Молданияз Бекімов

Молданияз Бекімов — Алаш қозғалысының қайраткері, арнаулы білімді алғашқы қазақ офицерлерінің бірі, этнограф, фольклоршы, аудармашы.

1882 ж. Батыс Қазақстан облысы, қазіргі Қаратөбе ауданы Аққозы ауылында дүниеге келген.
Молданияз Бекімов әуелі Орал реальдық училищесінде оқып, кейін Қазан жаяу әскер юнкерлері училищесін подпоручик шенімен 1905 ж. бітірді.
1905—1914 ж. Либава, Херсон полктерінде, Ташкент әскери округі штабында қызмет атқарған.
1914 — 1915 ж. Ресей әскерлерінің құрамында штабс-капитан шенінде 1-дүниежүзлік соғысқа қатысып, жараланып қайтқан.
1915 — 1917 ж. Ташқорған горнизонының бастығы болды.
1917 ж. 5—13 желтоқсанда Орынборда өткен 2-жалпықазақ съезінде Алашорда құрамына мүшелікке кандидат болып сайланды.
1918 ж. Жетісу босқындарына жәрдемдесу комитетінде қызмет атқарды.
Кейінгі жылдары Қытайда, Ресейде және Башқортостанда тұрған. А.С. Пушкиннің “Капитан қызы” повесін 1903 ж. қазақ тіліне аударып, Қазан қаласында бастырып шығарды. Н.Катановтың “Қырғыздың (қазақтың) халықтық эпосын зерттеуге қатысты материалдар” деген алғы сөзімен “Известия общества археологии, истории и этнографии при Императорском Казанском университете” атты басылымда (1904, т. 20) Бекімовтің ел аузынан жинаған алты ертегісі, “Орал облысы қырғыздарының (қазақтарының) үйлену салты” деген мақаласы жарияланды. Сондай-ақ, ол ауыз әдебиеті нұсқаларын жинап, “Средняя Азия” жинағында ертегілер мен аңыздар, “Туркестанский курьер” газетінде мақал-мәтелдер, “Киргизская степная газета” мен “Тургайская газета” беттерінде ертегілер бастырды. 1909 ж. “Қазақ тілін оқып, үйренуге басшылық” кітабы жарық көрді. “Айқап” журналында (1912, ғ1) “Қазақ халқы жайынан” деген мақала жариялаған. Ресей Ғылым Академиясының акад. С. Венгеров 1915 жылдың өзінде-ақ Бекімоты қазақ халқы жайында жазып жүрген этнограф деп таныған. Оның еңбектерін Б. Кенжебаев, М. Ғабдуллин, Ә.Дербісалин, Б. Аманшин т.б. ғалымдар мен қаламгерлер жоғары бағалаған.
Пайдаланған әдебиет
↑ “Қазақ Энциклопедиясы”, II-том
↑ «Алаш» қозғалысы. Алматы, 2008. ISBN 9965-32-715-7

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *