Мергентөбе

Мергентөбе – көне бекініс орны. Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс темір жол станциясынан солтүстік-батысқа қарай 15 км жерде. 1948 жылы Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедиция (жетекшісі А.Н. Бернштам) зерттеген. Мекеннің құрылыс жүйелері әбден бұзылып, төбеге айналған орны ғана сақталған. Қазба жүргізу нәтижесінде табылған құты, құман, саптаяқ сияқты қыштан жасалған ыдыстардың сынықтарына қарағанда, Мергентөбе б.з. 1 ғасырнда өмір сүрген қаңлы тайпаларының мекенжайы болған. Олар егін егіп, мал шаруашылығымен айналысқан.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *