Меншік қатынастары және оның экономикадағы рөлі

Меншік қатынастары және оның экономикадағы рөлі

Меншіктің юридикалық мағнасы мүліктік қатынастар. Меншік иесіне заңмен белгіленген млік тиесілі бола алады.

Меншіктің экономикалық мазмұны тұтас шаруашылық процесін қамтиды да, товарлар мен қызметтерді өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну қатынастарына араласады.

Меншік өндіріс нәтижесін иемденумен байланысты адамдар арасындағы объективті қатынастар жүйесі.

Меншік иемденуге қарағанда абстрактілі түсінік болып табылады. Иемдену затқа иелік етудің қоғамдық нақты тәсілі.

Меншік пен иемденудің өзіндік ішкі заңдары бар, олар екеу: біріншісі өз еңбегінің өніміне иелік ету (қарапайым товар өндірісіне тән), екіншісі бөтен адамның еңбегінің өніміне иелік ету (капиталистік товар өндірісіне тән).

Тарихи негізгі меншіктің түрлері жалпы және жеке. Бастапқыда жалпы меншік орын алып, ортақ еңбек ету, нәтижесін ортақ иеменуге мүмкіндік берген. Кейінннен жеке меншік пайда болды да, екіге бөлінді: еңбектік және еңбектік емес. Еңбектік жеке меншік иелері қолөнершілер, шаруалар, т.б. өз еңбегімен өмір сүретіндер (фермерлер, жеке еңбекпен қамтылғандар).

Жеке меншіктің екінші түріне бөгде адам еңбегі есебінен баю тән. Мүліктік теңсіздікке әкеліп қоғам поляризациясы туындауы мүмкін.

Үшінші біриемдену түрі болады, ол аралас меншік; онда қатысушылардың ақшалай жарнасы немесе басқадай үлесі негізінде құрылған.

Мемлекеттік меншік дегеніміз, меншік объектісін басқаруды және пайдалану шешімдерін мемлекеттік билік органдары қабылдайтын қатынастар жүйесі.

Коллективтік меншік дегеніміз, өндіріс құралдары мен өндіріс нәтижелеріне иелік ететін коллектив болатын жағдай.

Ұлттандыру – жеке меншіктегі шаруашылық объектілерінің (жер, өнеркәсіп, транспорт т.с.с.) мемлекет иелігіне өту процесі.

Жекешелендіру – мемлекеттік немесе муниципалды меншік объектілерін тегін немесе ақылы жеке меншікке айналдыру. Жекешелендіру мемлекетсіздендіру деп аталатын кең мағыналы процестің бір бөлігі.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *