесі ретінде ежелгі әлемде де, орта ғасырлық қолөнер, крепоснойлық шаруашылықта да және
дамыған тауар шаруашылығында кездеседі. Барлық кезде біз анағұрлым жетілген, бір қарыз мәмілесіне кездесіп отырдық, бірақ осы мәмілелер негізінде ұлғайып отыратын, құқықтық хатталуы осы мәмілелер болып табылатын өндірістік катынастардың әр түрлі шаруашылық жүйелерінде бір-бірінен өте қатты айырмашылықтары болады.
Несие бәрінен бұрын тауар өндірісі процесінде пайда болатын оның негізгі өндірістік қатынастарымен анықталатын қоғамның әлеуметтік байланыстарының белгілі бір типі. Сондықтан несие экономикалық категория ретінде тек өндірістік қатынастар шеңберінде ғана сипатталуы мүмкін. Бұл несиені экономикалық мазмұны, көзқарасы тұрғысынан қарастыруға қатысты. Несие әлеуметтік байланыстың белгілі бір типі бола отырып, өндірістік қатынастар тобына жатады.
«Өндірістік қатынастар өз жиынтығында қоғамдық қатынастар, қоғам деп аталатындарды құрайды және сонымен бірге тарихи дамудың белгілі бір сатысында тұрған, өзіне тән ерекше сипаты бар қоғамды құрайды»1 .
Қоғамның негізгі өндірістік байланыстарына сүйенген несиелік қатынастар жекелеген тұлғалар мен кәсіпорындар, кәсіпорындар мен мемлекет, мемлекет пен тұрғындар, адамдардың әлеуметтік топтарының арасындағы тауарлар айналысы сферасында пайда болады.
Айналыс сферасы немесе тауарлар айналысы өндірістік қатынастармен анықталады. Осылайша, белгілі бір өндіріс, белгілі бір тұтынуға, үлестіруге, айырбасқа және осы әр түр-лі жағдайлардың бір-біріне белгілі бір қатынасына себепші болады. Өндіріс жағдайындағы айырбас құнның немесе меншіктің бір иесінен басқаға ауысуы тірізді әр түрлі тәсілдермен жүзеге асырылады. Мұндай тәсілдердің бірі қарыз деп аталатын тауар айналысының бір формасы болған мәміле типі болып табылады. Тауар айналысының мұндай формасы өндірістің ерекше шарттарымен анықталады, осы себептен тауарлардың иеліктен шығарылуы уақыт бойынша олардың бағасының өткізілуінен бөлініп қалады. Бұл шарттар мынаған байланысты: «тауарлардың бір типі өз өндірісіне көп уақытты, ал басқа түрі анағұрлым аз уақытты талап етеді. Әр түрлі тауарлардың өңдірісі жылдың әр түрлі мерзімімен байланысты. Бір тауар өз нарығында пайда болса, басқасы алыс нарыққа сапар шегуі қажет. Сондықтан әлде бір тауар иеленуші келесі бір сатып алушыдан бұрын сатущы ретінде көрінуі мүмкін. Бірдей мәмілелердің бір тұлғалардың арасында жиі қайталануы кезінде тауарларды сату шарттары олардың өндіріс шарттарымен реттеледі. Екінші жағынан, тауарлардың белгілі бір түрін пайдалану, мысалы үйді, белгілі бір уақыт аралығына сатады. Бұл жағдайда сатып алушы тек мерзімі өткеннен кейін ғана шын мәніңде тауардың тұтыну құнын алады. Сондықтанда ол тауарды төлемі төлегеннен бұрын алады»1.
Ақшаның қажеттілігін қамтамасыз ететін себептер, несие қажеттілігінің де себептері болып табылады. Жай тауар шаруашылығы жағдайында тауар айналысының формасы ретіндегі қарыз мәмілесі қажеттілік пен өндіріс шарттарынан туындайды. Алайда өндіріс шарттары несиенің қажеттілігін толығымен ашпайды. Тауар айналысының ішкі мазмұны ретіндегі құн қозғалысы несиенің қажеттілігі туралы түсінікті терендетеді. Айырбас шаруашылығы жағдайында құн қозғалысы капиталдардың шеңбер айналымында және өндірістік айналымында нақтылы түрде көрінеді және ол несиелік қатынастар пайда болатын, дамитын нақтылы эконономикалық негіз болып табылады. Артынан несиелік қатынас өзінің табиғаты бойынша құндық болады.
Несие ұдайы өндіріс процесінің үздіксіздігін қамтамасыз ету қажеттілігінен келіп шығады. Несие берілген сайын ол шаруашылық субъектілерінің өндірістік капиталы ақшалай (ңегізгі және айналым), өндірістік және тауарлық формаларда бола алатыны бәрімізге мәлім. Бұл кезде олардың міндеті әр түрлі. Шеңбер айналымының бірінші сатысында ақшалай қаражаттардың өндірістік құралдарында айналуы жүреді:ақшалай қаражаттарға өндіріс құралдары сатып алынады. Өңдіріс процесінің екінші сатысында ақшалай қаражаттардың тауарға айналуы жүреді, өндірістік форма тауарлық формаға ауысады, өндіріс кұралдары құнына жаңадан жасалған құн қосылады. Соңында, үшінші сатыда тауар өткізіледі және ақшаға айналады.
Өндірістік капиталдардың қозғалысы олардың бір формадан басқа формаға ауысуымен тұйықталмайды, қозғалыс олардың ұдайы өндірісінің процесі, капиталдардың шеңбер айналымы болып табылады. Капиталдардың үнемі қайталанатын шеңбер айналымы — бұл капиталдардың айналымы. Өндірістік капиталдардың бірде тауар формасында, бірде ақшалай формада болуы олардың қозғалысының жалпы формасы болып келеді, яғни олардың ұдайы өндіріс формасы болып саналады.
Өндірістік капиталдардың жүйелі түрде бір формадан басқа формаға айналуы, сонымен қатар олардың үнемі шеңбер қозғалысы, капиталдардың шеңбер айналымы және айналымы барлық жерде бірдей емес; әрбір нақты жағдайда олар өндірістің және тауар айналысының ерекшеліктерін қамтып көрсетеді. Өндірістік капиталдардың қозғалысы олардың шеңбер айналымы шегінде үздіксіздігімен ерекшеленеді. Олардың қозғалыс процесінде ақшалай қаражаттардың құйылуы және кері қайтуы, ресурстарда және оларды жабатын көздерде қажеттілердің толқуы байқалады. Мұны функционалдық формаларының өзгерісіне қарай негізгі, сондай-ақ айналым капиталдарының да қозғалысына байланысты байқауға болады.
Негізгі капиталдардың қозғалысы процесінде мезгіл-мезгіл ақшалай ресурстар формасында құн босатылады. Еңбек құралдары өндіріс процесінде ұзақ уақыт пайдаланылатыны белгілі, олардың құны тауар құнына бөлшектеніп ауысады. Негізгі капиталдар кұнының ақшалай формада бірте-бірте қалпына келтірілуі, босаған ақшалай қаражаттардың кәсіпорындар шотында тұрып қалуына әкеліп соғады. Бұл кәсіпорын оларды тозған еңбек құралдарының орнына жаңаларын алу үшін; соның ішінде кезекті жаңа машиналар мен механизмдерді алу үшін жеткілікті белгілі бір соманы жинақтағаннан кейін ғана пайдалана алады.
Алайда негізгі капиталдар құнының бірте-бірте босатылуы, өз мөлшері бойынша кәсіпорынның олардың жаңа партияларын алу қажеттіліктерін қанағаттандыра алмайды, өйткені машиналар мен механизмдердің жаңа партиясы жекелеген бөлшектермен, детальдарымен емес толығымен алынады. Амортизациялык қорда негізгі капиталдардың тозған бөлшектерінін ауыстырылуы, жинақталған амортизациялық қаражаттар есебінен жүзеге асырылады. Негізгі капиталдарды қалпына келтіруге немесе оларды алуға өте үлкен шығындар жұмсалады, сондықтан оларды қаржыландыру ұзақ уақыт бойында ақшалай қаражаттар жинақтауды қажет етеді.
Негізгі капиталдар құнының қозғалысының бірқалыпсыздығы, капиталдың шеңбер айналымы мен айналымының және олардың шеңбер айналымы сатылары бойынша қозғалысының ұзақтығынан болады. Нәтижесінде бір кәсіпорындарда еркін ақшалай каражаттар пайда болса, басқаларында (ірі бір реттік шығындарға қажеттілікпең байланысты) олардың жеткіліксіздігі пайда болады.
Айналым капиталы құнының қозғалысымен байланысты осындай көрініс туындайды. Оның шеңбер айналымы және айналымының ұзақтығы тым әр түрлі. Уақыт бойынша ұзақтылық өзгерісі бәрінен бұрын өндірістің маусымдылығы, өндірістің және тауар айналысының уақыт бойынша сай келмеуі салдарынан пайда болады. Қосымша қаражаттарды тарту қажеттілігі импорттық қойылымдармен, тауарлы-материалды құндылықтарды бір реттік әкелумен және басқа факторлармен байланысты болуы мүмкін. Қаражаттар қозғалысындағы бірқалыпсыздық дайын тауарларды жөнелтумен байланысты пайда болады. Тауарларды жөнелту мерзімі, оларды өткізуден түсім алу мерзімімен әрқашан сәйкес келе бермейтіндігі белгілі. Бүл көбінесе тауар өндірісі орнының оларды тұтыну орнынан көп жағдайда алыс орналасуынан, сонымен бірге? тауарды өткізу нарығынан бұл алшақтық едәуір болуы және уақытша бос ақшалай қаражаттарға деген қосымша қажеттілікті тудыруы мүмкін.
Тауарлай және ақшалай формаларға ие өндірістік капиталдың шеңбер айналымы мен айналымы, құндық болып табылатын қатынастың пайда болуына және дамуына нақты материалдык негіз болады. Берілген шеңбер айналым процесінде, бір жағынан, оның аяқталуы жүреді, осының нәтижесі ретінде бәрінен бұрын өткізілген құн ретінде болатын ақшалай қаражаттар формасындағы қүнның босатылуы жүреді. Екінші жағынан, объективті себептерге байланысты ақшалай ресурстардың жеткіліксіздігі, олардың өндірістік жұмсалуына қосымша қажеттіліктер пайда болады. Демек, несие және несиелік қатынастар құн қозғалысы кезіндегі өндіріс уақыты мен құн айналысы уақыты арасындағы, оның ақша формасында шоттарда уақытша тұрып қалуы мен оларды тауар өндірісінде пайдалану қажеттілігі арасындағы қарама-қайшылықтарды шешудің табиғи процесі ретінде пайда болды.
Біріншіден, қоғам босатылған ресурстардың бекерге доғарылуын болдырмауға, екіншіден, ұдайы өндірістің үздіксіз жүзеге асуына мүдделі болады.
Өндіріс уақыты мен айналыс уақыты арасындағы сәйкес келушілік, құндық субстанциясы бар жиынтық ұлттық өнім қозғалысына да қатысты. Босатылған ресурстар жиынтық ұлттық өнім құнының барлық бөліктерінің — «С», «V» және «М» — өнімдері болуы мүмкін.
Мысалы, жалпы экономика көлемінде өндірістік процесінде жұмсалған өндіріс құралдарын қалпына келтіру қоры бірден жұмсалмайды: амортизациялық аударымдар жинақталады, бос ресурстар өз қозғалысында тоқтап қалған және өнімді пайдалануды талап ететін құндар түрінде тұрып қалады. Ұдайы өндірістің обьективті процестеріне байланысты құн өндірісте толығымен қатыспайтын «V»-да да осындай көрініс байқалады, оның кейбір бөлігі уақытша пайдаланылмайды және ақшалай формада банктегі шоттарда тұрып қалады. Әрине, бұл қоғамдық өнім құнының уақытша босатылған бөлігі несиеге негізделіп жинақталады, қарыз ақша түрінде өз қозғалысын жалғастырады. Мұнан басқа, «М» түрінде жаңадан жасалған құнның бөлігі де несие арқылы қайта бөлу сферасына тартылуы, несие қозғалысына құндық сипат беруі мүмкін.
Тауар шаруашылығы жағдайында өндірістік капиталдардың (негізгі және айналым) шеңбер айналымы және айналымы несиенің обьективті қажеттілігін толық түрде түсіндіре алмайтынын атап өту керек. Уақыт бойынша капиталдың шеңбер айналымы мен айналымының кеңістікте бірқалыпты еместігі тек каражаттардың бір буында босатылуы және басқа буында оларға қажеттіліктің бар болу фактын сипаттайды. Демек, тауар шаруашылығында капиталдардың шеңбер айналымы және айналымында несиелік қатынастардың пайда болу мүмкіндігі қаланған.
Несиенің мүмкіндігі нақты болуы үшін белгілі бір шарттар қажет. Олар кем дегенде екеу: 1-несиелік мәмілеге қатысушылар — кредитор және қарыз алушы — экономикалық байланыстардан келіп шығатын міндеттемелердің орындалуына материалдық кепілдік беретін заңды дербес субъектілер ретінде болулары керек. Несиелік қатынасқа түсуші занды тұлғалар өз қызметтерін нарық заңдары және экономикалық мүдделердің сәйкестігі негізінде жүзеге асырулары қажет; 2-несие қажетгілігі, егер қарыз алушы мен қарыз беруші мүдделері сәйкес келген жағдайда қажет болып табылады. Несиелік мәміле жасалуы үшін оның қатысушылары өзара ықылас білдірулері қажет. Экономикалық қатынастар бәрінен бұрын мүдделер ретінде көрінеді. Бұл мүдделер соңында өндірістік қатынастың қатысушыларының еркімен реттелетін қандай да бір субъективті нәрсе емес. Әрекетті тудыратын кез келген мүдде бәрінен бұрын объективті процестерге, өзара мүдделілікті болдырмай қоймайтын нақты жағдайларға сүйенеді. Несиелік қатынастар, бір жағынан, кредитор мен қарыз алушының арасында ақшалай қаражаттарды қарызға беру; екінші жағынан, оларды алу кезінде мүдделілік пайда болған жағдайда ғана жүзеге асады. Осылайша, несие капи-талдардың шеңбер айналымы және айналымында белгілі бір жағдайларда несиелік қатынастардың пайда болуы мүмкіндігі шындыққа айналғанда қажет болады.
Несиелік қатынастардың субъектілері өзара мүдделерге негізделген экономикалық байланыстар тұрақтылығымен, бір қалыптылығымен сипатталады, біртұтас жүйе ретіндегі несие шеңберімен анықталады. Қажеттілік категориясы көбінесе объектіні терендей тану дәрежесін, яғни оның мәнін, заңдылығын ашып ақиқат өмірдің ішкі, тұрақты, қайталанып отыратын жалпылама қатынастарын, оның дамуының негізгі бағыттарын көрсетеді.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *